<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚРҢ ҮКІМЕТІНІҢ 2006.17.08 № 778 ҚАУЛЫСЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 Қаулысы

(2013.21.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 8 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚРҮкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

ҚРҮкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілсін.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының

Үкіметінің

2006 жылғы 17 тамыздағы

№ 778 Қаулысымен

бекітілген

 

 

ҚР Үкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен тақырыбындағы және мәтін бойынша «кесімдерді», «кесімдерге», «кесімдердің», «кесімдері», «кесімдер», «кесімнің», «кесімді», «кесімдерін», «кесім», «кесімдерді», «кесімге», «кесімдеріне», «кесімде» деген сөздер тиісінше «актілерді», «актілерге», «актілердің», «актілері», «актілер», «актінің», «актіні», «актілерін», «акті», «актілерді», «актіге», «актілеріне», «актіде» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

  • Показать изменения

қағидалары

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Осы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар):

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін (бұдан әрі - нормативтік құқықтық актілер) мемлекеттік тіркеу мерзімдерін, мемлекеттік тіркеуге ұсыну тәртібін;

  • Показать изменения

2) мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарды;

  • Показать изменения

3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді;

  • Показать изменения

4) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден бас тарту тәртібін;

  • Показать изменения

5) тіркелген нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізуді;

  • Показать изменения

6) тіркелген нормативтік құқықтық актілердің қолданысын тоқтата тұрудың, тоқтатудың тәртібін айқындайды.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

 

ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 938 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.11.04. № 333 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

2. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 38-бабына сәйкес қолданыс мерзіміне (тұрақты немесе уақытша) қарамастан, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі - орталық органдар) нормативтік құқықтық актілері, мәслихаттардың, сондай-ақ, әкімдіктер мен әкімдердің (бұдан әрі - жергілікті органдар) нормативтік құқықтық актілері әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 938 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.11.04. № 333 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

3. Нормативтік құқықтық актінің Қағидалардың 2-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкестігін Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдарының мемлекеттік тіркеу қажеттілігі туралы мәселені шешу үшін сол немесе өзге актіні ұсыну туралы сауалдарын орталық және жергілікті органдар мұндай сауал келіп түскен сәттен бастап екі аптаның ішінде орындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5. Орталық органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерін - аумақтық әділет органдары құжаттардың ұсынылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

5-1. Жергілікті органдардың жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау, әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді аумақтық әділет органдары құжаттар ұсынылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу мыналарды қамтиды:

  • Показать изменения

1) заң сараптамасын:

  • Показать изменения

құқық нормасының болуы және мемлекеттік тіркеудің қажеттілігі мәніне;

  • Показать изменения

актінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуіне;

  • Показать изменения

2) орталық органның нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындысын - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің немесе оның орынбасарының, жергілікті органының - аумақтық әділет органының басшысының бекітуі;

  • Показать изменения

3) нормативтік құқықтық актіні Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне оған мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып енгізу;

  • Показать изменения

4) негізгі нормативтік құқықтық актінің бірінші парағының жоғарғы оң бұрышында нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы мөртабан қою, сондай-ақ нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының бірінші парағының жоғарғы оң бұрышында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің немесе оның аумақтық органының елтаңбалық мөрін қою. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының және мөртабанның үлгілік нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрі бекітеді;

  • Показать изменения

5) тіркелген нормативтік құқықтық актілерді жіберу:

  • Показать изменения

бір данасы (түпнұсқалары) нормативтік құқықтық актіні ұсынған органға жіберіледі;

  • Показать изменения

екінші және үшінші даналары Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберіледі (осы тәртіп мемлекеттік құпияны қамтитын нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды);

  • Показать изменения

нормативтік құқықтық актінің төртінші данасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында қалады.

  • Показать изменения

Нормативтік құқықтық актінің әрбір жіберілетін данасына нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытынды қоса беріледі (егер нормативтік құқықтық акті азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты болса, қорытындыда оны ресми жариялау қажеттілігі көрсетіледі).

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7. Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге ұсыну тәртібi

 

ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 938 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен  (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, осы орган басқармасының отырысында осы актілер қабылданған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күннің ішінде ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде, елтаңбалық мөрмен расталған баспа және электрондық түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтіндерін) қоса алғанда, төрт данада ұсынылады.

  • Показать изменения

Егер нормативтік құқықтық актіні екі және одан да көп мемлекеттік орган бірлескен акті түрінде қабылдаған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органдар саны бойынша нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтіндерін) қосымша ұсынады.

  • Показать изменения

Нормативтік құқықтық акті мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген (бекітілген) жағдайда, нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеуге мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен (бекіткен) күнінен бастап екі апта ішінде ұсынылады.

  • Показать изменения

Орталық немесе жергілікті органның бірінші басшысы болмаған жағдайда, оның міндетін атқаратын адам бекіткен нормативтік құқықтық актіні ұсынған осы орган оған тиісті міндеттер жүктелгені туралы құжаттың көшірмесін де ұсынуға тиіс.

  • Показать изменения

Тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге қайта ұсынған жағдайда, ол тиісті орталық немесе жергілікті органның қайта бекітуіне жатады және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына осы тармақта белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылады.

  • Показать изменения

Бұл ретте, нормативтік құқықтық актіге ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың қайталама қорытындысының көшірмесі және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіге қайталама сараптамалық қорытындының көшірмесі қоса беріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 ; 2007.12.10. № 938 (бұр.ред.қара); 2010.13.12. № 1347 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 9-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9. Нормативтік құқықтық актіге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде анықтама-негіздеме қоса беріледі және мыналарды:

  • Показать изменения

1) нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік органның атауын;

  • Показать изменения

2) нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтемемен нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесін (органның құзыреті);

  • Показать изменения

3) нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесін (нақты мақсаттар, дәлелдер және акті неге байланысты қабылданды);

  • Показать изменения

4) осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені немесе күші жойылды деп танылғаны туралы ұсыныстарды әзірлеу туралы мәліметтерді;

  • Показать изменения

5) осы Қағидалардың 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді;

  • Показать изменения

6) осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсімдердің қысқаруын көздейтіндігі;

  • Показать изменения

7) нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтерді;

  • Показать изменения

8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату) туралы мәліметтерді;

  • Показать изменения

9) сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) қамтуға тиіс.

  • Показать изменения

Қоса берілетін анықтама-негіздемеге осы актіні шығарған орган заң қызметінің басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам не осы актіні шығарған органның заң қызметі басшысын алмастыратын адам қол қояды.

  • Показать изменения

Бірлескен нормативтік құқықтық актіні ұсынған жағдайда қоса берілетін анықтама-негіздемеге оны мемлекеттік тіркеуге ұсынған орган заң қызметінің басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам не осы актіні шығарған органның заң қызметі басшысын алмастыратын адам қол қояды.

  • Показать изменения

Мемлекеттік органда заң қызметі болмаған жағдайда, анықтама-негіздемеге осы нормативтік құқықтық актіні әзірлеген тиісті құрылымдық бөлімше басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам қол қояды.

  • Показать изменения

Жергілікті органда заң қызметі болмаған жағдайда, анықтама-негіздемеге осы актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органда заңгер функцияларын орындайтын адам не жергілікті органның бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам қол қояды.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптар

 

ҚР Үкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.11.04. № 333 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

10. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік құқықтық акті мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  • Показать изменения

1) нормативтік құқықтық актіні қабылдау рәсімінің сақталуына:

  • Показать изменения

алқа (сайланбалы) органы үшін - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі;

  • Показать изменения

орталық және жергілікті орган үшін - бірінші басшының не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адамның қолының болуы;

  • Показать изменения

2) қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі:

Қазақстан Республикасының Конституциясына;

  • Показать изменения

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдарға;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар жарлықтарына;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының кодекстеріне, заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарына;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Парламентінің нормативтік қаулыларына;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарына;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларына;

  • Показать изменения

орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актіде;

  • Показать изменения

3) егер келісу қажет болса, нормативтік құқықтық актінің келісімінің болуы;

  • Показать изменения

4) нормативтік құқықтық актінің деректемелерінің болуы:

  • Показать изменения

5) негізгі нормативтік құқықтық актіде оның қолданысқа енгізілу мерзімін қамтитын нормалардың болуы;

  • Показать изменения

6) нормативтік құқықтық актінің құрылымына қойылатын талаптардың сақталуы;

  • Показать изменения

7) нормативтік құқықтық акті мәнінің мазмұндалу стиліне қойылатын талаптардың сақталуы;

  • Показать изменения

8) егер нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оларға сілтеме жасалған жағдайларда қосымшалардың болуы;

  • Показать изменения

9) нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі, соның ішінде қосымшалардағы мәтіндерінің де сәйкес келуі;

  • Показать изменения

10) нормативтік құқықтық актінің барлық парақтарына осы актіні қабылдаған (келіскен) органның заң қызметі басшысының, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адамның не заң қызметі басшысын алмастыратын адамның әрбір парағына қол қоюы жүргізіледі.

  • Показать изменения

Мемлекеттік органда заң қызметі болмаған жағдайда әрбір параққа қол қоюды осы нормативтік құқықтық актіні әзірлеген тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам жүргізеді.

  • Показать изменения

Жергілікті органда заң қызметі болмаған жағдайда әрбір параққа қол қоюды осы органда заңгер функцияларын орындайтын адам не мемлекеттік органның бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам жүргізеді;

  • Показать изменения

11) «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес нормативтік құқықтық актіге сараптамалық қорытынды көшірмесінің болуы;

  • Показать изменения

12) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіге сараптамалық қорытынды көшірмесінің болуы;

  • Показать изменения

13) жүргізілуі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті сараптамалық қорытындылар көшірмесінің болуы.

  • Показать изменения

Нормативтік құқықтық актіні қабылдаған орган сараптамалық қорытындымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда ілеспе хатта сараптамалық қорытындымен және/немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысымен келіспеу себептеріне дәлелді негіздеме келтіреді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11. ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің сәйкес келуін нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған орталық және жергілікті орган қамтамасыз етеді.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу

 

  • Показать изменения

13. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2013.21.10. № 1124 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

14. Тізілімде мемлекеттік тіркеу күні, берілген мемлекеттік тіркеу нөмірі, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органның атауы, нормативтік құқықтық актінің күні, нөмірі және атауы, нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау, нормативтік құқықтық актіге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, нормативтік құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұру, тоқтату туралы мәліметтер көрсетіледі.

  • Показать изменения

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрі белгілейді.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден бас тарту тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 938 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.14.09. № 1370 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

15. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден, егер мұндай акті:

  • Показать изменения

1) азаматтардың заңнамада белгіленген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаса;

  • Показать изменения

2) жоғары деңгейде тұрған нормативтік құқықтық актілерге қайшы келсе;

  • Показать изменения

3) оны шығарған органның құзыреті шегінен шықса;

  • Показать изменения

4) егер келісу қажет болған мүдделі органдармен келісілмесе;

  • Показать изменения

5) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түрінде қосымшалары болмаса;

  • Показать изменения

6) осы Қағидаларда, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу және келісу қағидаларында белгіленген тәртіп бұзыла отырып қабылданса, бас тартылады.

  • Показать изменения

Бас тарту туралы бас тартудың негіздері көрсетіле отырып, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органға жазбаша хабарланады.

  • Показать изменения

Мемлекеттік тіркеуден бас тартқан жағдайда нормативтік құқықтық актінің бір данасы (көшірмесі) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органында қалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 938 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

16. Нормативтік құқықтық акті мынадай талаптар сақталмаған жағдайда бір жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға қараусыз кері қайтарылады:

  • Показать изменения

1) нормативтік құқықтық актіде Заңның 17-бабында көрсетілген деректемелердің біреуінің болмауы;

  • Показать изменения

2) нормативтік құқықтық актіні елтаңбалық мөрмен расталған баспа және электрондық түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтіндерін) қоса алғанда төрт данада ұсынбау;

  • Показать изменения

3) нормативтік құқықтық актіге мемлекеттік және орыс тілдеріндегі анықтама-негіздеменің қоса берілмеуі;

  • Показать изменения

4) қоса берілген анықтама-негіздеменің осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

  • Показать изменения

5) нормативтік құқықтық актінің барлық парақтарына қол қою жүргізілмеуі;

  • Показать изменения

6) осы Қағидалардың 10-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актіге сараптамалық қорытынды көшірмесінің болмауы;

7) бірінші басшы болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адамға тиісті міндеттер жүктелгені туралы құжат көшірмесінің болмауы.

  • Показать изменения

Бұл жағдайда орталық немесе жергілікті орган анықталған бұзушылықтарды жояды және осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзім сақталған кезде оны қайта бекітпей мемлекеттік тіркеуге қайта ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.11.04. № 333 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 17-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

17. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартуды алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде орталық немесе жергілікті органның басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы тиісті акт шығарады және оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына жібереді.

  • Показать изменения

Бұл тәртіп алқалы түрде шешім қабылдайтын орталық органдарға және кезекті (кезектен тыс) отырыста немесе сессияда бекіткен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы актіні ұсынатын мәслихатқа қолданылмайды.

  • Показать изменения

Егер нормативтік құқықтық акт бірлескен актімен қабылданса және оны тіркеуден бас тартылса, нормативтік құқықтық актіні бірлесе отырып қабылдаған мемлекеттік органдардың басшылары не олар болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқарушы адамдар нормативтік құқықтық актіні жою туралы бірлескен акті шығарады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен 17-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

17-1. Пысықтау мақсатында, әзірлеуші мемлекеттік орган өзінің бастамасы бойынша осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден қайтаруы мүмкін.

  • Показать изменения

Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден қайтару әзірлеуші мемлекеттік орган хатының негізінде жүргізіледі.

  • Показать изменения

Мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актіні қайтаратын әзірлеуші-мемлекеттік органның хаты әділет органдарына келіп түскеннен кейін, осы нормативтік құқықтық акт хаттың келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға тиісті хатпен қайтарылады.

  • Показать изменения

Хатты алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде орталық немесе жергілікті органның басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам мемлекеттік тіркеуден қайтарылған нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы тиісті акт шығарады және оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына жібереді.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізу

 

ҚР Үкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

18. Мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде және оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің күшіне енуі үшін қажетті шарт болып табылады.

  • Показать изменения

Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің құқықтық күші болмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде және оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркелуге тиісті нормативтік құқықтық актілер «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес қолданысқа енгізіледі.