<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ЗАҢ...

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 Қаулысы

(2023.20.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

  • Показать изменения

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ереже (бұдан әрі - Үлгі ереже) бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 377 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, ведомстволар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:

  • Показать изменения

1) осы Yлгі ережеге сәйкес тиісті құрылымдық бөлімшелердің ережелеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін;

2) өзінің аумақтық бөлімшелерінің заң қызметтерін нығайтуды қамтамасыз етсін, заң қызметтерінің жұмыс сапасын арттыру әрі республикалық және өңірлік деңгейде заңдылық режимін нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлесін;

  • Показать изменения

3) қабылданатын актілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылауды күшейтсін және алқа отырыстарында құқықтық жұмыстың жай-күйін кезең-кезеңмен қарасын.

ҚР Үкіметінің 2009.04.06. № 822 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:

1) басқару ақпаратымен алмасу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын орындау туралы үнемі еске салу, заң жобалау жұмысының жай-күйі туралы ақпарат беру арқылы мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің жұмысын ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етсін;

  • Показать изменения

2) ҚР Үкіметінің 2015.27.04. № 346 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) ҚР Үкіметінің 2015.27.04. № 346 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) ай сайын, есептіден кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне заң жобалау жұмыстарының жай-күйі туралы ақпарат берсін;

  • Показать изменения

5) ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ағымдағы жылдың заң жобалау жұмыстары жоспарының жай-күйі туралы ақпарат берсін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Мемлекеттік басқару органдарының және оларға қарасты кәсіпорындардың, мекемелердің заң қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 мамырдағы № 624 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 17, 187-құжат);

2) «Қазақстан Республикасының министрліктерінде, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарында заң қызметінің жай-күйін жақсарту және оның жұмысының сапасын арттыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 сәуірдегі № 521 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 18, 152-құжат);

3) «Орталық және жергілікті атқарушы органдарда заң жұмысының сапасын арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 7 маусымдағы № 868 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 26, 303-құжат).

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 377 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «кесімдерінің», «кесімдердің», «кесімдеріне», «кесімдерде» деген сөздер тиісінше «актілерінің», «актілердің», «актілеріне», «актілерде» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы

  • Показать изменения

Үкіметінің

2006 жылғы 9 қарашадағы

  • Показать изменения

№ 1072 қаулысымен

  • Показать изменения

бекітілген

 

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы

  • Показать изменения

үлгі ереже

 

  • Показать изменения

1. Жалпы ережелер

 

  • Показать изменения

1. Осы Үлгі ереже орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) заң қызметтерінің жұмыс сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтерін (бұдан әрі - заң қызметтері) ұйымдастыруға және олардың қызметіне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Заң қызметтерін заңнамаға сәйкес бекітілген штат санының лимиттері шегінде дербес құрылымдық бөлімшелер ретінде мемлекеттік органдар құрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 377 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Заң қызметтерінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • Показать изменения

мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

мемлекеттік органдардың заңнаманы қолдану практикасын қорыту;

  • Показать изменения

құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің және заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Заң қызметтерін ұйымдастыру туралы

 

  • Показать изменения

4. Тиісті заң қызметтеріндегі лауазымдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен заңгерлік білімі бар адамдар тағайындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Мемлекеттік органның өзін қайта ұйымдастыру немесе тарату жағдайларын қоспағанда, заң қызметтерін таратуға жол берілмейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Заң қызметтері өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Үлгі ережені басшылыққа алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.27.04. № 346 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7. Мемлекеттік органда бөлінген бюджет қаражатының шегінде заң қызметтерінің тиімді және сапалы қызметі үшін мыналарды қоса алғанда, тиісті жағдай жасалады:

  • Показать изменения

жеке үй-жаймен, заңнамалық-анықтамалық материалдармен, құқықтық мәселелер жөніндегі мерзімді баспасөз басылымдарымен, заң әдебиетімен, сондай-ақ оқтын-оқтын жаңартылып отыратын нормативтік құқықтық актілердің электрондық қорымен қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

заң қызметтері қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыру, оның ішінде әділет органдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында заң қызметтері қызметкерлерін жүйелі түрде тағылымдамадан өткізу үшін тұрақты негізде іс-шаралар ұйымдастыру;

  • Показать изменения

заң қызметтері қызметкерлерінің санын мемлекеттік орган қызметкерлерінің жалпы штат санының кемінде 5%-ы болатындай қамтамасыз ету. Орталық аппаратының штат саны 500 және одан көп бірлікті құрайтын мемлекеттік органдарға қатысты 5%-ды есептеу 500-ден жүргізіледі.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Заң қызметтерінің қызметі туралы

 

ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.25.12. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.30.03. № 377 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 346 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.18.03. № 145 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.28.12. № 1082 Қаулысымен (2023 ж. 20 қаңтарда бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

8. Заң қызметтері:

  • Показать изменения

сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіреді;

  • Показать изменения

мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларының өтуі кезінде, сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесінде Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына немесе Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына енгізілген депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобаларын, Премьер-Министр Кеңсесінде және Әділет министрлігінде мемлекеттік орган әзірлеушісі болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Үкіметі қаулыларының және Премьер-Министрі өкімінің жобаларын жұмыс тәртібінде пысықтау кезінде міндетті түрде қатысады;

  • Показать изменения

Алматы қаласында орналасқан, олардан уәкілеттік берілген тұлғалар қатысатын мемлекеттік органдарды қоспағанда, Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның әрбір отырысына қатысады;

  • Показать изменения

нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындайды;

мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;

  • Показать изменения

заңнамалық актілерде көзделген жағдайда мемлекеттік органның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан түсініктеме дайындайды;

  • Показать изменения

мемлекеттік органға келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебін және олардың сақталуын ұйымдастырады;

  • Показать изменения

мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметін, нормативтік құқықтық актілер жобаларының, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көзделген, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің заң сараптамасының нәтижелері бойынша Әділет министрлігінің ескертулерін тұрақты негізде талдайды және талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысына, сондай-ақ мемлекеттік органның аппарат басшысына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді және жылына екі рет жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күніне дейін Әділет министрлігіне жүргізілген талдау және қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді;

  • Показать изменения

шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді;

  • Показать изменения

тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы қатысатын даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот практикасының жай-күйін жартыжылдықта кемінде бір рет талдайды және мемлекеттік органның бірінші басшысына немесе мемлекеттік органның аппарат басшысына оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

  • Показать изменения

заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда осы Үлгі ереженің 8-3-тармағында баяндалған келісу тәртібін сақтай отырып, мемлекеттік органның пайдасы көзделмей қабылданған сот актісіне барлық сатыдағы соттарға шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтінішхаттармен жүгінеді;

  • Показать изменения

заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.27.04. № 346 Қаулысымен 8-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2022.28.12. № 1082 Қаулысымен 8-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 20 қаңтарда бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8-1. Осы Үлгі ереженің 8-тармағының он бірінші абзацына сәйкес ұсынылатын мемлекеттік органның ақпараты:

  • Показать изменения

1) келісілуге жіберілген Заңдар, Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары, Премьер-Министрдің өкімдері жобаларының (бұдан әрі - жобалар) және мемлекеттік тіркеуге жататын қабылданған нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі - НҚА) санын;

  • Показать изменения

2) ескертулерсіз, «әдепкі қалпы бойынша» келісілген жобалардың, тіркелген НҚА санын;

  • Показать изменения

3) ескертулермен келісілген, келісуден бас тартылған және мемлекеттік тіркеуден бас тартылған НҚА-ның ескертулердің сипаты бойынша:

  • Показать изменения

Конституцияға қайшы келетін;

жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін;

бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін;

редакциялық ескертулер;

  • Показать изменения

заң техникасы бойынша ескертулер деп бөлінген санын;

  • Показать изменения

4) норма шығармашылық қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ақпаратты қамтуға тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.27.04. № 346 Қаулысымен 8-2-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

8-2. Әділет министрлігі жартыжылдық қорытындысы бойынша берілген ақпаратты талдайды және жартыжылдықтан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдарға қорытылған ақпаратты жібереді.

  • Показать изменения

Қорытуда осы Үлгі ереженің 8-1-тармағында көзделген мәселелер бойынша тиісті ұсынымдары бар қорытындыны талдау қамтылуға тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2022.28.12. № 1082 Қаулысымен 8-3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 20 қаңтарда бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

8-3. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығын немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат беру құқығын міндетті түрде келісу (бұдан әрі – келісу) мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары тиісті орталық мемлекеттік органдармен келісуді жүзеге асырады;

2) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері тиісті орталық мемлекеттік органдармен келісуді жүзеге асырады;

  • Показать изменения

3) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері орталық мемлекеттік органдардың тиісті ведомстволарымен келісуді жүзеге асырады;

4) аумақтық департаменттердің аумақтық бөлімшелері орталық мемлекеттік органдардың тиісті аумақтық департаменттерімен келісуді жүзеге асырады;

