Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1539 Қаулысы (2022.22.11. берілген өзгерістермен)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1539 Қаулысы

(2022.22.11. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қоғамның жарғысын бекітуді;

2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін беруді қамтамасыз етсін.

3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) осы қаулының 2-тармағында көрсетілген іс-шаралар аяқталғаннан кейін қоғамның 100 % мөлшеріндегі акцияларының пакетін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының сенімгерлік басқаруына заңнамада белгіленген тәртіппен беруді қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісім бойынша), «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг