Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Мемлекеттік билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелерi туралы
(2014.29.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік билiк органдары жүйесiнде бiрыңғай әрi тиiмдi кадр саясатын жүргiзу, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік мiндеттердi жүзеге асыру үшін жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемін:
ҚР Президентінің 2009.27.07. № 852 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Мемлекеттік саяси қызметшiлер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын немесе оның келiсуiмен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың лауазымдар тiзбесi;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерi мен өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ереже бекітілсін.
ҚР Президентінің 2005.08.07. № 1610 Жарлығымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. ҚР Президентінің 2007.13.11. № 436 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Мыналардың:
1) «Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекітілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 4 мамырдағы № 132 Жарлығының;
2) «Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметкe келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 87 өкімінiң күшi жойылған деп танылсын.
ҚР Президентінің 2009.27.07. № 852 Жарлығымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. ҚР Президентінің 2011.17.06. № 101 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2002 жылғы наурыздың 29-ы.
№ 828