<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ҚР 19.10.00 Ж. № 85-ІІ ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Күзет қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 2000 ж. 19 қазандағы № 85-ІІ Заңы

(2012.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 8 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер

(1 -6-баптар)

  • Показать изменения

2-тарау. Күзет қызметінің субъектілері және олардың жіктелімі

(7 - 13-1-баптар)

  • Показать изменения

3-тарау. Күзет қызметінің түрлері және күзет қызметін құқықтық ресімдеу

(14 - 17- баптар)

  • Показать изменения

4-тарау. Күзет қызметі субъектілерінің қару және арнаулы құралдар пайдалануы

(18 - 19- баптар)

5-тарау. Қорытынды ережелер

(20 - 23- баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

2008 ж. 4 шілдедегі № 53- ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтіні бойынша «жеке кәсіпкерлер», «жеке кәсіпкерлік», «жеке кәсіпкер», «жеке кәсіпкерге», «жеке кәсіпкердің», «жеке кәсіпкерлердің» деген сөздер тиісінше «дара кәсіпкерлер», «дара кәсіпкерлік», «дара кәсіпкер», «дара кәсіпкерге», «дара кәсіпкердің», «дара кәсіпкерлердің» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)

 

Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағындағы күзет қызметінің құқықтық негіздерiн белгілейдi, күзетті және күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектілердің мәртебесi мен өкілеттігiн айқындайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1-бап. Күзет қызметі ұғымы

  • Показать изменения

1. Заңды тұлғалардың жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкін, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау қызметін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы (күзет қызметін көрсетулері) күзет қызметі деп ұғынылады.

  • Показать изменения

2. Осы Заңның күшi жеке күзет ұйымдарына және егер iшкi iстер органдары туралы Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентi мен Үкіметінiң актілерінде өзгеше көзделмесе, iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiне қолданылады.

3. Осы Заңның күші, егер заңдардан өзгеше туындамаса, азаматтар мен заңды тұлғалардың денсаулық сақтау саласына, санаткерлік меншікке, мемлекеттік құпияларға, коммерциялық құпияларға байланысты өзге де игіліктері мен заңды мүдделерін қорғауға қолданылмайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді)

  • Показать изменения

1-1-бап. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілер

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілер; стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталында акцияларының бақылау пакетін (қатысу үлестерін) мемлекет тікелей немесе жанама түрде иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі экономика салаларының объектілері мемлекеттік күзетілуге жатады.

  • Показать изменения

Мемлекеттiк күзетiлуге жататын объектiлердi күзетудi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi, Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдары жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің тізбелерін Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес бекітеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің бірінші басшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын талаптарға сәйкес олардың инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз етуге міндетті.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Күзет қызметiн көрсету саласында бәсекелестiк ортаны қалыптастыру мақсатында осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген тізбеге енгізілмеген объектілерді күзетуді жеке күзет ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен жасалған шарттардың негiзінде жүзеге асыра алады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңдары

  • Показать изменения

Күзет қызметін жүзеге асырудың құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілері құрайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Күзет қызметiнiң мiндеттерi

Күзет қызметiнiң негiзгi мiндеттерi:

1) жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау;

2) жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Күзет қызметiнiң принциптерi

1. Күзет қызметi заңдылықтың конституциялық принциптерiне, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын құрметтеу мен сақтауға, сондай-ақ жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн ескеруге негiзделедi.

  • Показать изменения

2. Күзет қызметiн жүзеге асыру үшiншi тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиiс.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 22.02.02 ж. № 297-II Заңымен; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді

5-бап. Күзет қызметiн лицензиялау және оны жүзеге асыруды шектеу

  • Показать изменения

1. Күзет қызметi, лицензиялау туралы заңдарда белгiленген тәртiппен, осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып лицензиялануға тиiс. Күзет қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға күзет қызметiн көрсетуге тыйым салынады.

Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi жүзеге асыратын күзет қызметi лицензиялауға жатпайды.

  • Показать изменения

2. Жеке күзет ұйымында, күзетші қызметін атқаратын қызметкерлерді даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру (арнаулы оқыту курсы) Қазақстан Республикасыныә Үкіметі айқындайтын мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізіледі.

  • Показать изменения

Күзет қызметінің субъектілері мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, тәжірибе алмасу, өз мамандарының біліктілігін арттыру, қазіргі заманғы техникалық құралдар мен технологияларды енгізу және пайдалану мақсатында күзет қызметі саласындағы шетелдік компанияларды тартуға құқылы.

3. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердiң күзет ұйымдары қызметiне тыйым салынады.

4. Шетелдiк заңды тұлғалардың, шетел қатысатын заңды тұлғалардың, шетелдiктердiң, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың:

1) күзет қызметiнің барлық түрін жүзеге асыруға;

2) жеке күзет ұйымдарын құруға немесе олардың құрылтайшылары (қатысушылары) болуға;

3) сенiмгерлiк басқарудағы жеке күзет ұйымын ұстауға;

  • Показать изменения

4) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді

  • Показать изменения

6-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыру кезiнде терiс пиғылды iс-әрекеттерден мемлекеттік кепiлдiктер және күзет ұйымдарының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiн сақтандыру

1. Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметтi жүзеге асыруы кезiнде мемлекет азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепiлдiк бередi және оны қамтамасыз етедi.

  • Показать изменения

2. Күзет қызметiн құқық тәртібі мен адамгершiлiк негiздерiне көрiнеу қайшы келетiн мақсаттарға жету үшiн жүзеге асыруға жол берiлмейдi.

  • Показать изменения

3. Күзет қызметiн жүзеге асырушы адамның iс-әрекеттерi арқылы құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған адам ондай адамнан тиiстi түсiндiрмелер мен ақпарат талап етуге құқылы, сондай-ақ мұндай iс-әрекетке сотқа және заңдарда белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттік органдарға шағым жасауға құқылы.

4. Күзет қызметiн жүзеге асыратын және үшiншi тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған адам жәбiрленушiге келтiрiлген материалдық және моральдық зиянды заңдарға сәйкес өтеуге мiндеттi.

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілер қызметкерлерінің, оның iшiнде олардың қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысуы кезiнде өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен байланысты тәуекелдерді сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау. Күзет қызметінің субъектілері және олардың жіктелімі

 

7-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер

Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлерге:

1) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi;

2) жеке күзет ұйымдары;

  • Показать изменения

3) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлердiң мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылы

  • Показать изменения

1. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер мемлекеттік органдарға заңдармен жүктелген мiндеттердi орындауда осы мемлекеттік органдарға жәрдемдесуге мiндеттi.

  • Показать изменения

2. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер құқық қорғау органдары, арнаулы органдар және әскери құрылымдар заңдарда көзделген жедел-iздестiру, тергеу немесе күзет шараларын жүргiзген кезде мемлекеттік органдар қызметкерлерiнiң барлық заңды талаптарын, қаруды уақытша тапсыру туралы талабын қоса, орындауға мiндеттi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 22.02.02 ж. № 297-II; 2004.20.12 № 13-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 9-бап өзгертілді; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9-бап. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң күзет қызметiн жүзеге асыру ерекшелiктерi

  • Показать изменения

1. Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері мемлекеттік мекеме болып табылады және Заңның 1-1-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді ғана күзетуді жүзеге асырады.

  • Показать изменения

2. Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Тізбеге енгізілген жеке тұлғаларға шарттық негізде күзет қызметтерін көрсетеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 22.02.02 ж. № 297-II Заңымен; 2008.04.07 № 53- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді

  • Показать изменения

10-бап. Жеке күзет ұйымының құқықтық мәртебесi

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Өзiнiң кәсiпкерлiк қызметi ретiнде күзет қызметтерiн көрсететiн коммерциялық ұйым жеке күзет ұйымы болып табылады. Жеке күзет ұйымының, хабарлама жасау тәртібінің шарттарын сақтаған жағдайда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Жеке күзет ұйымы заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, жарғының және күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның негiзiнде күзет қызметiн жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Жеке күзет ұйымының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерiнде күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы талап етiлмейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Жеке күзет ұйымының күзетшiсi қызметiне Қазақстан Республикасының 19 жасқа толған және күзетшiнiң арнайы даярлығынан (күзетшiнi оқытудың арнаулы курсынан) өткен азаматтары қабылдана алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Күзет ұйымдарының басшылары мен күзетшiлердi арнайы даярлаудың және біліктiлiгiн арттырудың (күзетшiнi оқытудың арнаулы курсының) мазмұнын, бағдарламасы мен біліктiлiк талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Жеке күзет ұйымының күзетшiсi қызметiне:

