<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.28.12 № 1311 ҚАУЛЫСЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 Қаулысы

(2012.24.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2012.24.07. № 967 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2012.24.07. № 967 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Қоса беріліп отырған өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

ҚР Үкіметінің 2009.26.11. № 1941 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Осы қаулы 2008 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізелетін өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарының 8-тармағын қоспағанда, ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Ереже. ҚР Үкіметінің 2012.24.07. № 967 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2012.24.07. № 967 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 1311 қаулысымен

  • Показать изменения

бекітілген

 

 

Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын

біліктілік талаптары

 

  • Показать изменения

1. Электр энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары тұтынушыға дейін электр энергиясын беру мен таратуды жүзеге асыратын жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлерге) және заңды тұлғаларға қолданылады және:

  • Показать изменения

1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде тұтынушыға дейін электр энергиясын беру мен таратуды жүзеге асыратын тиісінше электр желілері мен шағын станциялардың (теңгерімдегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық, энергетикалық сипаттамалары бойынша ақпарат, электр энергиясын бақылау мен есептеудің автоматтандырылған жүйелерімен және электр энергиясын есепке алу аспаптарымен жарақтандыру бойынша ақпарат ұсынылады);

2) мыналарды:

  • Показать изменения

жабдықты пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;

  • Показать изменения

кернеу, тоқ жиілігі, релелік қорғаныш және аварияға қарсы автоматика - параметрлері мен режимдері бойынша жұмыс істеп тұрған электр энергиясын беру және тарату жүйесімен технологиялық үйлесімділікті;

жедел диспетчерлік басқаруды;

  • Показать изменения

еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің;

  • Показать изменения

3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - электр энергетикасы саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - ең кемінде арнаулы орта білім) жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар (басшылар үшін - кемінде 3 жыл, мамандар үшін - кемінде 1 жыл, өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде штат кестесін және тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша, мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кестені ұсынады) білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының 70% кем емес);

4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес іске асырылатын:

  • Показать изменения

энергияны сақтау, қоршаған ортаны қорғау, техника қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;

  • Показать изменения

осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, электр энергетикасында жұмыс істейтін өндірістік объектілерді реконструкциялау, жаңғырту жөніндегі бағдарламалардың;

  • Показать изменения

жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының) болуын қамтиды.

  • Показать изменения

2. Жылу энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары елді мекендерді, өндірістік үй-жайлар мен объектілерді жылумен жабдықтау үшін жылу энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлерге) және заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдарға, өкілдіктерге) қолданылады және:

  • Показать изменения

1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде жылу энергиясын беру және тарату процесін қамтамасыз ететін мүліктің (теңгерімдегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық, энергетикалық сипаттамалары бойынша ақпарат, жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жарақтандыру бойынша ақпарат, жылу желілерінің (жылумен жабдықтаудың) схемалары ұсынылады);

2) мыналарды:

  • Показать изменения

жабдықты пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;

  • Показать изменения

еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің;

  • Показать изменения

3) тиісті білім деңгейі (басшылар үшін - жоғары техникалық білім, мамандар үшін - орта білім) және лицензияланатын кіші қызмет түрі бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар (басшылар үшін - кемінде 3 жыл, мамандар үшін - кемінде 1 жыл) білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (штат кестесі және қызметкерлердің тегін, атын, әкесінің атын, білімі туралы мәліметтерді, лауазымын, жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте ұсынылады);

  • Показать изменения

4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес іске асырылатын:

  • Показать изменения

осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалануға, жылу энергиясын беруге байланысты электр энергетикасында жұмыс істейтін өндірістік объектілерді реконструкциялау, жаңғырту жөніндегі бағдарламалардың;

  • Показать изменения

жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының) болуын қамтиды.

  • Показать изменения

3. Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары қызметтің тиісті кіші түрлерін орындауға маманданатын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдарға, өкілдіктерге) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлерге) қолданылады және:

  • Показать изменения

1) заңды тұлғалар үшін мөрмен және өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен куәландырылған және еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың нормативтік талаптарына сәйкес келетін қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламентінің;

  • Показать изменения

2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде (меншік құқығындағы немесе өзге де басқару нысанындағы құжаттардың көшірмелерімен расталады) өндірістік базаның (ғимарат, үй-жайлар) болуын қамтиды.

  • Показать изменения

Өндірістік база өтініш берілген лицензияланатын кіші қызмет түрлеріне сәйкес жабдықталуы және мыналардың:

  • Показать изменения

қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндіруді жобалау; қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау; мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін - жобалау үшін лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудің электронды - есептеу машиналарының, арнайы ұйымдастыру техникасының (принтерлер, көбейту-көшіру техникасы, плоттерлер және өзге де жабдықты);

  • Показать изменения

қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндіру; ашық және жер асты тәсілдерімен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзірлеу; кеніштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстарын жүргізу үшін - инженерлік құрылыстардың, машиналардың, механизмдердің, құралдардың, арнайы көліктердің, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының, тау-кен өндірістері кезінде қолданылатын химиялық реагенттерді (оларды пайдаланған кезде) сақтауға арналған қоймалардың, үй-жайлардың, сыйымдылықтардың;

