Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 371 бұйрығы (2018.29.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 371 бұйрығы

(2018.29.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 103 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 19-бабының 14-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін электрондық нұсқада елтаңбалы мөрмен расталған қағаз данасының көшірмесімен, Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электронды сандық қолтаңбасымен куәландырылған көшірмесін электрондық нұсқада елтаңбалы мөрмен расталған қағаз данасының көшірмесімен бірге беруді;

3) осы бұйрықты ресми жариялануынан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықтың ресми жариялануынан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг