|
Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2021 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 16 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 33) тармақшасында көзделген пайдаланылмайтын мүлікті қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдардың мүлкінің жекелеген түрлерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару (бұзылуын және жойылуын ресімдеу) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына және оны іске асыру мақсатында қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|