  • Показать изменения

5) тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі құрған, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті әкімдерімен немесе осы Үлгі ереженің 8-3-тармағының тоғызыншы бөлігіне сәйкес өзге тұлғамен келісуді жүзеге асырады;

  • Показать изменения

6) аудан әкімдері тиісті облыс әкімдерімен келісуді жүзеге асырады;

  • Показать изменения

7) қаладағы аудан әкімдері қаланың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың тиісті әкімдерімен келісуді жүзеге асырады;

  • Показать изменения

8) ауылдық округтің, кенттің және ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдың әкімдері тиісті аудан әкімдерімен келісуді жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірыңғай құрылымын құрайтын филиалдары, өкілдіктері, ведомстволары және ұйымдары өздері апелляциялық шағым немесе сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат берген жағдайда келісу жөніндегі талаптар қолданылмайды.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің өздері апелляциялық шағым немесе сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат берген жағдайда келісу тиісті мемлекеттік органдардың басшылары бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығын немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат беру құқығын келісу туралы сұрау (бұдан әрі – сұрау) тиісті орган басшысының қолы қойылып жазбаша нысанда жіберіледі.

  • Показать изменения

Сұрауға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің талаптарына сәйкес ресімделген апелляциялық шағымның немесе сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттың жобасы қоса беріледі.

  • Показать изменения

Сұрау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген апелляциялық шағым немесе сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат беру мерзімдері өткенге дейін кемінде он жұмыс күні қалғанда жіберіледі.

  • Показать изменения

Сұрауды келісуші органның заң қызметі немесе келісуші органның өзге құрылымдық бөлімшесі сот актісіне шағымдану жөніндегі заңнамада көзделген негіздердің болуы тұрғысынан қарайды. Келісуші органның заң қызметі немесе келісуші органның өзге құрылымдық бөлімшесі осы Үлгі ереженің 8-3-тармағының тоғызыншы бөлігіне сәйкес келісуші органның басшысына немесе өзге тұлғаға сот шешіміне апелляциялық немесе кассациялық шағымдану құқығын келісу немесе мұндай келісуден бас тарту туралы ұсыныс енгізеді.

  • Показать изменения

Келісу туралы шешімдерді келісуші органның басшысы қабылдайды.

  • Показать изменения

Келісу туралы шешім қабылдау немесе келісуден бас тарту жөніндегі өкілеттік осындай орган басшысының тиісті шешімімен келісуші орган басшыларының орынбасарларына, аппарат басшыларына және (немесе) заң қызметі басшысына жүктелуі мүмкін.

  • Показать изменения

Келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктер жүктелген тұлға сұрау келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті шешім қабылдайды.

  • Показать изменения

Келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешім сұрауды жіберген органға осындай шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктер жүктелген тұлғаның қолы қойылып жазбаша нысанда жіберіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.18.03. № 145 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

9. Заң қызметтері:

  • Показать изменения

осы Yлгі ереженің 8-тармағына сәйкес өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттарды және мәліметтерді мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінен сұратуға;

  • Показать изменения

мемлекеттiк орган басшысының немесе орталық атқарушы органның аппарат басшысының келiсiмiмен Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң жобаларын және мемлекеттiк органның құқықтық мәселелер жөнiндегi құжаттарын әзiрлеу үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөнiндегi iс-шаралар мен мемлекеттiк органда жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды iске асыру үшiн басқа құрылымдық бөлiмшелердiң қызметкерлерiн тартуға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10. Басқа құрылымдық бөлімшелер әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобалары оларды заң қызметтерімен алдын ала келіспестен мемлекеттік органдарға келісуге жіберілмейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2011.30.07 № 885 Қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 10-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

10-1. Әділет министрлігіне заңдық сараптама жүргізу үшін келісуге жіберген кезде заң жобалары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобалары әзірлеуші мемлекеттік органның заң қызметі басшысының (не оның міндетін атқарушы тұлғаның) мемлекетті органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдана отырып келісіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11. Осы Үлгі ережеге сәйкес заң қызметтеріне олардың қызметіне тән емес қосымша функцияларды жүктеуге тыйым салынады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Заң қызметтері қызметкерлерін материалдық ынталандыру туралы

 

ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 145 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның басшысымен келісу бойынша мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал мұндай болмаған жағдайда мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы сыйлықақы берудiң қолданылып жүрген жүйесiн және бар мүмкiндiктердi ескере отырып, заң қызметiнiң қызметкерлерiне қосымша материалдық ынталандыру белгiлеуге құқылы.