<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН...

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы

(2017.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы № 412-V Заңын қараңыз (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер

(1-6-баптар)

2-тарау. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұру

(7-14-баптар)

3-тарау. Қызметкерлердің құқықтық жағдайы

(15-23-баптар)

4-тарау. Қызмет өткеру

(24-37-баптар)

5-тарау. Демалыстар

(38-47-баптар)

6-тарау. Арнаулы мемлекеттік органдарда қызметті тоқтату

(48-54-баптар)

7-тарау. Аттестаттау және сыныптық біліктілік

(55-61-баптар)

8-тарау. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтік тәртіп

(62-71-баптар)

  • Показать изменения

9-тарау. Қызметкерлерді ақшалай қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау

(72-82-баптар)

  • Показать изменения

10-тарау. Арнаулы мемлекеттік органдарды қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

(83-84-баптар)

11-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

(85-86-баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «курсанттарын», «Курсанттың», «курсанттары», «курсант», «курсанттарды» деген сөздер тиісінше «курсанттарын, тыңдаушыларын», «Курсанттың, тыңдаушының», «курсанттары, тыңдаушылары», «курсант, тыңдаушы», «курсанттарды, тыңдаушыларды» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі - арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесiн айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

1-1) адъюнкт - жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шет мемлекеттің білім беру ұйымына халықаралық шарттарға сəйкес оқуға жіберілген қызметкер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) арнайы жиындар - арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметтік-жауынгерлік даярлығы жөніндегі іс-шаралар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) арнаулы атақ - қызметкерге берілетін арнайы айырым белгісі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

3-1) арнаулы (әскери) оқу орындары - арнаулы мемлекеттік органдардың жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) арнаулы киім нысаны - қызметкерлердің Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне тиесілігін айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысанды киім (киім-кешек) және айырым белгілері;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) арнаулы мемлекеттік органның қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - ұлттық қауіпсіздік органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет атқарып жүрген, арнаулы атақ берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет - ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органдағы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіндегі лауазымдардағы мемлекеттiк қызметтiң ерекше түрi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) арнаулы мемлекеттік органдардың арнайы есебі - кадр қызметкерлерін есепке алу және талдау жүйесі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлерін есепке алу - арнаулы мемлекеттік органдардың әскери міндеттілері (офицерлік құрам) мен басқа да жұмылдыру ресурстарының сандық және сапалық деректерін есепке алу мен талдау жүйесі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) арнаулы мемлекеттік органдардың запасы (бұдан әрі - запас) - қызметтен шығарылған (теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда) және аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарында және сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда арнаулы мемлекеттік органдар запастағы офицерлерінің есебінде тұратын, арнаулы мемлекеттік органдарды толықтырып жасақтауға, жұмылдырушылық өрiстетуге және олардың шығынының орнын толтыруға арналған қызметкерлер;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

9-1) еңбек сіңірген жылдары - қызметкердің күнтізбелікпен де, жеңілдікпен де есептеп шығарылатын, əскери қызметте, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда болу ұзақтығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) Жоғары аттестаттау комиссиясы - арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тізбеге сәйкес басшы құрамның лауазымды адамдарын олардың атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігі және оларды одан әрі неғұрлым орынды қызметтік пайдалану перспективалары туралы аттестаттау қорытындылары мен ұсынымдарын, аттестаттау комиссиясының қорытындыларымен және ұсынымдарымен келіспейтін қызметкерлер шағым жасау тәртібімен ұсынған аттестаттауларды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік орган бірінші басшысының нұсқауы бойынша Жоғары аттестаттау комиссиясының қарауына шығарылған аттестаттауларды қарайтын, тұрақты түрде жұмыс істейтін жоғары консультативтік-кеңесші орган;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

11) курсант - жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (əскери) оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12) қолданыстағы резерв - арнайы жедел тапсырмаларды орындау үшін ерекше тәртіппен қызмет өткеру;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13) қызмет өткеру туралы келісімшарт (бұдан әрі - келісімшарт) - тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

13-1) магистранттар және докторанттар - арнаулы (әскери) оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14) отставка - қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығару немесе запаста болудың шектi жасына жеткендерді арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлері есебінен алып тастау не арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлері есебінен алып тастай отырып, қызметтен шығару;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15) полиграфологиялық зерттеу - адамның жекелеген физиологиялық реакцияларын (тыныс алу, жүрек соғуы, терінің тітіркенуі және тағы басқалары) арнайы датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын жауап алу рәсімі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16) психофизиологиялық куәландыру - арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке кандидаттардың, олардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-1) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

16-1) тыңдаушы - қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (əскери) оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

17) уәкілетті басшы - осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметкерлермен келісімшарт жасасу, оларды лауазымға тағайындау, ауыстыру, қызметтен босату, шығару, сондай-ақ оларға арнаулы атақ беру туралы бұйрықтар (жеке құрам бойынша бұйрықтар) шығару құқығы берілген лауазымды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар - арнаулы мемлекеттік органдарда штаттарды құру, тарату, орын ауыстыру, қайта жасақтау, бағыныстылығын өзгерту, ұлғайту және қысқарту бойынша жүргізілетін іс-шаралар.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық негізі

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары, сондай-ақ осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Арнаулы мемлекеттік органдар - Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету күштерiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнуіне жол бермеу мақсатында барлау және қарсы барлау қызметін, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, жедел іздестіру және техникалық шаралар кешенін жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

2. Арнаулы мемлекеттік органдарға ұлттық қауіпсіздік органдары, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жатады.

  • Показать изменения

Арнаулы мемлекеттік органдардың жанынан консультативтік-кеңесші органдар құрылуы мүмкін, олардың ережесі мен құрамын арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері

Арнаулы мемлекеттік органдарға негізгі міндеттер заңмен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктеледі.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің қағидаттары

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметi Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет қағидаттары негізінде, сондай-ақ:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау мiндеттiлiгi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтi ұйымдастыруға көзқарастардың бiртұтастығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) дара басшылық пен субординация (бағыныстылық);

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) қызметтің жария және жария емес әдістері мен құралдарының ұштасуы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiнен тәуелсiз болу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) құпиялық және жасырындылық негізінде жүзеге асырылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара)  6-бап өзгертілді

6-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

Осы Заңның күшi барлық қызметкерлерге қолданылады.

  • Показать изменения

Арнаулы мемлекеттік органдардың əскери қызметшілері осы Заңның 7, 10 (11-тармағын қоспағанда), 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 24, 29, 30 (8-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда), 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 40, 50, 75, 77 (4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда) жəне 85 (4-2-тармағын қоспағанда)-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы заңнамасына сəйкес қызмет өткереді.

Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде мемлекеттік саяси қызметшiлерге қолданылады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА ҚЫЗМЕТКЕ ТҰРУ

 

7-бап. Қызметке қабылдау шарттары

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке жасы он сегiзге толған, бірақ осы Заңда белгіленген атақтар бойынша шекті жастан аспаған, қажетті жеке, моральдық және кәсiби қасиеттерi, бiлiм деңгейi, денсаулық жағдайы мен дене бiтiмiнiң даму жағдайы бар Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.

  • Показать изменения

Жедел бөлімшелерге қызметке жасы 23-тен кіші емес азаматтар (курсанттарды, тыңдаушыларды қоспағанда) қабылданады.

Бөлімшелерді жедел және оған теңестірілген бөлімшелерге жатқызуды арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары белгілейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қызметке:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн сырқаты бар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) қызметкердің қызметте болуына байланысты заңда белгіленген шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) қызметке тұрар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) қызметке тұрар алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) қызметке тұрғар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

6-1) қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке тұрғанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан (қызметтен) шығарылған;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9) бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған;;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

10) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе зайыбы (жұбайы) және оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

11) жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) не зайыбы (жұбайы) немесе оның жақын туыстары ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық немесе медициналық куәландырудан немесе полиграфологиялық зерттеуден өтпеген адам қабылданбайды.

Арнаулы мемлекеттік орган кандидатқа қызметке қабылдаудан бас тартудың анықталған себебін түсіндірмеуге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қабылданатын азаматтар қызметке жарамдылығын айқындау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық және медициналық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді. Полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. Арнаулы мемлекеттік органға қызметке тұрған кезде адам және оның отбасы мүшелері (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толған балалары мен оның асырауындағы және онымен үнемі бірге тұратын адамдар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкi туралы декларацияны тапсырғандары туралы мәліметтер ұсынуға мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

5. Əскери немесе құқық қорғау қызметін өткерген азамат арнаулы мемлекеттік органға қызметке кірген кезде əскери немесе құқық қорғау қызметінен шығарылған күнінен бастап арнаулы мемлекеттік органға қызметке қабылданған күніне дейін үш айдан аспаса, оның көрсетілген кезеңде өзге де жеке жəне заңды тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда қызметте болуы үзіліссіз деп есептеледі.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8-бап. Қызметке кандидаттарды іріктеу және қабылдау

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды тексеруді арнаулы мемлекеттік органдардың кадр және өзге де бөлімшелері жүзеге асырады.

Қызметке кандидаттарды іріктеу және қабылдау іс-шараларын ұйымдастыруды, өткізу тәртібін және әдістемесін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қажетті құжаттардың тізбесін, оларды ресімдеу тәртібін, сондай-ақ тексеру жүргізу мерзімдерін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Қызметке кандидат білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі, дене бітімі дайындығы мен денсаулық жағдайы бойынша тиісті арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген талаптарға сай болуға тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Кандидатты медициналық куәландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Кәсіби-психологиялық іріктеу бойынша іс-шараларды психологиялық-әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары жүргізеді. Бұл ретте кандидаттың жеке, тұлғалық, кәсіби сипаттамаларының арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігі айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Кандидаттың келісімшарт бойынша қызметке тұру үшін белгіленген талаптарға сай келетін құжаттарын құрылымдық, аумақтық және өзге де бөлімшелер бағалау үшін тиісті арнаулы мемлекеттік органға жібереді.

Қажет болған жағдайда, кандидат кәсіби жарамдылығын тексеру үшін тиісті арнаулы мемлекеттік органға шақырылуы мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қабылдау, әдетте, конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Конкурстық негізде орналастырылатын лауазымдар тізбесін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Конкурсқа қатысу үшін келген азаматтың кандидатурасын құрылуы мен жұмыс тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын конкурстық комиссия қарастырады.

Конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Конкурстық комиссияның оң қорытындысы келіп түскен кезде уәкілетті басшы кандидатпен келісімшарт жасасады, қажетті материалдарды ресімдейді және оларды жеке құрам бойынша бұйрық шығару үшін тиісті арнаулы мемлекеттік органға жібереді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10. Тиісті арнаулы мемлекеттік орган конкурс нәтижелері туралы құжаттарды алғаннан кейін іріктеліп алынған кандидаттарға қатысты оларды лауазымға тағайындау туралы жеке құрам бойынша екі ай ішінде бұйрық шығарады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11. Арнаулы мемлекеттік органдарға офицерлік құрамдағы адамдарды қызметке қабылдау арнаулы мемлекеттік органдар басшыларының бұйрықтарымен ресімделеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12. Конкурстық іріктеуден өтпеген азаматтарды лауазымға қабылдаған лауазымды тұлғалар осы Заңда белгіленген тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа тартылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

13. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кіретін адамдар қызметкердің қызметте болуына байланысты заңда белгіленген шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды, олар жазбаша нысанда тіркеледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

14. Курсанттарды, тыңдаушыларды қоса алғанда, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің лауазымына тағайындалған немесе кадрына қабылданған әскери қызметшілер белгіленген тәртіппен әскери есептен алынады және арнаулы мемлекеттік органдардың арнайы есебіне қойылады, олардың тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9-бап. Қызмет өткеру туралы келісімшарт

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1. Қызмет өткеру туралы келісiмшартты Қазақстан Республикасының азаматы уәкілеттi басшымен жасасады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Келiсiмшарт ерiктi түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екi тараптың арасында жазбаша жасалады және өз қолданысын:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) мерзiмінің аяқталуы бойынша;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) қызметкердің мерзiмiнен бұрын қызметтен шығарылуына байланысты;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) қызметкер қызмет өткеру туралы басқа келiсiмшартты жасасқан күннен бастап;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Қызмет өткеру туралы келісiмшартта азаматтың қызметке тұруының ерiктілiгi, азаматтың қызметті өткеруге мiндеттенетін мерзiмi мен келiсiмшарттың басқа да талаптары бекiтіледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Қызмет өткеру туралы келiсiмшарттың талаптары азаматтың келiсiмшартта белгiленген мерзiм ішінде арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру мiндетiн қамтиды. Келiсiмшарттың талаптарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепiлдiктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, оның құқықтарының сақталуын көздейтін нормалар қамтылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Лауазымға Қазақстан Республикасының Президентi тағайындаған қызметкерлер қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасаспастан тиiстi лауазымдағы қызметтi өткередi.

Аталған қызметкерлер лауазымынан босатылғаннан кейiн қызмет өткеру туралы жаңа келісiмшарт жасасады немесе қызметтен шығарылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Келiсiмшарттың нысаны, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртiбi осы Заңмен және арнаулы мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актiлерімен айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7. Қызметті өткеру туралы келісімшарт:

1) үш жылға;

2) бес жылға;

3) он жылға;

4) қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін;

5) курсанттар, тыңдаушылар үшін - арнаулы (əскери) оқу орнында не шет мемлекеттің білім беру ұйымында оқу мерзіміне жəне оны бiтiргеннен кейiн күнтізбелік есептеумен он жыл қызметке;

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер үшін - арнаулы (əскери) оқу орнында не шет мемлекеттің білім беру ұйымында оқу мерзіміне жəне оны бітіргеннен кейін күнтізбелік есептеумен бес жыл қызметке жасалуы мүмкін.

  • Показать изменения

Қызметкер жүктілікке жəне баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста немесе бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста болған уақытта қолданыстағы келісімшарттың мерзімі өткен жағдайда, қызметкер демалыстан шыққаннан кейін екі ай ішінде осы Заңда айқындалатын тəртіппен жаңа келісімшарт жасасады немесе қызметтен шығарылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

10-бап. Қызметкерлерді білім беру ұйымдарына оқуға іріктеу, қабылдау жəне жіберу

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1. Арнаулы (əскери) оқу орындарына немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға түсуге:

1) жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша:

  • Показать изменения

əскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған Қазақстан Республикасы азаматтарының;

  • Показать изменения

əскери қызмет не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген Қазақстан Республикасы азаматтарының жəне əскерге шақыру бойынша мерзімді əскери қызмет өткеріп жүрген əскери қызметшілердің оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін;

келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеріп жүрген əскери қызметшілердің не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген қызметкерлердің оқуға түсетін жылы жиырма бес жасқа толғанға дейін;

  • Показать изменения

2) қысқартылған оқу мерзімімен жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, əскери, арнаулы атақтары, офицерлік құрамның сыныптық шендері бар адамдарды қоспағанда, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасы азаматтарының оқуға түсетін жылы кемінде жиырма екі жасқа толғанға дейін;

  • Показать изменения

3) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша офицерлік құрам қатарынан жоғары білімі бар қызметкерлер мен əскери қызметшілердің құқығы бар.