Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 458 Жарлығы

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті таратылсын.

3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2005 ж., № 39, 555-құжат; 2006 ж., № 35, 373-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2008 ж., № 3, 38-құжат; № 35, 364-құжат; 2009 ж., № 15, 106-құжат; № 55, 446-құжат; 2011 ж., № 29, 352-құжат; № 34, 408-құжат; № 52, 710-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымында:

1-бөлімде:

реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Зерттеулер және стратегия департаменті»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1-1-жолмен толықтырылсын:

«1-1. Статистика департаменті;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-1-жолмен толықтырылсын:

«9-1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын және исламдық қаржыландыруды дамыту департаменті»;

реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Қаржылық департамент»;

реттік нөмірі 15-жол алып тасталсын;

5-бөлімде:

реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:

«3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті».

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг