<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004.29.10 № 1130 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 Қаулысы

(2012.25.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара) тақырыбы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.12.03. № 319 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Қоса берiлiп отырған:

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереже;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.

ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 (бұр. ред. қара); 2006.16.05. № 405 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

2. ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

3. ҚР Үкіметінің 2012.26.06. № 846 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінiң Ақпарат және мұрағат комитетi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 675 қаулысымен (бұр. ред. қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Қоса берiлiп отырған:

  • Показать изменения

1) ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2) ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

3) ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

4) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

5) ҚР Үкіметінің 2011.01.08. № 888 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

6. ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара).

7. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi таратылсын.

  • Показать изменения

8. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiнiң күші жойылды деп танылсын.

ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 9-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

10. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Д. Ахметов

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

 

 ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы

  • Показать изменения

Үкіметінің

  • Показать изменения

2007 жылғы 29 қазандағы

№ 1130 қаулысымен

бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен тақырыбындағы және мәтіндегі «, ақпарат және спорт» деген сөздер «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.01.08. № 888 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.12.03. № 319 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мәдениет, ақпарат, ішкі саяси тұрақтылық, этносаралық келісім, тілдерді дамыту, мұрағат ісі мен құжаттама, мемлекеттік рәміздер, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

  • Показать изменения

Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Мәдениет комитеті, Ақпарат және мұрағат комитеті, Тіл комитеті.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Министрліктің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

8. Министрліктің заңды мекен-жайы:

  • Показать изменения

010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9. Министрліктің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» мемлекеттік мекемесі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  • Показать изменения

Егер Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары

 

ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.08. № 888 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 13-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

13. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • Показать изменения

1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

  • Показать изменения

2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

3) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.29.04. № 468 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.08. № 888 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 14-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.06. № 836 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.25.10. № 1360 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 14-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • Показать изменения

1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат ісі мен құжаттама және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

  • Показать изменения

2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзірлеу;

  • Показать изменения

3) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметті жүзеге асыру және үйлестіру, отандастармен мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдесу;

  • Показать изменения

4) ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

  • Показать изменения

5) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

6) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

  • Показать изменения

7) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және іске асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық және әдістемелік қолдау көрсету;

  • Показать изменения

8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру;

  • Показать изменения

9) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат ұсыну;

  • Показать изменения

10) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізуді жүзеге асыру;

  • Показать изменения

11) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткізуін ұйымдастыру;

  • Показать изменения

12) шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдер, сыйлықтар мен жүлделер тағайындау;

  • Показать изменения

13) Республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізудің үлгілік ережелерін әзірлеу және бекіту;

  • Показать изменения

14) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат ісі мен құжаттама салаларында нормативтік құқық актілерді әзірлеу, бекіту;

  • Показать изменения

15) мәдениет саласындағы ғылыми бағдарламаларды әзірлеу, бекіту;

  • Показать изменения

16) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған бағдарламалар әзірлеу;

  • Показать изменения

17) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлеу және бекіту;

  • Показать изменения

18) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

  • Показать изменения

19) көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру ережесі мен тәртібін әзірлеу және бекіту;

  • Показать изменения

20) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережесін бекіту;

  • Показать изменения

21) ҚР Үкіметінің 2012.25.10. № 1360 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

22) Қазақстан Республикасының мұражай қорын қалыптастыру және ұстау тәртібін бекіту;

  • Показать изменения

23) көркемдік-сарапшы кеңестер туралы ережені бекіту;

  • Показать изменения

24) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптау комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту;

  • Показать изменения

25) Мүгедек немесе егде жастағы адамдар үшін сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу ережесін бекіту;

  • Показать изменения

26) Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесін бекіту;

  • Показать изменения

27) мәдени-демалыс ұйымдары қызметінің тәртібін бекіту;

  • Показать изменения

28) Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін әзірлеу;

  • Показать изменения

29) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының мәтінін орналастыру және пайдалану ережесін әзірлеу;

  • Показать изменения

30) мемлекет меншігі болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру жөнінде шешім қабылдау;

  • Показать изменения

31) объектілерді тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану туралы, сондай-ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытындыларды дайындау жөніндегі уәкілетті органның арнайы комиссиясын құру және оның жұмысын ұйымдастыру;

  • Показать изменения

32) ұлттық мәдени игілік объектілерінің ерекше режимі жөніндегі сараптау комиссиясын құру;

  • Показать изменения

33) тарихи-мәдени сараптама жүргізу ережесін бекіту;

  • Показать изменения

34) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау тәртібін және пайдалану режимін әзірлеу;

  • Показать изменения

35) Қазақстан Республикасының атынан халықаралық және республикалық маңызы бар ескерткіштерге меншік өкілеттіктерін жүзеге асыру;

  • Показать изменения

36) мәдениет саласында ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

  • Показать изменения

37) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу;

  • Показать изменения

38) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне құрметті атақтар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын беру туралы ұсыныстар енгізу;

  • Показать изменения

39) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шығармашылық ұжымдарды Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ұсыныстар енгізу;

  • Показать изменения

40) мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;

  • Показать изменения

41) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру;

  • Показать изменения

42) ақпараттық кеңістікке және мәдениет, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама салаларында көрсетілетін қызметтерге талдау жүргізу;

  • Показать изменения

43) саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

  • Показать изменения

44) ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткізу;

  • Показать изменения

45) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына ңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;

  • Показать изменения

46) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын тағайындауды келісу;

  • Показать изменения

47) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларға беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қаланың кітапханаларына «Орталық» мәртебесін берудің тәртібін бекіту;

  • Показать изменения

48) Фильмді ұлттық деп тану ережесін бекіту;

  • Показать изменения

49) фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту;

  • Показать изменения

50) ҚР Үкіметінің 2012.25.10. № 1360 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

51) фильмнің индексін айқындау өлшемдерін әзірлеу және бекіту;

  • Показать изменения

52) мұрағат ісі жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкілдік етуін қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

53) мұрағат ісін басқару және жүргізу органдарының қызметіне әдістемелік басшылық жасау және оны үйлестіру;

  • Показать изменения

54) мұрағат ісі мен құжаттамалық қамтамасыз етуде жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру;

  • Показать изменения

55) мұрағаттарды, мұрағат қорларын және коллекцияларды ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу туралы, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешім қабылдау;

  • Показать изменения

56) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, оның ішінде электронды құжаттарды толықтырудың, сақтаудың, есепке алудың, пайдаланудың бірыңғай қағидалары мен нормаларын бекіту;

  • Показать изменения

57) Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту;

  • Показать изменения

58) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың тізбесін сақтау мерзімдерін көрсете отырып бекіту;

  • Показать изменения

59) тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазбаларды сақтау тәртібін анықтау;

  • Показать изменения

60) Орталық сараптау-тексеру комиссиясын құру және ол туралы қағиданы бекіту;

  • Показать изменения

61) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу;

  • Показать изменения

62) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру;

  • Показать изменения

63) ҚР Үкіметінің 2012.26.06. № 836 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

64) Журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту;

  • Показать изменения

65) ҚР Үкіметінің 2012.26.06. № 836 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

66) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

65-1) Министрліктің құзыреті шегінде телерадио хабарларын таратушы ұлттық оператордың қызметін үйлестіру;

  • Показать изменения

65-2) Қазақстан Республикасында қабылданатын жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік стандарттарды әзірлеу;

  • Показать изменения

65-3) телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидаларын бекіту;

  • Показать изменения

65-4) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;

  • Показать изменения

65-5) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;

  • Показать изменения

65-6) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;

  • Показать изменения

65-7) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлеу;

  • Показать изменения

65-8) телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже әзірлеу және оның құрамы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;

  • Показать изменения

65-9) бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды, дамытуды және қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.29.04. № 468 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.06. № 836 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.25.10. № 1360 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 15-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

15. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға:

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасының аумағында тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнінде, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру және Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;

  • Показать изменения

2) тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу, телерадио хабарларын тарату жөніндегі қызметті лицензиялау;

  • Показать изменения

3) мерзімді баспасөз басылымдарын және ақпараттық агенттіктерді есепке қоюды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

4) ҚР Үкіметінің 2012.25.10. № 1360 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

5) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзу;

  • Показать изменения

6) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздері туралы деректер жинақтауды (каталогын) жүргізу;

  • Показать изменения

7) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарына орталықтандырылған мемлекеттік есеп жүргізілуін қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

8) заңнамада белгіленген тәртіппен ұлттық мұрағат қоры құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсаттар беру;

  • Показать изменения

9) мәдениет саласында әлеуметтік мәнді іс-шаралар өткізу;

  • Показать изменения

10) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мәдениет ұйымдарының жанрлық бейімділігін және қызмет тегін айқындау;

  • Показать изменения

11) республикалық мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу;

  • Показать изменения

12) тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстырған немесе өзгерткен кезде оларды ғылыми зерделеу және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

  • Показать изменения

13) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар, сыйлықтар мен жүлделер өткізу;

  • Показать изменения

14) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуды, оның халықаралық беделін нығайтуды қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

15) телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату үшін радиожиілік номиналдарын бөлу жөнінде ашық конкурстар ұйымдастыру және өткізу;

  • Показать изменения

16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыру, орналастыру;

  • Показать изменения

17) Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерінің тиісті атқарушы органдармен келісілген тізімдерін бекіту;

  • Показать изменения

18) сараптау-тексеру комиссиясының қорытындысы негізінде тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібін белгілеу;

  • Показать изменения

19) республикалық меншіктегі тарих және мәдениет деректі ескерткіштерін қорғауды, оларды сақтау мен пайдалануды қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

20) автоматтандырылған мұрағаттық технологияларды әзірлеу мен енгізуді ұйымдастыру, ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпарат желісі мен деректер банкін құру;

  • Показать изменения

21) мұрағаттану, құжат жүргізу және қосалқы тарихи пәндер саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметті дамыту, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін пайдалану;

  • Показать изменения

22) мемлекеттік мұрағаттар мен басқа да мұрағат мекемелерінің қызметі үшін оңтайлы жағдайлар жасау;

  • Показать изменения

23) басқа мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғаларының сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағат құжаттарының көшірмелеріне апостиль қоюды жүргізу;

  • Показать изменения

24) Ұлттық мұрағат қорының жеке меншіктегі құжаттарын сақтау мен пайдалану жөніндегі шарттарға қол қою;

  • Показать изменения

25) Үкіметтің шешімдері бойынша ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын тұрақты сақтауға басқа мемлекеттерге беру;

  • Показать изменения

26) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру;

  • Показать изменения

27) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастыру мен қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

28) шет елдердегі Қазақстан Республикасының тарихы жөніндегі мұрағат құжаттарын жинау мен елге қайтаруды жүргізу;

  • Показать изменения

29) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының басылып шығарылуын ұйымдастыру, сондай-ақ оларды мемлекеттің, қоғамның, азаматтардың сұрауларын қанағаттандыру үшін пайдалану;

  • Показать изменения

30) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектілерді ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы өтінімдерін қарау;

  • Показать изменения

31) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

32) ұлттық мәдени игілік объектілері ерекше режимінің сақталуын қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

33) қалалар мен басқа да елді мекендерді жоспарлау, салу және қайта жаңарту жобаларын, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштері бар жерді пайдалану карталарын келісу;

  • Показать изменения

34) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен әдебиетті республикалық деңгейде басып шығаруды, сондай-ақ ұлттық фильмдер жасауды қалыптастырады, орналастырады және бақылайды;

  • Показать изменения

35) Фильмдердің мемлекеттік тізілімін жүргізу;

  • Показать изменения

36) фильмдерге прокаттау куәліктерін беру және оларды сот тәртібімен кері қайтарып алу;

  • Показать изменения

37) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізу;

  • Показать изменения

38) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруға немесе өзгертуге келісім беру;

  • Показать изменения

39) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бақылау;

  • Показать изменения

40) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және күтіп ұсталу тәртібін бақылау;