Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1047 Қаулысы
(2023.17.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2023.13.07. № 559 Қаулысымен күші жойылды (2023 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 65, 428-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарда:
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның объектілерін біріздендіру жөніндегі талаптарды белгілеу;»;
6-тармақта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингі (бұдан әрі - АҚ оқиғаларының мониторингі) - ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын анықтау және сәйкестендіру мақсатында ақпараттандыру объектісін тұрақты бақылау;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) мемлекеттік органдардың серверлік орталығы (бұдан әрі - МO серверлік орталығы) - меншік иесі немесе иеленушісі «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып табылатын және «электрондық үкіметтің» ақпараттық объектілерін орналастыруға арналған серверлік үй-жай (деректерді өңдеу орталығы);»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: