<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ 2008.17.11 № 79-ІV ҚР ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы

(2014.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды

 

1-тарау. Жалпы ережелер

2-тарау. Кеңес құрамы және кеңес мүшелерінің өкілеттіктері

3-тарау. Кеңес отырыстары

4-тарау. Кеңес жанындағы біліктілік комиссиясының біліктілік емтиханын  қабылдау тәртібі мен шарттары

(1-2 баптар)

(3-6 баптар)

(7-9 баптар)

(10-13 баптар)

5-тарау. Жергілікті және басқа Соттың Судьясы қызметіне тағайындау туралы ұсынымдар шығару

(14-16 баптар)

6-тарау. Жоғарғы Соттың Сот Алқаларының  Төрағалары мен судьялары, жергілікті және басқа Соттар Төрағалары мен сот алқаларының төрағалары қызметіне тағайындау туралы ұсынымдар шығару

(17-18 баптар)

  • Показать изменения

7-тарау. Төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату туралы материалдарды қарау тәртібі

8-Тарау. Қорытынды Ережелер

(19-21 баптар)

(22-24 баптар) 

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесін және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі

1. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) - соттарды қалыптастыру, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктері жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында заңды тұлға құрмастан құрылатын мекеме.

2. Кеңес қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесін айқындайтын Конституциялық заң, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері болып табылады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.29.12. № 376-IV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-бап. Кеңестің өкілеттіктері

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.16.02. № 560-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Кеңес:

  • Показать изменения

1) судьялардың тәуелсіздігі мен қолсұғылмаушылығы кепілдіктерін қамтамасыз етеді;

  • Показать изменения

2) конкурстық негізде жергілікті және басқа сот судьясының бос лауазымына кандидатты іріктеуді жүзеге асырады;

  • Показать изменения

конкурстың қорытындылары бойынша жергілікті және басқа сот судьясының бос лауазымына тағайындау үшін кандидатты Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;

  • Показать изменения

3) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жергілікті және басқа соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды;

  • Показать изменения

жергілікті және басқа соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;

  • Показать изменения

4) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатураны қарайды;

  • Показать изменения

Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;

  • Показать изменения

5) Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатураны қарайды;

  • Показать изменения

Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;

6) Жоғарғы Сот Төрағасының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының, жергілікті және басқа соттар төрағаларының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін орнынан түсу, орнынан түсуді тоқтату нысанында қарайды;

  • Показать изменения

сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;

сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, өкілеттіктер мерзімі аяқталған жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;

  • Показать изменения

Жоғарғы Сот судьяларының саны азайтылған жағдайларда, егер Жоғарғы Соттың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;

өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайларда, егер Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісімін бермесе, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;

  • Показать изменения

тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін, кәсіби жарамсыздығына орай немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін Сот жюриінің шешіміне негізделген Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша, сондай-ақ судьялар өкілеттіктерін өз еркімен тоқтатқан, судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және оны басқа жұмысқа ауыстырған, зейнеткерлік немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толған жағдайларда Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын атқаратын лауазымдарынан босату мәселесін қарайды;

  • Показать изменения

медициналық қорытындыға сәйкес кәсіби міндеттерін одан әрі орындауға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы бойынша, іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне, соттың айыптау үкімінің күшіне енуіне, Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына, судьяның қайтыс болуына немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне байланысты судьяның өкілеттіктері тоқтатылған жағдайларда Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын атқаратын лауазымдарынан босату мәселесін қарайды;

Қазақстан Республикасының Президентіне жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын лауазымдарынан босатуды ұсынады;

  • Показать изменения

Парламент Сенатына Жоғарғы Сот Төрағасы мен судьяларын лауазымдарынан босату туралы ұсыныс енгізу үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынымдар енгізеді;

  • Показать изменения

судьяның зейнеткерлік жасқа толуына байланысты оның судья лауазымында болуы мерзімін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұзартуына келісім беру туралы мәселені қарайды;

  • Показать изменения

7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның басшысы лауазымына кандидатты тағайындауға және оны лауазымынан босатуға келісім беру туралы мәселені заңнамада белгіленген тәртіппен қарайды;

  • Показать изменения

8) судья болып жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтардан біліктілік емтихандарын қабылдауды ұйымдастырады;

  • Показать изменения

9) судьяны тұтқынға алуға келісім беру, оны күштеп алып келу, оған сот тәртібімен салынатын әкімшілік жазаны қолдану, судьяны қылмыстық жауапқа тарту мәселесін шешу үшін Қазақстан Республикасының Президентіне қорытынды ұсынады;

  • Показать изменения

10) сот жүйесі мен заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдайды және оны Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді;

