<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.27.08 № 1251 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 Қаулысы

(2012.06.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2012.06.04. № 423 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 27 тамыздағы

№ 1251 қаулысымен

бекітілген

 

 

  • Показать изменения

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу

ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

  • Показать изменения

1. Осы Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі (бұдан әрі — Ереже) мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті денгейлерінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібін, оны әзірлеу бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл тетігін айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын ескере отырып, жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзірленеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы - мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы - мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.

  • Показать изменения

Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.

  • Показать изменения

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бес жылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспарларын, үш жылдық кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеуге негіз болып табылады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрылымы

 

  • Показать изменения

8. Мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мынадай бөлімдерден тұрады:

  • Показать изменения

1) экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары;

  • Показать изменения

2) экономикалық саясаттың, оның ішінде салық-бюджет саясаттың орта мерзімді кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттері;

  • Показать изменения

3) экономикалық саясаттың, оның ішінде салық-бюджет саясатының бес жылға арналған негізгі бағыттары мен шаралары;

  • Показать изменения

4) бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы (қосымша түрінде);

  • Показать изменения

5) шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттер түсімдері мен шығыстарының болжамын, бюджет тапшылығын қамтитын үш жылдық кезеңге арналған бюджет параметрлерінің болжамы (қосымша түрінде);

  • Показать изменения

6) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары;

  • Показать изменения

7) үш жылдық кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі (қосымша түрінде).

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің тізбесі осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10. Басым бюджеттік инвестициялар тізбесі осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11. Республиканың және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлерін есептеуге қажетті көрсеткіштердің нысаны мен тізбесі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарға байланысты айқындалады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12. Шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұсыну нысаны мен тәртібі және олар бойынша қорытындылар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13. Мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мынадай негізгі бөлімдерден тұрады:

  • Показать изменения

1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, үрдістері, басымдықтары, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері;

  • Показать изменения

2) үш жылға арналған бюджет параметрлері, ол:

тиісті жергілікті бюджеттердің негізгі параметрлерін (қосымша түрінде);

  • Показать изменения

өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;

  • Показать изменения

үш жылдық кезеңге арналған басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін (қосымша түрінде) қамтуы тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

14. Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған бюджет параметрлерінің болжамы индикативті сипатта болады және әлеуметтік-экономикалық даму болжамының өзгерістерін, бюджет мониторингі мен нәтижелерді бағалауды, басқа да ішкі және сыртқы факторларды ескере отырып, бюджет параметрлерінің кезекті жоспарлы кезеңге арналған болжамын әзірлеу кезінде нақтылануы мүмкін.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібі

 

  • Показать изменения

15. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу екі кезеңде жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Бірінші кезеңде бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясатты қоса алғанда, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын, әлеуметтік-экономикалық саясаттың басымдықтарын әзірлеу және басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін қалыптастыру жүзеге асырылады:

  • Показать изменения

1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 наурызынан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға көрсеткіштер болжамын және республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бөлімдеріне, бөлім құрылымына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесіне сәйкес ұсыныстар, сондай-ақ, шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтары бойынша ұсыныстар береді;

2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардан алынған ақпарат негізінде жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 5 наурызынан кешіктірмей алдағы бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын әзірлейді және оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жолдайды;

3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамы негізінде жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 12 наурызынан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттерге кірістердің, бюджеттік кредиттерді өтеудің, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің, Ұлттық қорға түсетін түсімдердің сценарийлік болжамын жолдайды;

  • Показать изменения

4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардан алынған ақпарат негізінде республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын және бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарын әзірлейді және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 25 наурызынан кешіктірмей Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі - РБК) қарауына енгізеді;

  • Показать изменения

5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган РБК мақұлдағаннан кейін екі күн мерзімде орталық және жергілікті атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттік органдарға республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын және бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарын жолдайды;

6) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесінің жобасына қосу үшін басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың нысаналы даму трансферттері бойынша ұсыныстар береді;

7) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық саясат басымдықтары негізінде және орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардан алынған ақпаратты қарау нәтижесі бойынша:

мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша қорытынды қалыптастырады және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарға жолдайды;

  • Показать изменения

мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысы бар (кейінге қалдыру шартымен бюджеттік инвестицияларды қоспағанда), үш жылдық кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесінің жобасын қалыптастырады және жоспарлы кезеңнің алдындағы жылдың 15 мамырынан кешіктірмей кейіннен РБК-да қарау үшін оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.

  • Показать изменения

Екінші кезеңде республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылау және болжамы жобасының бөлімдерін қалыптастыру, оның ішінде басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін нақтылау жүзеге асырылады:

  • Показать изменения

1) жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың маусым айында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылауды жүргізеді;

  • Показать изменения

2) орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымына, көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесіне сәйкес жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 маусымынан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтыланған көрсеткіштер болжамы мен болжамының бөлімдеріне ақпаратты ұсынады;

  • Показать изменения

3) РБК қорытындысын ескере отырып, басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін қоса алғанда, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізіледі;

  • Показать изменения

4) басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін қоса алғанда, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайды.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібі

 

  • Показать изменения

16. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу екі кезеңде жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Бірінші кезеңде бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарын қоса алғанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің, басымдықтарының болжамын әзірлеу және басым бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастыру жүзеге асырылады:

  • Показать изменения

1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарының және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдарының қатысуымен РБК мақұлдаған республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамы, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымы, көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесі, бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басымдықтары негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын және басымдықтарын әзірлейді және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;

  • Показать изменения

2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтары негізінде және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарынан және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдарынан алынған ақпаратты қарау нәтижесі бойынша үш жылдық кезеңге арналған басым жергілікті бюджеттік инвестициялар тізбесінің жобасын қалыптастырады және оны жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 маусымынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

  • Показать изменения

Екінші кезеңде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылау және болжамы жобасының бөлімдерін қалыптастыру, оның ішінде басым жергілікті бюджеттік инвестициялар тізбесін нақтылау жүзеге асырылады:

  • Показать изменения

1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың қыркүйегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдарының қатысуымен екінші кезеңде мақұлданған республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылауды жүргізеді;

  • Показать изменения

2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымына, көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесіне сәйкес жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бөлімдері мен көрсеткіштеріне ұсыныстар береді;

  • Показать изменения

3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарынан және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдарынан алынған ақпараттың негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін қоса алғанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын пысықтайды және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 25 қыркүйегінен кешіктірмей оны жергілікті атқарушы органның қарауына енгізеді;

  • Показать изменения

4) басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін қоса алғанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі мақұлдайды;

  • Показать изменения

5) басым жергілікті бюджеттік инвестициялар тізбесін қоса алғанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мақұлданған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көшірмесі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органының стратегиялық жоспарларының жобасын немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар жобасын келісу кезінде жұмыста пайдалану үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылады;

  • Показать изменения

6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын келісу нәтижелері бойынша орталық атқарушы органдармен жергілікті бюджеттің болжамдарын пысықтауды жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

17. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу екі кезеңде жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Бірінші кезеңде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын, басымдықтарын әзірлеу және басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастыру жүзеге асырылады:

  • Показать изменения

1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 25 сәуіріне дейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы мақұлдаған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымы, көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесі негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын әзірлейді және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді;

  • Показать изменения

2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтары негізінде және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарынан алынған ақпаратты қарау нәтижесі бойынша үш жылдық кезеңге арналған басым жергілікті бюджеттік инвестициялар тізбесінің жобасын қалыптастырады және оны жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

  • Показать изменения

Екінші кезеңде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы көрсеткіштерінің болжамын нақтылау және бөлімдерін қалыптастыру, оның ішінде басым бюджеттік инвестициялар тізбесін нақтылау жүзеге асырылады:

  • Показать изменения

1) жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың қазанында ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы екінші кезеңде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мақұлданған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылауды жүргізеді;

  • Показать изменения

2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басым жергілікті бюджеттік инвестицияларының тізбесін қоса алғанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын пысықтайды және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 25 қазанынан кешіктірмей оны жергілікті атқарушы органның қарауына енгізеді;

  • Показать изменения

3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басым жергілікті бюджеттік инвестицияларының тізбесін қоса алғанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі мақұлдайды.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуді әдіснамалық және ақпараттық қамтамасыз ету

 

  • Показать изменения

18. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың жұмысына әдіснамалық басшылықты және үйлестіруді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

19. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдары мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарының жұмысына әдіснамалық басшылықты және үйлестіруді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

20. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу бойынша әдіснамалық ұсынымдарды әзірлейді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Әлеуметтік-экономикалық

даму болжамын

  • Показать изменения

әзірлеу ережесіне

  • Показать изменения

1-қосымша

 

 

  • Показать изменения

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің

тізбесі

 

1. Бес жылдық кезеңге арналған

 

  • Показать изменения

Р/с №

Көрсеткіштердің атауы

1-ші жоспарланатын жылдың алдындағы жылды бағалау

болжам

Болжанатын кезеңнің 1-ші жылы

Болжанатын кезеңнің 2-ші жылы

Болжанатын кезеңнің 3-ші жылы

Болжанатын кезеңнің 4-ші жылы

Болжанатын кезеңнің 5-ші жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

1

ЖІӨ, млрд. теңге

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

2

ЖІӨ-нің нақты өзгеруі, өткен жылға қарағанда %

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

3

ЖІӨ, ресми бағам бойынша млрд. АҚШ долл.

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

4

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ ресми бағам бойынша, АҚШ долл.

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

 

Экономика салаларының ЖҚҚ

  • Показать изменения

5

Ауыл, орман және балық шаруашылығы, өткен жылға қарағанда %

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

6

Өнеркәсіп, өткен жылға қарағанда %

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

7

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің карьерлерін әзірлеу, өткен жылға қарағанда %

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

8

Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі, млн. тонна

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

9

Өңдеу өнеркәсібі, өткен жылға қарағанда %

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

10

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау, өткен жылға қарағанда %

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

11

Мұнайдың әлемдік бағасы (Brent қоспасы), жылына орташа есеппен бір баррелі АҚШ долл.

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

12

Құрылыс, өткен жылға қарағанда %

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

13

Көлік және қоймаға жинақтау, өткен жылға қарағанда %

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

14

Ақпарат және байланыс, өткен жылға қарағанда %

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

15

Сауда, өткен жылға қарағанда %

 

 

 

 

 

 

 

Ақша-кредит саясатының көрсеткіштері

  • Показать изменения

16

Экономикаға ЕДБ кредиттері, млрд. теңге, кезеңнің соңына

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

17

Резиденттердің депозиттері, млрд. теңге, кезеңнің соңына

 

 

 

 

 

 

18

Ақша массасы, млрд. теңге, кезең соңына

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

19

Инфляция кезең соңына, %

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

20

Экономиканы монетизациялау деңгейі, %

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

21

Ұлттық Банктің қайта қаржыландыруының ресми ставкасы, % (кезең соңына)

 

 

 

 

 

 

 

Төлем теңгерімінің көрсеткіштері

  • Показать изменения

22

Тауарлар экспорты, млн. АҚШ долл.

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

23

Тауарлар импорты, млн. АҚШ долл.

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

24

Сауда теңгерімі, млн. АҚШ долл.

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

25

Ағымдағы шот, млн. АҚШ долл.

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

26

Ағымдағы шоттың сальдосы, ЖІӨ-ге шаққандағы %

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік саланың көрсеткіштері

  • Показать изменения

27

Экономикалық белсенді халық саны, мың адам

 

 

 

 

 

 

28

Жұмыспен қамтылғандар саны, мың адам

 

 

 

 

 

 

29

оның ішінде жалдамалы қызметкерлер, мың адам

 

 

 

 

 

 

30

Жұмыссыздар саны, мың адам

 

 

 

 

 

 

31

Жұмыссыздық деңгейі, экономикалық белсенді халыққа шаққанда, %

 

 

 

 

 

 

32

Кадрларға қажеттілігі, барлығы мың адам

 

 

 

 

 

 

33

оның ішінде ҮИИДМБ шеңберіндегі қажеттілік, мың адам

 

 

 

 

 

 

34

Ең төменгі жалақы мөлшері, теңге

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

35

Орташа айлық номиналды жалақы, теңге

 

 

 

 

 

 

36

Нақты жалақы индексі, өткен жылға қарағанда %

 

 

 

 

 

 

37

Айлық есептік көрсеткіш, теңге

 

 

 

 

 

 

38

Зейнеткерлердің саны, мың адам.

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

39

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері, теңге

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

40

Ең төменгі зейнетақы мөлшері, теңге

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

41

Ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

42

Табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен халықтың үлесі, %

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

43

Орта техникалық білімі бар кадрлар даярлап шығару, адам

 

 

 

 

 

 

44

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлап шығару, адам