Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 171 Қаулысы (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

«Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 171 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 950 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі

№ 171 қаулысына қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2011 жылғы 16 мамырдағы

№ 519 қаулысымен бекітілген

 

 

Ұлттық ғылыми кеңестер туралы

 ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұлттық ғылыми кеңестер (бұдан әрі - кеңестер) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

2. Кеңестер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің даму бағыттары бойынша алқалы органдар болып табылады.

3. Кеңестер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік басымдықтарына сәйкес ғылым бағыттары бойынша құрылады.

4. Кеңестердің жұмысын ұйымдастыратын Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы (бұдан әрі - сараптама орталығы) кеңестердің жұмыс органы болып табылады.

 

 

2. Кеңестердің құрамы

 

5. Кеңестердің құрамы үш жыл мерзімге бекітіледі және мүшелердің тақ санынан құралуы тиіс.

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг