Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 21 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2006 жылғы маусымның 25-сі.
№ 124
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 25 мамырдағы
№ 124 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да
әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру
ЕРЕЖЕЛЕРІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасы азаматтарының шақыру бойынша және ерікті тәртіппен келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеру тәртібін айқындайды.
2. Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
уәкілетті орган - әскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік орган;
уәкілетті лауазымды адам - Осы Ережелерде белгіленген тәртіппен келісім-шарт жасасу құқығы берілген лауазымды адам.
1. Әскери қызмет өткеру