<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САУДА ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2004 ЖЫЛҒЫ 12 СӘУІРДЕГІ...

 
Оглавление
Перемещение в другую часть документа >>
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения
  • Показать изменения

Сауда қызметін реттеу туралы

  • Показать изменения

2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2016.26.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 15 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары

3-бап. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары

4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

2-тарау. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу

5-бап. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары мен әдістері

6-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің құзыреті

7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

7-1-бап. Алып тасталды

8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi

9-бап. Сауда қызметі саласында баға белгілеу

3-тарау. Iшкі сауда

10-бап. Iшкi сауда объектiлерi және түрлерi

11-бап. Көтерме сауда

12-бап. Бөлшек сауда

13-бап. Қоғамдық тамақтандыру

14-бап. Сауда қызметiндегi сатып алу-сату шарты

3-1-тарау. Ішкі сауданы дамытуға жәрдемдесу

14-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін қолдауы

14-2-бап. Халықты сауда алаңдарымен қамтамасыз етуді нормалау

4-тарау. Сыртқы сауда қызметі

15-бап. Алып тасталды

15-1-бап. Алып тасталды

16-бап. Сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу

16-1-бап. Тарифтік квоталар

17-бап. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу

18-бап. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салу және сан жағынан шектеулер

18-1-бап. Рұқсаттарды беру шарттары мен тәртібі

18-2-бап. Қарсы шаралар

18-3 бап. Тыйым салулардың және шектеулердің ерекше түрлері

19-бап. Алып тасталды

20-бап. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық

21-бап. Жекелеген тауарлар түрлерiн автоматты түрде лицензиялау (қадағалау)

22-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану

5-тарау. Сауданың өзге түрлері

23-бап. Аукциондық сауда

24-бап. Комиссиялық сауда

25-бап. Тапсырыс бойынша сауда

26-бап. Шекара маңындағы сауда

27-бап. Көшпелi сауда

28-бап. Көрме-жәрмеңке қызметі

29-бап. Электрондық сауда

29-1-бап. Электрондық сауданы жүзеге асыру

30-бап. Тауарлармен биржалық сауда жасау

6-тарау. Сауда қызметi субъектiлерiне және тауарларға қойылатын талаптар

31-бап. Сауда қызметi субъектiлерiне қойылатын талаптар

31-1-бап. Сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушi - дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын талаптар

32-бап. Тауарларға қойылатын талаптар

32-1-бап. Сауда қызметі субъектілерінің құқықтары

7-тарау. Қорытынды ережелер

33-бап. Алып тасталды

33-1-бап. Тауарлардың сауда желілеріне және ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуді бақылау

33-2-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау

34-бап. Дауларды шешу

35-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

36-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен мәтіндегі «жергілікті атқарушы органдардың», «жергілікті атқарушы органдар», «жергілікті атқарушы органдармен» деген сөздер «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының», «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары», «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен» деген сөздермен ауыстырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттік реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда; 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) - жекелеген тауарлар түрлерінің экспорты және (немесе) импорты серпінін мониторингтеу мақсатында белгіленетін уақытша шара;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1-1) арзандатылған тауар - кемшілігінің болуына не кемшілігінің жойылуына байланысты төмендетілген бағамен өткізілетін тауар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

1-2) әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулер - квоталарды белгілеу жолымен енгізілуі мүмкін тауарлардың сыртқы саудасын сан жағынан шектеу жөніндегі шаралар;

  • Показать изменения

2) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi - бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етiлген шекте ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн бөлшек сауда бағаларының рұқсат етiлген деңгейi, сауда қызметiнің субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын осы деңгейге дейін айқындауға құқылы;

  • Показать изменения

3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары - әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілейтін бөлшек сауда бағаларының деңгейі;

  • Показать изменения

4) бөлшек сауда - сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4-1) жаппай сату - тиiсiнше сападағы тауарларды төмендетілген бағамен өткізу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды; 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 4-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4-2) кедендік әкелу бажы - тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде кеден органдары алатын міндетті төлем;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды; 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 4-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4-3) кедендік әкету бажы - тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары алатын міндетті төлем;

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) кедендік баждардың квотадан тыс мөлшерлемесі - белгіленген тарифтік квотадан артық әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға белгіленетін кедендік әкелу немесе әкету бажының мөлшері (шамасы);

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемесі - белгіленген тарифтік квота шегінде әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға белгіленетін кедендік әкелу немесе әкету бажының мөлшерi (шамасы);

  • Показать изменения

7) көтерме сауда - кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;

  • Показать изменения

8) қоғамдық тамақтандыру - тамақ өнiмдерiн өндiрумен, қайта өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет;

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9) рұқсат - автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) белгіленген тауар нысанасы болып табылатын, сыртқы сауда шартының (келісімшартының) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін арнайы құжат;

  • Показать изменения

10) сауда алаңы - тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға, сатып алушылардың өтуiне арналған, арнайы құрал-жабдық қойылған сауда объектiсiнiң алаңы;

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

10-1) сауда базары - аумақта шаруашылық қызмет ету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін және өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етілген, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, өрт қауіпсіздігі, сәулет-құрылыс талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптарға сәйкес келетін сауда қызметіне арналған оқшауланған мүліктік кешен;

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

11) сауда желiсi - сауда базарларын қоспағанда, ортақ басқарудағы және бiрыңғай коммерциялық белгi және дараландырудың өзге де құралдары аясында пайдаланылатын, екi және одан да көп сауда объектiлерiнiң жиынтығы;

  • Показать изменения

12) сауда қызметi - жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсiпкерлiк қызметi;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

13) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  • Показать изменения

14) сауда қызметiнің субъектici - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сауда қызметiн жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

15) сауда объектiсi - құрал-жабдықпен арнайы жарақтандырылған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, сауда базары, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

15-1) сауда орны - тауарлар сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын құрал-жабдықпен жарақтандырылған орын;

  • Показать изменения

16) сауда саясаты - осы Заңда белгiленген мақсаттар мен қағидаттарды iске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, бақылау шараларының және өзге де шаралардың жиынтығы;

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

16-1) стационарлық емес сауда объектісі - инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық біріктірілуінің) болуына немесе болмауына қарамастан жермен берік байланысы жоқ уақытша құрылыс немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

16-2) стационарлық сауда объектісі - жермен берік байланысқан және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылған (технологиялық біріктірілген) ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай), құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгі (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай);

  • Показать изменения

17) сыртқы сауда (бұдан әрi - сыртқы сауда қызметi) - тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелумен байланысты сауда қызметi;

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

17-1) сыртқы сауда қызметінің қатысушылары - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

18) тарифтiк квота - кедендiк әкелу немесе әкету бажының қолданыстағы мөлшерлемесiмен салыстырғанда тауардың белгiлi бiр санын (заттай немесе құнымен алғанда) әкелу немесе әкету кезiнде белгiлi бiр кезең iшiнде кедендiк әкелу немесе әкету бажының неғұрлым төмен мөлшерлемесiн қолдануды көздейтiн, жекелеген тауарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді реттеу шарасы;

  • Показать изменения

19) тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi;

  • Показать изменения

20) 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

20-1) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық - тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты сыртқы сауда қызметін ерекше лицензия негізінде жүзеге асыру;

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

21) тауарлар тобы - функциялық мақсатында ұқсастығы бар тауарлар жиынтығы;

  • Показать изменения

21-1) халықаралық мамандандырылған көрме - бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

ресми болып табылатын немесе халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық үкіметаралық ұйым ресми таныған;

  • Показать изменения

екі және одан көп мемлекет көрмеге қатысушылар болып табылатын;

көрменің ұзақтығы кемінде алты аптаны құрайтын және алты айдан аспайтын;

  • Показать изменения

өнер туындыларының көрмесі және коммерциялық сипаттағы көрме болып табылмайтын;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекіткен тіркеу дерекнамасында көрменің басталу және аяқталу күні көрсетілген көрме;

  • Показать изменения

21-2) халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушы - заттарды (экспонаттарды) халықаралық мамандандырылған көрмеге қоятын және халықаралық мамандандырылған көрмеде ұлттық секцияларда тиісті елдің мүддесін білдіретін жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ халықаралық шарттың талаптарына сәйкес қабылданатын халықаралық мамандандырылған көрмені өткізудің ішкі қағидаларында айқындалған халықаралық ұйым не жеке немесе заңды тұлға;

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 21-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

21-3) халықаралық мамандандырылған көрменiң аумағы - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген тіркеу құжатында көзделген және халықаралық мамандандырылған көрменi өткiзу туралы халықаралық шарттың ережелерін орындауды бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекітетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін жер учаскелерi;

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 21-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

21-4) халықаралық мамандандырылған көрменiң объектiлерi - бiр мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келген кезде:

  • Показать изменения

астана аумағында орналасқан, жеңіл рельсті көлікке арналған жеке бөлінген жолдарды және оларға жататын көлік инфрақұрылымы объектілерін қоспағанда, халықаралық мамандандырылған көрменiң аумағында орналасқан;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрменi ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға бекiткен құжатта көзделген ғимараттар, сәулет объектiлерi, құрылыстар, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы;

  • Показать изменения

22) iрi сауда объектiсi - сауда алаңы екi мың шаршы метрден кем емес сауда объектiсi;

  • Показать изменения

23) iшкi сауда - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi;

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 24), 25) және 26) тармақшалармен толықтырылды

