<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 30.12.98 Ж. № 339-I ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы
Қазақстан Республикасының 1998 ж. 30 желтоқсандағы № 339-I Заңы

(2014.23.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі № 236-V Заңын қараңыз (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер

(1 - 7 баптар)

  • Показать изменения

2-тарау. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастры және оларды сертификаттау

 

(8 - 9 баптар)

  • Показать изменения

3-тарау. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, өндіруді, жөндеуді, сатуды, иемденіп алуды, коллекциялауды, экспонаттауды лицензиялау

 

(10 - 11 баптар)

  • Показать изменения

4-тарау. Қаруды иелену және пайдалану құқығы

(12 - 20 баптар)

5-тарау. Жекелеген қару түрлерінің айналымы

(21 - 27 баптар)

6-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ішкі істер органдарының қару айналымы саласындағы өкілеттігі

(28 - 29 баптар)

7-тарау. Қорытынды ережелер

(30 - 33 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң ның аумағында азаматтық, қызметтік, жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қарудың айналымы кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді және азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоршаған орта объектілерін, ресурстарды күзетуге, қылмысқа және қарудың заңсыз таратылуына қарсы күресте халықаралық ықпалдастықты дамытуға бағытталған.

Осы Заңның ережелері оқ-дәрінің (патрондардың) айналымына да қолданылады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) атыс қаруы - оқ дәрі немесе өзге де заряд қуатының әсері нәтижесінде ұңғы оқпанынан оқты, снарядты, гранатаны ұшырып шығаратын қару;

  • Показать изменения

2) белгі беру қаруы - дыбыс, жарық және түтін белгілерін беру үшін пайдаланылатын қару;

  • Показать изменения

3) газды қару - қолданылуы көз жасын ағызатын немесе тітіркендіргіш заттарды пайдалануға негізделетін қару;

  • Показать изменения

4) криминалистік талаптар - азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына, оларды сәйкестендіру және заңсыз қолдан жасау мүмкіндігін болғызбау мақсатында қойылатын арнайы техникалық талаптар;

  • Показать изменения

5) қару - конструкциялық жағынан алғанда тірі немесе өзге де нысананы зақымдауға, сондай-ақ белгі беруге арналған құрылғылар мен заттар;

  • Показать изменения

6) қару айналымы - қаруды өндіру, құрастыру, қайта жасау, өткізу (сауда жасау), беру, сыйға тарту, марапаттап беру, мұраға қалдыру, иемденіп алу, коллекциялау, экспонаттау, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасу, пайдалану, алып қою, жою, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және оны Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;

  • Показать изменения

7) қару жасап шығарушы - қаруды әзірлеуге, өндіруге, өткізуге, жөндеуге, сатып алуға лицензиясы бар ұйым;

  • Показать изменения

8) қаруды пайдаланушы - қару иесінен қаруды уақытша пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлға;

  • Показать изменения

9) қаруды иемденіп алу - сатып алу, қаруды сыйлық, марапат ретінде алу;

  • Показать изменения

10) қару иесі - лицензияның немесе қару иемденіп алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсаттың негізінде қаруды иеленген жеке немесе заңды тұлға;

  • Показать изменения

11) қару өндірісі - қаруды зерттеу, әзірлеу, жасап шығару, сынақтан өткізу, құрастыру, көркемдеп әрлеу, жөндеу, қайта жасау және жою, патрондар және олардың құрамдас бөліктерін жасап шығару;

  • Показать изменения

12) лақтырылатын қару - нысананы тікелей зақымдайтын, құралы адамның бұлшық еті күшінің немесе механикалық құрылғының көмегімен бағытталып, қозғалысқа түсетін қару;

  • Показать изменения

13) оқ-дәрі (патрондар) - конструкциялық жағынан қарудың тиісті түрінен ату үшін және нысананы зақымдауға арналған құрылғылар немесе заттар (бұдан әрі - патрондар);

14) пневматикалық қару - нысананы зақымдайтын құралы сығылған, сұйытылған немесе қатайтылған газдың қуаты есебінен бағытты қозғалыс алатын қару;

  • Показать изменения

15) суық қару - нысананы тікелей зақымдайтын құралы адамның бұлшық еті күшінің көмегімен қозғалысқа келтірілетін қару;

  • Показать изменения

16) электрлі қару - қолданылуы электр разрядының күшіне негізделіп арнайы бейімделген тетік.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары

Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзгеше нормалар белгіленсе, онда халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Қару түрлері

  • Показать изменения

Өзінің бағытталған мақсаты мен негізгі өлшемдері, сипаттамалары бойынша қару:

1) жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қару;

2) азаматтық қару;

3) қызметтік қару болып бөлінеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4-бап. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қару

  • Показать изменения

Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруға жауынгерлік және жедел-қызмет міндеттерін шешуге арналған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары мен олардың бөлімшелерінің (бұдан әрі - Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары) қарулануына қабылданған, сондай-ақ басқа мемлекеттерге беру үшін жасап шығарылатын қару жатады.

  • Показать изменения

Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарының, сондай-ақ суық қарудың айналымы тәртібін заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Азаматтық қару

  • Показать изменения

Азаматтық қаруға Қазақстан Республикасының азаматтары өзін-өзі қорғау, спортпен шұғылдану және аң аулау мақсатында пайдаланатын қару жатады. Азаматтық атыс қаруы оқты түйдектете атуды болғызбауға тиіс.

Азаматтық қару былайша бөлінеді:

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1) өзін-өзі қорғау қаруы:

  • Показать изменения

тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы;

  • Показать изменения

газды қару - газды пистолеттер, револьверлер және олардың патрондары, механикалық тозаңдатқыштар, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозольды және басқа да құрылғылар;

  • Показать изменения

электрлі қару - зақымдағыш қасиеті электр энергиясын пайдалануға негізделген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген қару және өзге де заттар;

2) спорттық қару:

ойық ұңғылы атыс қаруы;

тегіс ұңғылы атыс қаруы;

сұқпа суық қару;

лақтырылатын қару;

үрлемелі қуаты 3 Дж-дан жоғары пневматикалық қару;

3) аңшылық қару:

ойық ұңғылы атыс қаруы;

тегіс ұңғылы, оның ішінде ойық бөлігінің ұзындығы 140 миллиметрден аспайтын атыс қаруы;

аралас (ойық және тегіс ұңғылы), оның ішінде алмалы-салмалы және жиналмалы ойық ұңғылы атыс қаруы;

үрлемелі қуаты 25 Дж-дан аспайтын пневматикалық қару;

сұқпа суық қару;

  • Показать изменения

4) белгі беретін қару.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 22.02.02 ж. № 297-11 Заңымен; 2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді; 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

6-бап. Қызметтік қару

  • Показать изменения

Қызметтік қаруға жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қаруды сатып алуға (алуға) құқығы бар мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғау, қоршаған орта объектілерін және табиғи ресурстарды, бағалы және қауіпті жүктерді, арнаулы хат-хабарды күзету бойынша өздеріне заңнамамен жүктелген және өз жарғыларында (ережелерінде) көзделген міндеттерді жүзеге асыру кезінде ұйымдардың пайдалануына арналған қару жатады.

  • Показать изменения

Қызметтік қаруды пайдалануға және қолдануға байланысты функциялар жүктелген ұйымдар ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар (бұдан әрі - ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар) болып табылады.

  • Показать изменения

Қызметтік қаруға жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруы, газды қару, қысқа ұңғылы тегіс және ойық ұңғылы атыс қаруы, сондай-ақ ұзын ұңғылы тегіс және ойық ұңғылы қару жатады.

