<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000.28.07 № 1154 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Техника қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 1154 қаулысы

(2009.25.05. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жою және өнеркәсiптегi еңбек қауiпсiздiгiнiң мәселелерi жөніндегі бiрыңғай ғылыми-зерттеу жүйесiн құру әрi тиiмдi үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мыналар:

1) «Қазақ мемлекеттік тау-кен өнеркәсiбiнде жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» мемлекеттік мекемесi қайта құру жолымен «Қазақ мемлекеттік тау-кен өнеркәсiбiнде жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып;

2) «Шымкент химиялық технология және өнеркәсiптiк экология ғылыми-зерттеу институтының жанындағы республикалық химиялық, мұнай-химиялық, мұнай өңдеу, микробиологиялық, химия-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбіндегі техникалық қауiпсiздiк ғылыми-зерттеу орталығы» мемлекеттік мекемесi қайта құру жолымен «Республикалық химиялық, мұнай-химиялық, мұнай өңдеу, микробиологиялық, химия-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбіндегі қауiпсiздiк проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып;

  • Показать изменения

3) ҚР Үкіметінің 2009.25.05. № 772 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) «Минералдық шикiзатты кешендi өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» республикалық мемлекеттік кәсiпорыны оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн бөлу жолымен, бөлiнген мүлiктi оларға берiп, «Түстi металлургия кәсiпорындарына арналған техника қауiпсiздiгi жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» және «Қара металлургия кәсiпорындарына арналған техника қауiпсiздiгi жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындары (бұдан әрi - Кәсiпорындар) болып;

5) «Каспий мұнай-газ» Каспий мемлекеттік ғылыми-зерттеу және мұнай-газ өнеркәсiбiнiң жобалау институты» оның мүлкiн бөлу және «Мұнай-газ өнеркәсiбіндегі, мұнай және газ геологиясындағы техникалық қауiпсiздiк жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

3. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi нысанасы:

- ғылым саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызмет жүргiзу;

- ведомстволық бағыныстылығына және олардың меншiк нысанына қарамастан ұйымдармен бiрлесiп, техника қауiпсiздiгi жөніндегі ережелердi және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамаларды, сондай-ақ техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындау қаупi жоғары жұмыстарды жүргiзу мәселелерi бойынша қорытындылар әзiрлеуге қатысу.

4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi Кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.

5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;

2) Кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

  • Показать изменения

көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:

«Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлi жолдармен толықтырылсын:

     « 109 9        Түстi металлургия кәсiпорындарының
                    техникалық қауiпсiздiгi жөніндегі
                    ғылыми-зерттеу орталығы                Өскемен қаласы
     109. 10        Қара металлургия кәсiпорындарының
                    техникалық қауiпсiздiгi жөніндегі
                    ғылыми-зерттеу орталығы                Қарағанды қаласы
     109. 11        Мұнай-газ өнеркәсiбіндегі
                    мұнай және газ геологиясы
                    жөніндегі техникалық
                    қауiпсiздiк бойынша
                    ғылыми-зерттеу орталығы                  Атырау қаласы»

7. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерi күшiн жойды деп танылсын.

8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2000 жылғы 28 шілдедегі

№ 1154 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір

шешімдерінің тізбесі

 

1. «Мұнай өнеркәсібі қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау институтының (ҚазмұнайҒЗЖИ) Атырау филиалы жанынан техника қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылдың 14 сәуіріндегі № 298 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 12, 154-құжат).

2. «Қазақстан Республикасының металлургия өнеркәсібіне арналған техника қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылдың 9 қарашадағы № 1238 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 45, 488-құжат).

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу және күшін жойған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылдың 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 22-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 35, 327-құжат).