  • Показать изменения

1) жүйке ауруы, маскүнемдiгi немесе нашақорлығы себептi денсаулық сақтау органдарында есепте тұратын;

  • Показать изменения

2) қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар;

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгіндегі баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгi шегіндегі мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

  • Показать изменения

4) жеке меншiкке, мемлекеттік билiк институттарына, белгiленген басқару тәртібіне, қоғамдық тәртiпке және адамгершiлiкке қол сұғатын қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн бұрын, күзет ұйымының басшысы немесе күзетшiсі болып жұмысқа қабылданғанға дейiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған;

  • Показать изменения

5) мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған;

  • Показать изменения

6) жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған адамдарды қабылдауға болмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Жеке күзет ұйымының басшысы үшiн оның жеке күзет ұйымының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiне қойылатын талаптарға сәйкес болуы мiндеттi талап болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8. Жеке күзет ұйымы күзетшiнi ол қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде оның жеке басын және жеке күзет ұйымының күзетшiсi екендiгiн куәландыратын белгiленген үлгiдегi құжатпен қамтамасыз етуге мiндеттi. Жеке күзет ұйымы күзетшiсi құжатының нысаны мен үлгiсiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11-бап. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12-бап. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13-бап. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді)

  • Показать изменения

13-1-бап. Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлердiң құқықтары мен мiндеттерi

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1. Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруда, оның iшiнде ойын-сауық мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткізу кезiнде iшкi iстер органдарына жәрдемдесуге;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында, егер аталған мақсаттарға өзгеше әдiстермен қол жеткізу мүмкiн болмаса, дене күшiн және басқа да құралдарды қолдануға құқылы. Бұл ретте осы үшiн қажеттi шараларды шектен асыруға жол берiлмеуге тиiс;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) заңдарда көзделген жағдайларда қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстауға және құқық қорғау органдарына жеткізуге құқылы. Қажет болғанда, ұсталған адамда қару, сондай-ақ өзге де қауiптi және (немесе) айналымына тыйым салынған заттар бар деп ұйғаруға негiздер болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсталған адамның киімiн қарауға және құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттік билiк органына беру үшiн аталған заттарды алып қоюға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5) құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан, жол-көлiк оқиғаларынан, дүлей зiлзаладан және өзге де төтенше жағдайлардан зардап шеккен жеке тұлғаларға медициналық және өзге де көмек көрсетуде жәрдемдесуге;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6) жеке тұлғалардан қоғамдық тәртiптi сақтауды талап етуге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан не жасалған қылмыс фактілері туралы iшкi iстер органдарына дереу хабарлауға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) заңнамада көрсетiлген жағдайларда жеке тұлғалардың талап етуi бойынша өзінің күзет қызметi субъектiсiнің күзетшісі екенін растайтын куәлiгiн көрсетуге;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерiне жәрдемдесуге;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5) қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұсталған жеке тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын оларға қолданудың негiздерiн түсiндiруге мiндеттi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-тарау. Күзет қызметінің түрлері және күзет қызметін құқықтық ресімдеу

 

22.02.02 ж. № 297-II; 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

14-бап. Күзет қызметтерiн көрсету түрлерi

Лицензиялануға тиiстi күзет қызметiн күзет қызметiнiң субъектiлерi мынадай қызметтер көрсету:

1) жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау;

  • Показать изменения

2) заңды және жеке тұлғалардың мүлкiн, оның iшiнде оны тасымалдау кезiнде күзету;

  • Показать изменения

3) күзету тәсiлдерi мен құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан заңды қорғану бойынша кеңестер беру және ұсынымдар дайындау нысанында жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер ерiктi түрде қоғамдық тәртiптi сақтауға тартылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2008.04.07 № 53-ІV ҚР Заңымен (Заң қолданысқа енгізілген күнінен бастап бір жыл өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді

  • Показать изменения

15-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыру тәртібі

  • Показать изменения

1. Күзет қызметтерiн көрсету шарт (күзет қызметiн көрсету жөніндегі шарт) негiзiнде жүзеге асырылады. Күзет қызметтерiн көрсету шартын жасасу, орындау, тоқтату тәртібі, шарт бойынша тараптардың жауапкершiлiгi азаматтық заңдарға сәйкес, осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып анықталады.

  • Показать изменения

2. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшелерiнiң күзет қызметiн жүзеге асыру тәртібінiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

  • Показать изменения

4. Жеке күзет ұйымдарында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер күзет қызметiн өздерiнiң күзет қызметi субъектiсiнің күзетшісі екенін бiлдiретiн арнаулы киім киіп жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Арнаулы киім үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

  • Показать изменения

Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау жөніндегі қызметтер көрсету күзет қызметі субъектісіне тиесілілігін білдіретін арнаулы киімсіз жүзеге асырылуы мүмкін.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 15-1-баптармен толықтырылды

  • Показать изменения

15-1-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет хабарлама жасау тәртібін сақтаған жағдайда жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Хабарлама жасау тәртібі «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету қызметін жүзеге асыратын субъектілер осы Заңның 15-2-бабында белгіленген талаптарға сай келуге тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган осы қызмет түрімен айналысу үшін хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 15-2-баптармен толықтырылды

15-2-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптар

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) заңды тұлға маманының жұмыс саласына сай келетін жоғары немесе орта техникалық білімінің;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) күзет дабылы құралдарын баптауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және монтаждалатын жабдықтың техникалық жай-күйін тескеруді жүзеге асыру үшін жабдығы бар үй-жайлардың (немесе оларды жалға алу шартының) болуын көздейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қойылатын талаптар:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) жұмыс саласына сай келетін жоғары немесе орта техникалық білімінің;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) күзет дабылы құралдарын баптауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және монтаждалатын жабдықтың техникалық жай-күйін тескеруді жүзеге асыру үшін жабдығы бар үй-жайлардың (немесе оларды жалға алу шартының) болуын көздейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Заңды тұлғалардың күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын басшылары, қызметкерлері, жеке тұлғалар психикалық ауруына байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмайтын, заңда белгiленген тәртiппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы жоқ не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің Ерекше бөлiмi бабының тиiстi бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шектi мерзiмi өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16-бап. Күзет қызметiн көрсету туралы шарт

  • Показать изменения

1. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша қызмет көрсетушi клиентке тараптардың келісiмімен айқындалған күзет қызметтерiн осы шартта белгiленген тәртiпте, көлемде және ақыға көрсетуге мiндеттенедi.

  • Показать изменения

2. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша қызмет көрсетушi ретiнде iс-қимыл жасауға (осы Заңнан туындайтын талаптарды ескере отырып) күзет қызметiнiң мынадай субъектiлерi:

1) iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi;

2) жеке күзет ұйымдары;

  • Показать изменения

3) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша клиент ретiнде жеке және заңды тұлғалар iс-қимыл жасауға құқылы.

4. Күзет қызметiн көрсету туралы шартта:

  • Показать изменения

1) қызмет көрсетушiнiң күзет қызметiн көрсету лицензиясының нөмiрi мен оның берiлген күнi көрсетiле отырып, уағдаласушы тараптар туралы мәлiметтер;

  • Показать изменения

2) қызмет көрсетушiнiң мiндеттерi көрсетiле отырып, көрсетiлетiн күзет қызметiнің түрлерi;

3) шарттың объектiсi туралы мәлiметтер;

4) шарттың мерзiмi мен жасалған күнi;

5) тараптардың жауапкершiлiк шаралары болуға тиiс.

5. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарттың жазбаша нысанда жасалуын сақтамау оның жарамсыз болуына әкеп соғады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

17-бап. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 222-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-1-бап  өзгертілді; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 17-1-бап жаңа редакцияда (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)