  • Показать изменения

Қызметтік қару түйдектете оқ атуды болғызбауға тиіс.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді

7-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына белгіленетін тыйым салулар

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары ретінде:

  • Показать изменения

1) оқжатарының (барабанының) сыйымдылығы 10 патроннан асатын, ұңғысының ұзындығы немесе ұңғы қорапшасымен қоса ұңғысының ұзындығы 500 миллиметрге жетпейтін және қарудың жалпы ұзындығы 800 миллиметрге жетпейтін, сондай-ақ оның ұзындығын 800 миллиметрге жетпейтіндей етіп жасауға мүмкіндік беретін конструкциясы бар және бұл ретте, ату мүмкіндігі жойылмайтын ұзын ұңғылы атыс қаруының;

  • Показать изменения

2) оқты түйдектете атуға мүмкіндік беретін азаматтық атыс қаруының;

  • Показать изменения

3) түрі басқа заттарға ұқсайтын атыс қаруының;

  • Показать изменения

4) ұңғы ұзындығының 40 пайызынан аспайтын ойық бөлігі бар «парадокс жүйесіндегі» қаруды қоспағанда, ойық ұңғылы атыс қаруының патрондарына жасап шығарылған тегіс ұңғылы атыс қаруының;

  • Показать изменения

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес спорттық снарядтарды қоспағанда, қол шоқпарлардың, кастеттердің, сурикендердің, бумерангтердің және қару ретінде пайдалануға арнайы бейімделген ұрып-уататын, лақтыратын, шаншып-кесетін басқа да заттардың;

  • Показать изменения

6) ұшы мен жүзінің ұзындығы 90 миллиметрден астам болғанда, батырманы немесе тұтқаны басқан кезде сабынан ұшы мен жүзі не өздігінен шығарылатын және солармен бекітілетін не ауырлық күші немесе шапшаң қозғалыс есебінен жылжитын және өздігінен бекітілетін суық сұқпа қару мен пышақтардың;

  • Показать изменения

7) ауырлық орталығы ауыстырылған бронь бұзғыш, өртегіш, жарғыш немесе жарқырағыш оқтары бар патрондардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес газды тапаншалар мен револьверлерге арналған бытыралы снарядтары бар патрондардың;

  • Показать изменения

8) зақымдағыш күші радиоактивті сәулені және биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қарудың және өзге де заттардың;

  • Показать изменения

9) жүйкені сал ететін, уландыратын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға тыйым салған басқа да заттармен жарақталған газды қарудың, сондай-ақ бір метрден астам қашықтықтан адам өміріне қауіпсіз зақым келтіре алатын, алайда денсаулықтың жиырма бір күннен астам мерзімге ұзақ уақыт бұзылуына не еңбек ету қабілетін 10 және одан астам пайызға елеулі түрде тұрақты жоғалтуға әкеп соғатын газды қарудың;

  • Показать изменения

10) криминалистiк талаптарға сәйкес келмейтін техникалық сипаттамалары бар қару мен оның патрондарының;

  • Показать изменения

11) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтін қару мен оның патрондарының;

12) зақымдағыш әсері электромагнитті, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулелерді пайдалануға негізделген қарудың және өзге де заттардың;

  • Показать изменения

13) шығыс параметрлері мемлекеттік стандарттарда белгіленген шамадан асатын өзін-өзі қорғаудың ұңғысыз атыс қаруының, электрошок құрылғыларының және ұшқынды разрядтауыштардың;

14) металл детекторлармен табуға мүмкіндік бермейтін материалдардан жасап шығарылған қарудың айналымына тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Мыналарға:

  • Показать изменения

1) ойық ұңғылы спорттық атыс қаруын не үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан жоғары және калибрі 4,5 миллиметрден астам спорттық пневматикалық қаруды, сондай-ақ спорттық сұқпа суық қаруды спорт объектілерінен басқа жерде сақтауға немесе пайдалануға; жануарлар дүниесі объектілерін жинап, дәрі егуге байланысты ғылыми-зерттеу және алдын алу жұмыстарын жүргізуге арналған садақтар мен арбалеттерді сақтауды және пайдалануды қоспағанда, садақ кермесінің тартылу күші 14 килограмнан астам лақтырылатын қаруды сақтау және пайдалану рұқсатынсыз спорт объектілерінен басқа жерде сақтауға немесе пайдалануға;

2) калибрлі 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды азаматтардың иемденіп алуына;

3) қызметтік және азаматтық қаруға дыбыссыз атуға және түнде көздеуге арналған тетіктер орнатуға;

2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

4) қаруды (олардың негізгі (құрамдас) бөліктерін) және олардың патрондарын почта жөнелтілімдерімен, оның ішінде халықаралық почта жөнелтілімдері арқылы жөнелтуге;

  • Показать изменения

5) азаматтардың - митингілерге, көше шерулеріне, демонстрацияларға, пикеттерге және басқа да көпшілік-бұқаралық іс-шараларға қатысушылардың қару алып жүруіне;

  • Показать изменения

6) қаруды қоғамдық орындарда ашық (қабына салынбаған күйде) алып жүруге;

  • Показать изменения

7) қаруды ұлттық киімге жабдық ретінде рұқсатсыз тағынуға тыйым салынады.

 

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-1-тараумен толықтырылды

  • Показать изменения

1-1-тарау. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласында техникалық реттеу аясында қауіпсіздіктің жалпы талаптары

 

  • Показать изменения

7-1-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық реттеу объектілерi

Техникалық реттеу объектілеріне: азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, сондай-ақ оны өндіру, жинау, қайта жасау, жөндеу, өткізу (сату), сатып алу, коллекция жинау, экспонаттау, сақтау, алып жүру, тасымалдау, пайдалану, жою жатады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7-2-бап. Азаматтық және қызметтік қаруға қойылатын қауіпсіздік талаптары

1. Азаматтық және қызметтік қару тікелей оқтау, ату, қайта оқтау, сондай-ақ техникалық күтім жасау кезінде қарудың осы түрі (типі) үшін белгіленген арнайы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

2. Жарақат салатын, сәулелі дыбыспен және газбен әсер ететін тиісті патрондары бар тегіс ұзын ұңғылы, ұңғысыз қару, газ пистолеттері мен револьверлер денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

3. Механикалық, аэрозолды тозаңдатқыштар және көзден жас ағызатын, тітіркендіргіш заттармен, сондай-ақ басқа да заттармен жарақталған басқа да құрылғылар денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-3-бап. Патрондарға қойылатын қауіпсіздік талаптары

Азаматтық және қызметтік қарудың патрондары өзінің өлшемі, пішіні, конструкциясы, салмағы, таңбаланған белгісі, жұмыс істеу қауіпсіздігі, сондай-ақ оқ-дәрі газдарының және кинетикалық энергияның қысым көрсеткіштері бойынша техникалық реттеу саласындағы арнайы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7-4-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы қауіпсіздік талаптары

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндіру, жинау және қайта жасау кезінде жобалық құжаттамада белгіленген қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін сақтау және қауіпсіздіктің сақталуына қатысты барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету талап етіледі.

Егер азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жасау, жинау, қайта жасау процесінде немесе одан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақтар жүргізу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптарының орындалуы арқылы толық көлемде жүргізілуге тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарын бұза отырып өткізуге (сатуға), сатып алуға, жөндеуге, коллекция жинауға, экспонаттауға, сақтауға, алып жүруге, тасымалдауға, пайдалануға, жоюға тыйым салынады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастры және оларды сертификаттау

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

8-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастры

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастры (бұдан әрі - Кадастр) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға рұқсат етілген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары туралы жүйеге түсірілген мәліметтер бар ресми жинақ болып табылады.

  • Показать изменения

Кадастр азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының үлгілер тізбесі негізінде басып шығарылады, олар туралы мәліметтер Кадастрға енгізіліп және одан алып тасталып отырады. Қарудың айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган кадастр әзірлейді, оны бекітеді және шығарады.Кадастрға сұқпа суық қару мен лақтырылатын қару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және шет елге әкетілетін бірен-саран дана азаматтық қару туралы мәліметтер енгізілмейді.

Кадастрға өзгерістер азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары үлгілерінің тізбесі бекітілгеннен кейін үш айдан аспайтын мерзім өткенде енгізіледі.

  • Показать изменения

Кадастрды әзірлеу, басып шығару және жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

9-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының сәйкестігін растау

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасынан әкетілетін азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары үлгілерінің сәйкестігі міндетті расталуға жатады.

  • Показать изменения

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Сәйкестікті растау саласындағы құжат Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы үшін негіз болып табылады.

  • Показать изменения

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынауға қойылатын техникалық талаптар мен әдістер азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттермен белгіленеді.