мұнай-газ кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу үшін - жабдықтардың, тау-кен өндірістері кезінде қолданылатын химиялық реагенттерді (оларды пайдаланған кезде) сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың, сыйымдылықтардың;

  • Показать изменения

пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін - лицензияның не өндіріс орнына қауіпті жүктерді (жарылғыш заттарды) тасымалдау үшін лицензиясы бар жеке ұйыммен жасалған шарттың; уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатының не жарылыс заттарды, материалдарды сақтауға арналған қажетті қоймалары бар жеке ұйыммен шарттың; ашық тау-кен жұмыстарында ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының;

  • Показать изменения

мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстарын жүргізу үшін - каротаж станциялардың (ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы (каротаждық) кабельдің, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығырдың);

  • Показать изменения

мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргізу үшін - перфорациялық жабдықтар мен жүйелерінің;

  • Показать изменения

мұнай, газ ұңғымаларын, оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында бұрғылау үшін - бұрғылау қондырғыларының, қашаудың, шегенделген құбырлардың, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың;

ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергішін орнату үшін - қашаудың, шегенделген құбырлардың, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегатының, ұңғымаларды күрделі жөндеу үшін қолданылатын қондырғының;

ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін - жуу-цементтеу агрегатының, бақылау-өлшеу аспаптарының, өлшеу сепараторларының;

  • Показать изменения

мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту үшін - техника құралдары кешенінің, қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін арнайы техника мен технологияның;

  • Показать изменения

құрлықта және теңізде мұнай төгілуінің, ұңғымалардың өздігінен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау жұмыстарын жүргізу үшін - теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), жүзуші резервуарлардың, бонолық тосқауылдардың; құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтейтін агрегаттардың;

  • Показать изменения

мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану үшін - жабдықтар мен механизмдердің, технологиялық желілердің, шикізатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикізатты, дайын өнімдерді, жарылыс өрт қауіпті, улы күшті әсер ететін заттарды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде (салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің, сондай-ақ меншік құқығындағы немесе өзге де басқару нысандарындағы құжаттардың көшірмелерімен расталады) өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың (немесе қызмет көрсетуге арналған шарттың) болуын қамтуы тиіс;

3) мыналарды:

  • Показать изменения

машиналарды, механизмдерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;

еңбек қауіпсіздігін бақылауды;

метрологиялық бақылауды;

  • Показать изменения

маркшейдерлік жұмыстарды (осы тармақтың 16-абзацындағы қызметтің кіші түрін қоспағанда);

технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды осы тармақтың (осы тармақтың 16-абзацындағы қызметтің кіші түріне ғана қолданылады);

қызметкерлердің біліктілігін арттыру кезеңділігін қамтамасыз ететін жауапты тұлғалар мен қызметтердің болуын қамтиды.

  • Показать изменения

Өтінім беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде осы қызметтерді құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады;

  • Показать изменения

4) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және және тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша практикалық тәжірибесі бар (басшылар үшін - кемінде 3 жыл, мамандар үшін - кемінде 1 жыл) техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамының (басшылар үшін - жоғары техникалық, мамандар үшін - кемінде орта арнаулы білім) болуын қамтиды;

Өтінім беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде штат кестесі және әрбір қызметкер: тегі, аты, әкесінің аты, білімі бойынша мамандығы, лауазымы, осы саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі бойынша ақпаратты қамтитын жиынтық кестені ұсынады.

  • Показать изменения

4. Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, таукен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см 2 -ден жоғары және жылу жеткізу температурасы 115 0 С-ден жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см 2 -ден жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары көрсетілген жабдықты жобалауды, дайындауды, іске қосу реттеу, монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдарға, өкілдіктерге) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлерге) қолданылады және:

  • Показать изменения

1) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өндірістік ғимараттың немесе үй-жайының (зауыт, цех, шеберхана) (меншік құқығындағы немесе өзге басқару нысанындағы құжаттардың көшірмелерімен расталады);

  • Показать изменения

2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өндірістік жабдықтың (станоктар, механизмдер, аспаптар, бақылау-өлшеу аспаптары) (меншік құқығын немесе өзге де басқару нысандарын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері);

  • Показать изменения

3) мыналарды:

  • Показать изменения

жабдықты пайдалану мен оған техникалық қызмет көрсетуді;

  • Показать изменения

өнім сапасын ішкі өндірістік бақылауды;

  • Показать изменения

еңбек қауіпсіздігін бақылауды;

метрологиялық бақылауды;

  • Показать изменения

қызметкерлердің біліктілігін арттыру кезеңділігін қамтамасыз ететін жауапты тұлғалар мен қызметтердің болуын қамтиды.

  • Показать изменения

Өтінім беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде осы қызметтерді құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады;

  • Показать изменения

4) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және тиісті салада мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың және мамандардың біліктілік құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте);

  • Показать изменения

5) мамандардың біліктілігін арттыру бойынша сертификаттардың, пікірлердің, ұсынымдардың (болған жағдайда) және мамандардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралардың болуын қамтиды.

  • Показать изменения

Шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметінде тиісті жабдықты дайындау, монтаждау, жөндеу болмаған кезде 4-тармақтың 2), 3), 5) тармақшалары бойынша мәліметтер мен құжаттарды тапсыру талап етілмейді.

  • Показать изменения

5. Магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнімдері құбыржолдарын пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлерге) және заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдарға, өкілдіктерге) қолданылады және:

  • Показать изменения

1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде магистральдық газ құбыржолдарының, мұнай құбыржолдарының, мұнай өнімдері құбыржолдарының диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, сондай-ақ магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнімдері құбыржолдарын пайдалануды қамтамасыз ететін құралдардың, жабдықтардың (өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);

2) мыналарды:

жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;

  • Показать изменения

магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнімдері құбыржолдарын пайдаланудың технологиялық процесін сақтауды;

  • Показать изменения

еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасын;

қоршаған ортаны қорғауды;

  • Показать изменения

метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететін қызметтердің болуын қамтиды.

  • Показать изменения

Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады;

  • Показать изменения

3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - мұнай-газ саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - арнаулы орта білім) жауап беретін білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының 70 % кем емес) болуын қамтиды.

  • Показать изменения

Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде штат кестесін және әрбір қызметкер: тегі, атын, әкесінің аты, білімі бойынша мамандығы, лауазымы, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілі бойынша ақпаратты қамтитын жиынтық кестені ұсынады;

4) белгіленген тәртіппен бекітілген:

  • Показать изменения

қоршаған ортаны қорғау, техника қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;

  • Показать изменения

осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып жұмыс істейтін өндірістік объектілерді реконструкциялау, жаңғырту жөніндегі бағдарламалардың;

  • Показать изменения

жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);

  • Показать изменения

аварияларды жою жоспарының болуын қамтиды.

  • Показать изменения

6. Минералдық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары (кең таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеуді қоспағанда) құрамында пайдалы қазбалар бар минералдық шикізаттан, тау-кен байыту, металлургиялық және басқа да өндірістік қалдықтардан пайдалы қазбаны айырумен байланысты жұмыстарды жүзеге асыратын жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) және заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) қолданылады және:

1) техникалық жобалардың және технологиялық регламенттердің;

  • Показать изменения

2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өндірістік базаның (меншік немесе басқарудың өзге нысандарының құқығын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері):

  • Показать изменения

мамандандырылған өндірістік ғимараттардың (байыту фабрикасы, зауыт, цех), жабдықтар мен механизмдердің, технологиялық желілердің, қалдық қоймаларының, шламтұндырғыштардың, шикізатты, дайын өнімді, жарылыс-өрт қауіпі бар, күшті әсер ететін улы заттарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың;

  • Показать изменения

ұсақтау-сұрыптау кешенінің, диірмендердің, былғағыштардың;

  • Показать изменения

орталыққа келтіретін, гравитациялық, магниттік, электрмагниттік жабдықтардың, сепараторлардың, сүзгілердің, экстракторлардың, кептіру агрегаттарының;

  • Показать изменения

өнеркәсіптік пештердің (кептіру, қыздыру, күйдіру, балқыту);

3) мыналарды:

  • Показать изменения

машиналарды, механизмдерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;

еңбек қауіпсіздігін бақылауды;

метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететін қызметтердің;

  • Показать изменения

4) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте) болуын қамтиды.

  • Показать изменения

7. Электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) және заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) қолданылады және мыналарды:

  • Показать изменения

1) тиісті білім деңгейіне жауап беретін білікті басшылар мен мамандар құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте);

  • Показать изменения

2) тұтынушылармен (абоненттік қызметтер, учаскелер) жұмысты, жедел диспетчерлік қызметті қамтамасыз ететін қызметтердің (персоналдың) немесе диспетчерлік қызмет көрсету жөніндегі қандай да бір заңды диспетчерлік орталықпен шарттың (ниет хаттамасының);

  • Показать изменения

3) банк анықтамасымен расталған кемінде 10000 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айналым қаражатының;

  • Показать изменения

4) өтініш беруші мен энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың арасында, авария болған жағдайда резервтен орнын толтыру шартымен электр энергиясын жеткізуге және таратуға және (немесе) таратуға арналған шарттардың немесе ниеттер хаттамаларының болуымен бірге тұтынушыларға, оның ішінде өңірден тысқары жерлерге электр энергиясын жеткізудің техникалық мүмкіндігінің;

  • Показать изменения

5) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тұтынушылармен жұмыс істеуге және абоненттік қызметтерді орналастыруға арналған (құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері) ғимараттың немесе үй-жайдың болуын қамтиды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 1311 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

 

1. «Өнеркәсіп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 18, 189-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 наурыздағы № 334 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 2 наурыз № 344 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы.

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1373 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 468-құжат).

5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қазандағы № 1015 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 40, 419-құжат).

6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 525 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 22, 277-құжат).

7. «Өнеркәсіп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерінің құрамына кіретін жұмыстар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы № 820 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 32, 437-құжат).

8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы № 820 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 1243 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 48, 616-құжат).