11) судья корпусының сапалық құрамын жақсарту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, судьялардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қолданады;

  • Показать изменения

12) Кеңес регламентін бекітеді;

  • Показать изменения

13) судья лауазымына орналасу үшін біліктілік емтихандарын тапсырған, соттарда тағылымдамадан өткен және облыстық және оларға теңестірілген соттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алған адамдардың, сондай-ақ мамандандырылған магистратураны бітірген адамдардың есебін жүргізеді;

  • Показать изменения

14) судьялардың жалпы штат санын, әрбір жергілікті және басқа соттың судьялар санын белгілеуге келісім беру туралы мәселені қарайды;

  • Показать изменения

15) осы Заңнан, заңнамалық актілерден және Кеңестің регламентінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Кеңес өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін:

мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша түсініктемелерін тыңдауға және жазбаша түсініктемелерін талап етуге;

Кеңес мүшелерінің, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен мекемелер өкілдерінің арасынан комиссияларды, жұмыс топтарын құруға, өз жұмысына мамандар тартуға құқылы.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. КЕҢЕС ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

 

3-бап. Кеңес құрамы

Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төрағадан, хатшыдан және басқа мүшелерден тұрады.

Кеңес Төрағасының, хатшысының және мүшесінің лауазымы коммерциялық ұйымның басшы органының және байқаушы кеңесінің құрамына кірумен, саяси партиялардың басшылық қызметінде болуымен сыйыспайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Кеңес Төрағасы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Кеңес Төрағасы:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) Кеңесті басқарады және оған жалпы басшылықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасауда Кеңес атынан өкілдік етеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) Кеңестің жұмыс жоспарларын бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) Кеңес отырысын шақырады және Кеңес отырыстарына төрағалық етеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) Кеңестің ұсынымдарына, қорытындыларына, шешімдері мен басқа да құжаттарына қол қояды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) Кеңес отырыстарының қарауына енгізілетін мәселелерді айқындайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) Жоғарғы Соттың жалпы отырысына, судьялардың кеңестеріне қатысуға құқылы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) Кеңес жұмысын ұйымдастыруды жақсартуға бағытталған шаралар қабылдайды, Кеңес шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) Кеңес қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды атқарады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Кеңес Төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін уақытша атқару Кеңес хатшысына жүктеледі.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Кеңес хатшысы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Кеңес хатшысы:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) Кеңес аппаратының қызметін ұйымдастырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың қарауына енгізілетін мәселелердің тізбесін түзеді және ол туралы Төрағаға алдын ала баяндайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) отырыс хаттамаларының, Кеңес қабылдаған ұсынымдар мен қорытындылардың үзінділеріне өз қолын қойып растайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) қажет болған жағдайда тексерулер ұйымдастырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) Кеңес отырысына шақырылған адамдардың тізімін айқындайды және олардың келуін қамтамасыз етеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) Төрағаның өкімдерін және Кеңестің шешімдерін орындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Кеңес хатшысы болмаған жағдайда оның міндеттерін атқару Төрағаның тапсыруы бойынша Кеңес мүшелерінің біріне жүктеледі.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Кеңес мүшесі:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) Кеңестің қарауына ұсынылған материалдармен танысуға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) материалдарды зерттеуге және тексеруге қатысуға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) қаралатын мәселелер бойынша өтініштер мәлімдеуге, өзінің ұсыныстарына уәждер мен негіздемелер келтіруге;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) қолында бар құжаттарды ұсынуға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) дауыс беру арқылы шешім қабылдауға қатысуға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Кеңес мүшесі:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) Кеңестің отырыстарына қатысуға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде бейтарап әрі объективті болуға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) өзіне жүктелген өкілеттіктерді орындауға байланысты судьялыққа кандидаттардың және судьялардың жеке өмірі туралы оған белгілі болған мәліметтерге қатысты құпиялылықты, сондай-ақ дауыс беру құпиясын сақтауға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) егер оған қатысты шешім қабылданатын адамның жұбайы (зайыбы), жақын туысы немесе жекжаты болса, Кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселені қарау кезінде өздігінен бас тартуын мәлімдеуге міндетті.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-тарау. КЕҢЕС ОТЫРЫСТАРЫ

 

7-бап. Кеңес отырыстары

1. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде төрт рет өткізіледі. Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда Кеңестің отырысы заңды болып есептеледі.

2. Кеңес отырысы ашық және жариялы түрде өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін. Қажет болған жағдайларда Кеңес жабық отырыстар өткізуге құқылы.

3. Кеңес материалдарды олар келіп түскен күннен бастап үш ай мерзімнен кешіктірмей қарап, қарау нәтижелері туралы өтініш иесін міндетті түрде хабардар етеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8-бап. Кеңес отырысын өткізу тәртібі

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Кеңес отырыстарын өткізу тәртібі, сондай-ақ Кеңес жұмысын ұйымдастырудың өзге де мәселелері Кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданатын регламентпен айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Кеңес отырысын оның Төрағасы жүргізеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Кеңес отырысында материалдарды қарау тиісті қызметтерге орналасуға үміткер немесе атқаратын қызметтерінен босатылатын адамдардың қатысуымен жүргізіледі. Егер оның тікелей қатысуы талап етілмесе, отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген адамның болмауы мәселені мәні бойынша қарауға кедергі болмайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-бап. Кеңес шешімдері

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Кеңес шешімдері өзіне қатысты мәселе қаралатын адамның, сондай-ақ өзге де шақырылған адамдардың қатысуынсыз отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Кеңес шешімдері жазбаша нысанда баяндалады және олардың шығарылған күні мен орны, мәселені қараған Кеңестің құрамы, қабылданған шешімнің уәждері қамтылуға тиіс. Шешімдерге төрағалық етуші мен Кеңес хатшысы қол қояды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Кеңес қорытындылар, хаттамалық шешімдер және (немесе) ұсынымдар нысанында шешімдер қабылдайды. Кеңес мүшелерінің дауыс беруден қалыс қалуға құқығы жоқ. Кеңес мүшесі қабылданатын шешіммен келіспеген жағдайда Кеңес отырысының хаттамасына қоса тіркелетін ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші дауыс болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-тарау. КЕҢЕС ЖАНЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ

БІЛІКТІЛІК ЕМТИХАНЫН  ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ

 

10-бап. Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясы

1. Судьялыққа кандидаттардың білім деңгейін айқындау үшін олардан біліктілік емтиханын қабылдауды Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады.

2. Комиссияның құрамына:

1) Кеңес тағайындайтын Комиссия төрағасы және құқық оқытушыларының, заңгер-ғалымдардың арасынан бес маман;

2) Сот жюриі өз құрамынан ротациялық негізде жіберетін үш судья кіреді.

3. Комиссия төрағасы және мүшелері оның құрамына екі жыл мерзімге тағайындалады немесе жіберіледі. Бос қызмет орны болған жағдайда Комиссияның жаңа мүшесі Комиссияның бұрынғы мүшесі шығып қалған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей тағайындалуға немесе жіберілуге тиіс.

4. Комиссия құрамына ұсынылған адамдардың заңтану саласындағы кәсіби білімі, заң мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі және мінсіз беделі болуға тиіс.

2010.29.12. № 376-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5. Комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Кеңес аппараты мен Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11-бап. Комиссияның біліктілік емтихандарын  қабылдау жөніндегі отырыстары

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Комиссия біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі өзінің отырыстарын қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде төрт рет өткізеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Комиссияның біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырыстары ашық және жария түрде өткізіледі. Егер отырыстарға Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, отырыстар заңды деп есептеледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Комиссия отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы оның мүшелері мен шақырылған адамдар күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудың  (тапсырудың) тәртібі мен шарттары

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Комиссияда құжаттарды қабылдау, біліктілік емтихандарын тапсыру тәртібі Кеңес регламентімен айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Судьялыққа кандидаттардан біліктілік емтихандарын қабылдау азаматтар арнайы тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.16.02. № 560-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген теріс себептермен судья лауазымынан босатылған адамдарды қоспағанда, бұрын кемінде үш жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген және босатылған күннен бастап бес жыл ішінде судья лауазымына қайтадан орналасуға ниет білдірген адамдар біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.16.02. № 560-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

3-1. Мамандандырылған магистратурадағы оқуды бітірген адамдар мамандандырылған магистратурада оқуын аяқтаған күннен бастап бес жыл бойы біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде кір келтірген теріс қылықтары және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін судья қызметінен, құқық қорғау органдарынан немесе өзге де мемлекеттік қызметтен шығарылған адамдар біліктілік емтихандарын тапсыруға жіберілмейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.16.02. № 560-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5. Біліктілік емтиханын тапсыру нәтижесі емтихан тапсырылған күннен бастап бес жыл бойы жарамды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Біліктілік емтихандарын тапсыра алмаған адамдар оларды қайтадан тапсыруға бір жылдан кейін жіберіледі.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тарту

Судьялыққа кандидаттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қойылған талаптарға сай келмеген жағдайларда, біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тартуға жол беріледі.

Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда Комиссия өтініш берілген күннен бастап бір ай ішінде азаматқа дәлелді жауап беруге міндетті.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-тарау. ЖЕРГІЛІКТІ ЖӘНЕ БАСҚА СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ

 ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫМДАР ШЫҒАРУ

 

2010.29.12. № 376-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 560-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап жаңа редакцияда

  • Показать изменения

14-бап. Судья лауазымына конкурс

  • Показать изменения

1. Кеңестiң жергiлiктi және басқа соттың судьясы лауазымына тағайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нәтижелерi бойынша берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Конкурс жариялау туралы шешімді Кеңес Төрағасы қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның Кеңес Төрағасына енгізген судьяның бос лауазымының ашылғаны туралы ұсынысы Кеңестің конкурсты жариялауы үшін негіз болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Кеңестің жергілікті және басқа соттың судьясы бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыруын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында конкурсқа дейін кемінде бір ай бұрын қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Жергілікті және басқа соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап бір айдың ішінде Кеңес аппаратына өтініш және тізбесі Кеңес регламентімен белгіленген басқа да құжаттарды беру қажет.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.29.12. № 376-IV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 560-ІV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

15-бап. Жергілікті және басқа соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1. Аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін азаматтар, ал жұмыс істейтін судьялар болып табылатын кандидаттар - «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының және 29-бабы 1-тармағының талаптарына сай келсе, қатыса алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетін, заң мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар және тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алған азаматтар қатыса алады.

  • Показать изменения

Жұмыс iстеп жүрген судьялар үшін тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы талап етілмейді.

Тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысына Жоғарғы Соттың жалпы отырысына шағым жасалуы мүмкін.

Тиісті облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын кандидат Кеңеске ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Жергілікті және басқа да соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Кеңеске тапсырғаннан кейін Қоғамдық кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алуға тиіс.

Қоғамдық кеңес пен облыстық соттың жалпы отырысының қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16-бап. Бос қызмет орындарына кандидаттарды іріктеу тәртібі

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Судьялардың бос қызмет орындарына кандидаттарды конкурстық іріктеуді Кеңес өз қызметіне араласуды болдырмау жағдайында, ашық және жария түрде жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Білім деңгейінің жоғары болуы, моральдық-адамгершілік қасиеті мен мінсіз беделінің болуы аудандық және оған теңестірілген сот судьясының бос қызмет орнына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемдері болып табылады. Бұл ретте:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) мамандандырылған магистратурада біліктілік емтиханын тапсырған;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарда, құқық қорғау органдары мен адвокатурада заң мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар адамдарға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.16.02. № 560-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) біліктілік емтиханын тапсыру нәтижелері бойынша;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.16.02. № 560-ІV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар адамдарға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 5) - 7) тармақшалармен толықтырылды

5) мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары бар адамдарға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) судья лауазымына конкурсқа үш реттен астам қатысқан адамдарға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) жоғары білім туралы дипломның орташа бағасының нәтижесі бойынша басымдық беріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

2-1. Арнайы білімнің болуы мамандандырылған соттар судьяларының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің қосымша критерийі болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Облыстық және оған теңестірілген сот судьясының бос қызмет орнына орналасуға конкурс өткізу кезінде мынадай өлшемдер:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) судья қызметіндегі жұмыс өтілі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) мінсіз беделінің болуы және сот төрелігін жүзеге асыру сапасы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардағы жұмыс өтілі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардағы, адвокатурадағы жұмыс өтілі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) ғылыми дәрежесінің немесе ғылыми атағының болуы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 6), 7) тармақшалармен толықтырылды

6) мемлекеттік немесе ведомстволық наградаларының болуы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) судья лауазымына конкурсқа үш реттен астам қатысқаны ескеріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.29.12. № 376-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2012.16.02. № 560-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3-1. Кеңес облыстық және оған теңестірілген сот судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды тиісті облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының қорытындысы болған кезде қарайды.

  • Показать изменения

Жұмыс iстеп жүрген судьялар үшін тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы талап етілмейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Бос қызмет орнына кандидаттарды іріктеудің нәтижелері бойынша Кеңес хатшысы конкурсқа қатысушыларға конкурс аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде оның нәтижелері туралы тиісті хабарлама жібереді.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-тарау. ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ СОТ АЛҚАЛАРЫНЫҢ  ТӨРАҒАЛАРЫ МЕН СУДЬЯЛАРЫ, ЖЕРГІЛІКТІ ЖӘНЕ БАСҚА СОТТАР ТӨРАҒАЛАРЫ МЕН СОТ АЛҚАЛАРЫНЫҢ ТӨРАҒАЛАРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫМДАР ШЫҒАРУ

 

2012.16.02. № 560-ІV ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

17-бап. Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының, жергілікті және басқа соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарау тәртібі