Сертификаттау туралы ҚР 1999 ж. 16 шілдедегі № 434-1 Заңы қараңыз

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-тарау. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, өндіруді, жөндеуді, сатуды, иемденіп алуды,

коллекциялауды, экспонаттауды лицензиялау

 

  • Показать изменения

10-бап. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, өндіруді, жөндеуді, сатуды, иемденіп алуды, коллекциялауды, экспонаттауды лицензиялау

  • Показать изменения

1. Қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, иемденіп алу, коллекциялау, экспонаттау лицензиялануға тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға, иемденіп алуға, коллекциялауға, экспонаттауға лицензияны - ішкі істер органдары, ал жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға, иемденіп алуға және экспонаттауға лицензияны Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілетті органы береді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Қару мен оның патрондарын жасауға, өндіруге, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, экспонаттауға берілген лицензиялар мерзімі шектелмей берілетін бас лицензиялар болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

Лицензиялар бірыңғай технологиялық кешенді ескере отырып, бірнеше қызмет түрлеріне де, сол сияқты жекелеген қызмет түрлеріне де беріледі.

  • Показать изменения

Қару мен оның патрондарын иемденіп алуға лицензия біржолғы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. Лицензия лицензиялау туралы заңдарда тізбесі белгіленген құжаттар негізінде беріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5. Лицензия беруден бас тарту негіздері:

1) өтініш берушінің қажетті мәліметтерді бермеуі не оның теріс мәліметтер беруі;

2) қару өндірудің қауіпсіздігі жағдайларын, қаруды есепке алу мен оның сақталуын қамтамасыз етудің мүмкін еместігі не осы жағдайлардың қамтамасыз етілмеуі;

  • Показать изменения

3) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген басқа да негіздер.

  • Показать изменения

Лицензия беруден бас тартқан жағдайда аталған органдар бұл туралы өтініш берушіге бас тартудың себептерін түсіндіре отырып, жазбаша хабарлауға міндетті. Лицензия беруден бас тартылғанда не өтініштің қаралу мерзімі бұзылғанда өтініш беруші сотқа шағымдана алады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

11-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата түру және одан айыру

  • Показать изменения

Осы Заңда және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген талаптарды орындамау лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

  • Показать изменения

Лицензиядан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-тарау. Қаруды иелену және пайдалану құқығы

12-бап. Қаруды иемденіп алуға құқығы бар субъектілер

Қазақстан Республикасының аумағында қаруды иемденіп алуға:

2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының;

2) лауазымды адамдарына атыс қаруын сақтауға және алып жүруге құқық берілген мемлекеттік органдардың;

3) ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың;

4) қару өндірумен немесе оны сатумен айналысатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - қару берушілер-заңды тұлғалар);

5) қаруды коллекциялаумен немесе экспонаттаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың;

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) аңшылық шаруашылығы ұйымдарының;

7) спорттық ұйымдардың;

 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8) білім беру ұйымдарының;

9) Қазақстан Республикасы азаматтарының;

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

10) шетелдіктердің;

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  11) тармақшамен толықтырылды

11) қаруды, оның ішінде жарақат салатын және газбен әсер ететін патрондары бар қаруды қолдану саласында ғылыми медициналық зерттеулер жүргізуге уәкілеттік берілген заңды тұлғалардың құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

13-бап. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қаруды сатып алу құқығы

  • Показать изменения

Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жауынгерлік қол атыс қаруы мен өзге де қаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен сатып алуға құқығы бар. Ұзақ сақтауда тұрған қаруды қоспағанда, қарулануға қабылданған ойық ұңғылы қарудан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру үшін бақылау мақсатында оқ атылады..

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 22.02.02 ж. № 297-11 Заңымен 14-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді

  • Показать изменения

14-бап. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың қару иемденіп алуға құқығы

2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

1. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың ішкі істер органдарынан тиісті лицензия алғаннан кейін қару беруші заңды тұлғалардан азаматтық немесе қызметтік қару иемденіп алуға құқығы бар. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар қызметкерлерінің пайдалануына арналған қарудың түрлерін, үлгілерін, модельдерін және санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.