  • Показать изменения

24) электрондық сауда - ақпараттық техногиялар арқылы жүзеге асырылатын тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

25) электрондық саудадағы делдал - электрондық сауданы ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін тұлға;

  • Показать изменения

26) электрондық саудаға қатысушылар - электрондық саудаға сатып алушы, сатушы және (немесе) делдал ретінде қатысушы жеке және заңды тұлғалар.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді

  • Показать изменения

3-бап. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары

1. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары:

1) халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту;

2) сауда қызметiн көрсетудi және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру;

3) Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу;

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасының әлемдiк сауда жүйесiне ықпалдасуы үшiн жағдайлар жасау;

  • Показать изменения

5) сыртқы нарықтарда отандық тауарлардың бәсекелестік қабілеттігін арттыру болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Сауда қызметiн реттеудiң негiзгi қағидаттары:

  • Показать изменения

1) сауда қызметі субъектілері құқықтарының теңдiгi;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың сауда қызметiне араласпауы;

3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау;

  • Показать изменения

4) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау;

5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету;

6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi;

7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттік экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретіндегі бiрлiгi;

  • Показать изменения

8) тұтынушылардың, сауда қызметi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету;

9) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістерін қолданудың біртұтастығы;

10) сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу шараларын әзірлеу, қабылдау және қолдану кезіндегі жариялылық;

11) сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу шараларын қолданудың негізділігі, объективтілігі мен ашықтығы болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

  • Показать изменения

1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және сауда қызметiнiң барлық субъектiлерiне қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Осы Заңның күшi:

1) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiмен реттелетiн жекелеген тауарлар түрiнiң айналымы бойынша қатынастарға қолданылмайды.

Қазақстан Республикасының бұл заңнамалық актiлерiмен реттелмейтiн бөлiгiнде осындай тауарлармен сауда қызметiн жүзеге асыру осы Заңның нормаларымен реттеледi;

  • Показать изменения

2) қаржы ұйымдарының қызметіне байланысты, сондай-ақ қаржы құралдарымен операциялар жасауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара);  2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тарау өзгертілді; 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 2-тарау жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-тарау. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу

 

  • Показать изменения

5-бап. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары мен әдістері

  • Показать изменения

1. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары:

  • Показать изменения

1) сауда қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өтуі шарттарын айқындау;

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

2-1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара сауданы жүзеге асыруы кезінде тауарларды өткізу шарттарын айқындау;

  • Показать изменения

3) сауда қызметін дамытуды ынталандыру;

  • Показать изменения

4) сауда қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау;

5) сертификаттау болып табылады.

  • Показать изменения

2. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістері:

  • Показать изменения

1) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу;

  • Показать изменения

2) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу;

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарлардың сатылуын тоқтата тұру және (немесе) сатуға тыйым салу;

  • Показать изменения

4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар қолдану;

  • Показать изменения

5) халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді

  • Показать изменения

6-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің құзыреті

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) - 8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9) сауда қызметi саласында шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды және шетелде Қазақстан Республикасының сауда өкiлдiктерiн ашуды жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10) сауда қызметi саласында келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11) уәкiлеттi органды айқындайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12) - 14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

14-1) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны құрады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

14-2) Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін бекітеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14-3) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

14-3) қарсы шаралар қолдану туралы шешім қабылдайды;

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 14-4) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

14-4) тыйым салулар мен шектеулердің ерекше түрлерін қолдану туралы шешім қабылдайды;

  • Показать изменения

15) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

  • Показать изменения

1) сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылды

  • Показать изменения

1-1) мемлекеттік сауда саясатын қалыптастырады;

  • Показать изменения

1-2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау бойынша шаралар қолданады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолданады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2-1) әкелу немесе әкету кедендiк бажы қолданылатын тауарлар тiзбесiн, мөлшерлемелер көлемiн және олардың қолданылу мерзiмiн, сондай-ақ қажет болған кезде оларды есептеу тәртібін бекiтедi;

  • Показать изменения

2-2) 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

  • Показать изменения

4) сауда қызметін реттеу саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

4-1) iшкi сауда қағидаларын бекiтедi;

  • Показать изменения

5) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) тармақша 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңның редакциясында (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төмен нормативтерiн әзірлейді және бекiтедi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

7-1) бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының табиғи кему нормаларын әзірлейді және бекітеді;


Содержание
1-тарау. Жалпы ережелер2-тарау. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу3-тарау. Iшкі сауда3-1-тарау. Ішкі сауданы дамытуға жәрдемдесу4-тарау. Сыртқы сауда қызметі18-3 бап. Тыйым салулардың және шектеулердің ерекше түрлері5-тарау. Сауданың өзге түрлері6-тарау. Сауда қызметi субъектiлерiне және тауарларға қойылатын талаптар7-тарау. Қорытынды ережелер