<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1998.22.12 № 326-I ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Ұлттық архив қоры және архивтер туралы
Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-I Заңы

(2015.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 Осы редакция 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

ҚР 2015 жылғы 17 қарашадағы № 408-V Заңын қараңыз (2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша:

«облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)» деген сөздер тиісінше «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылды, «мұрағат», «мұрағаттарды», «мұрағаттардың», «мұрағаттар», «мұрағаты», «Мұрағат», «мұрағаттарының», «мұрағаттары», «мұрағаттың», «мұрағаттарындағы», «мұрағаттардағы», «мұрағатқа», «Мұрағатының», «мұрағаттарда», «мұрағаттарға», «мұрағаттық», «мұрағаттарынан», «мұрағаттарында» және «мұрағатты» деген сөздер тиісінше «архив», «архивтерді», «архивтердің», «архивтер», «архиві», «Архив», «архивтерінің», «архивтері», «архивтің», «архивтеріндегі», «архивтердегі», «архивке», «Архивінің», «архивтерде», «архивтерге», «архивтік», «архивтерінен», «архивтерінде» және «архивті» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

  • Показать изменения

Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы архив ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

I-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) архив ісі - мемлекеттік ұйымдар мен заңды және жеке тұлғалар қызметінің Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларын құру, олардың сақталуы мен пайдаланылуын ұйымдастыруға байланысты саласы;

  • Показать изменения

2) архивтік құжат - қоғам үшін маңыздылығына қарай, сондай-ақ меншік иесіне құнды, сақталынатын немесе сақталуға жататын құжат;

  • Показать изменения

3) архив - архивқұжаттарының жиынтығы, сондай-ақ архив мекемесі немесе мекеменің, ұйымның немесе кәсіпорынның пайдаланушылар мүдделері үшін архив құжаттарын қабылдау мен сақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

  • Показать изменения

4) архив қорлары - бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты құжаттардың жиынтығы;

  • Показать изменения

5) архив коллекциясы - қор құрушылар қызметінде құрылған және бір немесе бірнеше белгілері бойынша біріктірілген құжаттардың жиынтығы;

  • Показать изменения

6) ведомстволық архив - Ұлттық архив қорының құжаттарын, сондай-ақ оның құрамына кірмеген құжаттарды жинақтауды, уақытша сақтау мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаның мекемесі немесе құрылымдық бөлімшесі;

  • Показать изменения

7) мемлекеттік архив - Ұлттық архив қорының құжаттарын жинақтауға (сатып алуға), тұрақты сақтауға және пайдалануды ұйымдастыруға құқық берілген мемлекеттік мекеме;

  • Показать изменения

8) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры - Ұлттық архив қорының мемлекет үшін бірден-бір маңызы бар және жойылған жағдайда орны толмайтын құжаттарының сақтандыру көшірмелерінің жиынтығы;

  • Показать изменения

9) құжат - материал көзінде дәлме-дәл жазып алынған, бір ізге түсіруге мүмкіндік беретін ақпарат;

  • Показать изменения

10) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

  • Показать изменения

11) Ұлттық архив қоры - заңда белгіленген тәртіппен ұлттық құндылық деп танылған барлық архивтердің, архив қорлары мен коллекцияларының, деректі ескерткіштердің, тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени айрықша маңызы бар құжаттардың жиынтығы;

  • Показать изменения

12) ресми құжат - жеке немесе заңды тұлға жасаған, белгіленген тәртіппен ресімделіп, куәландырылған құжат;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13) уәкiлеттi орган - архивтер мен құжаттаманы басқарудың орталық мемлекеттік органы;

  • Показать изменения

14) жеке архив - Ұлттық архив қорының құжаттарын, сондай-ақ оның құрамына кірмеген құжаттарды жинақтауды, сақтауды, пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік емес заңды тұлғаның мекемесі немесе құрылымдық бөлімшесі немесе жеке адамның қызметі, құжаттарды жинақтауы (сатып алуы) нәтижесінде пайда болған архиві;

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

15) арнайы мемлекеттік архив - архив мекемесі немесе осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының бөлімшесі;

16) адам құрамы жөніндегі құжаттар - қызметкерлердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттар кешенi және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаның аударылуы туралы мәлiметтер;

  • Показать изменения

17) архив құжаттарын пайдаланушы - пайдалану мақсатында ақпарат алу үшiн архив құжаттарына жүгінетін жеке немесе заңды тұлға.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архив ісі

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры (бұдан әрі - Ұлттық архив қоры) Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады және оны Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде мемлекет қорғайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Ұлттық архив қорына Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сақтаулы және халықаралық келісімдерге сәйкес Қазақстанға қайтарылуға тиісті архив құжаттары да жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Ұлттық архив қоры қоғам мен мемлекеттің қажеттерін қанағаттандыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға қызмет етеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Архив ісін дамыту мен жетілдіруге қамқорлық жасауды мемлекет өз мойнына алады. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау барлық жеке және заңды тұлғалардың міндеті болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңдары

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

ҚР ұлттық мұрағат қоры туралы Ережені қараңыз

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау. Ұлттық архив қоры

 

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4-бап. Ұлттық архив қорының құрамы

  • Показать изменения

1. Ұлттық архив қорының құрамына:

1) заң актілері және басқа да ресми құжаттар;

2) басқару, ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық, технологиялық, патенттік-лицензиялық, картографиялық, геодезиялық, геологиялық, телеметриялық және басқа да арнаулы құжаттама;

  • Показать изменения

3) электрондық ақпараттық ресурстар, машинамен оқуға бағдарланған және дыбыстық-бейне құжаттама;

4) тарих пен мәдениетті деректі ескерткіштері;

5) жеке адам тегінің құжаттары және ұлттық құндылық болып табылатын өзге де құжаттама;

6) Қазақстан Республикасының меншігіне түскен өзге де құжаттар;

  • Показать изменения

7) құжаттардың сақтандыру көшірмелері кіреді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Құжаттарды Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу тәртібі, олардың есебін жүргізіп, сақталуын ұйымдастыру осы Заңмен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ұлттық архив қоры, Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ережелермен белгіленеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 5-бап өзгертілді

  • Показать изменения

5-бап. Ұлттық архив қорын қалыптастыру негіздері, толықтыру көздері

2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік архивтерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасы мемлекеттік архивтерінің, облыстар, қалалар, аудандар мемлекеттік архивтерінің және олардың филиалдарының, арнаулы мемлекеттік архивтердің, кітапханалардың, музейлердің құжаттары Ұлттық архив қорын қалыптастырудың негізі болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Ұлттық архив қорын толықтырудың көздері:

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Парламент пен жергілікті өкілді органдардың, Конституциялық Кеңестің, Үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, соттардың, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік заңды тұлғаларының, оның ішінде шет елдегілердің де ведомстволық архивтері;

  • Показать изменения

2) жеке архивтер болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Ұлттық архив қоры Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа мемлекеттердің жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларының меншігіндегі архив құжаттарын сыйға тарту, өсиет етіп қалдыру, сатып алу жолымен де толықтырылуы мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Мемлекет Қазақстан аумағынан тыс жерлерде табылған Қазақстан Республикасының тарихи мұра құжаттарын қайтаруға шаралар қолданады, жинақталған және Қазақстан Республикасымен тарихи байланысты құжаттарды іздестіру мен Отанына қайтаруды көтермелеп, қаржыландырып отырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 11.10.01 ж. № 256-II  ҚР Заңымен; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2009.04.06  № 162-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-бап өзгертілді

  • Показать изменения

6-бап. Құжаттарды, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, оны қалыптастыру мен толықтыру көздерін белгілеу тәртібі

  • Показать изменения

1. Құжаттарды, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, оны қалыптастыру мен толықтыру көздерін белгілеу, сондай-ақ оларды Ұлттық архив қоры құрамынан шығарып тастау құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптама жасау негізінде жүргізіледі. Құжаттардың жасалған жері, мазмұны, сыртқы ерекшеліктері олардың құндылығының өлшемдері болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптаманы уәкілетті орган құратын Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құратын сараптау-тексеру комиссиялары жүргізеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Уәкілетті орган сараптау-тексеру комиссиясының қорытындысы негізінде:

  • Показать изменения

1) Ұлттық архив қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерінің тиісті атқарушы органдармен келісілген тізімдерін бекітеді;

  • Показать изменения

2) құжаттарды, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қоры құрамына жатқызу туралы, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешімдер қабылдайды. Саяси және идеологиялық пікірлер бойынша Ұлттық архив қоры құрамынан шығарып тастауға тыйым салынады;

  • Показать изменения

3) тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібiн белгілейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Ұлттық архив қорын қалыптастыру және толықтыру көздерi болып табылатын:

  • Показать изменения

1) республикалық меншiктегi ұйымдардың құжаттарын уәкiлеттi органның келісімiнсiз;

  • Показать изменения

2) коммуналдық меншiктегi ұйымдардың құжаттарын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының  келісімінсіз;

  • Показать изменения

3) жеке меншіктегі ұйымдардың құжаттарын архивтің орналасқан жеріне қарай уәкілетті органның не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының келісімінсіз жоюға рұқсат етілмейді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 7-бап өзгертілді

  • Показать изменения

7-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын меншіктену құқықтарына кепілдік беру мен оларды қорғау

  • Показать изменения

1. Ұлттық архив қорының құжаттары мемлекеттік және жеке меншікте болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Мемлекеттік меншіктегі құжаттарға:

2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтерінде және олардың филиалдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде сақтаулы тұрған, оның ішінде 1917 жылға дейін жасалған, арнаулы мемлекеттік архивтердегі, мемлекеттік кітапханалардағы және музейлердегі республикалық меншіктегі, Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорындағы құжаттар;

2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, орталық атқарушы органдарының, Жоғарғы Сотының, Бас прокуратурасының, Ұлттық Банкінің және басқа да мемлекеттік республикалық заңды тұлғалардың қызметі нәтижесінде жасалған және жасалып жатқан құжаттар;

  • Показать изменения

2) коммуналдық меншіктегі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық, аудандық мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдарында сақтаулы, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, соттардың, прокуратураның, коммуналдық кәсіпорындар мен басқа да мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметі нәтижесінде жасалған және жасалып жатқан құжаттар жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің қызметі немесе жинауы (сатып алуы) нәтижесінде жасалған құжаттары жеке меншікке жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын иелену және пайдалану құқықтары беріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Архив құжаты меншік иесінің келісімінсіз сот шешімі негізінде ғана алып қойылуы мүмкін. Архив құжаттарының түпнұсқалары сот-тергеу істері үшін алып қойылған жағдайда құжат иесіне олардың дубликаттары немесе көшірмелері қалдырылады. Сот (тергеу) процесі біткеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары меншік иелеріне қайтарылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру, сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту, яғни меншік құқығын беруге байланысты мәмілелер жасау объектісі бола алмайды, сондай-ақ оларды тұрақты сақтау үшін басқа мемлекеттерге әкетуге болмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Ұлттық архив қорының жеке меншіктегі құжаттары, меншік иесінің уәкілетті органмен алдын ала жазбаша келісімімен кейін ғана және аталған құжаттардың дубликаттарын немесе көшірмелерін мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға тапсырған жағдайда сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту объектісі бола алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тыс жерлерге әкетуге болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8. Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың құжаттарын меншіктену құқығын мемлекетке беру тараптардың келісімі бойынша жасалады. Жеке адамдар құжаттарын пайдалануға шектеу мерзімін архивке берілген кезден бастап 70 жылдан аспайтын уақытқа белгілей алады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен ; 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8-бап өзгертілді

  • Показать изменения

8-бап. Заңды тұлғалар қайта құрылған не таратылған жағдайда архив құжаттарына меншік құқығы

  • Показать изменения

1. Мемлекеттік ұйымдар жекешелендірілгенде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жекешелендірілгенге дейін жасалған Ұлттық архив қорының құжаттары мемлекеттік меншік мәртебесін сақтап қалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Мемлекеттік заңды тұлғалардың шетел компаниясының немесе жеке адамның басқаруына берілген архивтері мемлекеттік меншік мәртебесін сақтап қалады және мемлекетке қайтарылуға тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған кезде Ұлттық архив қорының құжаттары мен адам құрамы жөніндегі құжаттар өңделген күйде құқық мұрагерлерiне берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Заңды тұлғалар таратылған кезде Ұлттық архив қоры құжаттарының және жеке құрам жөнiндегi құжаттардың одан әрi сақталатын орны туралы шешiмдi уәкiлеттi органмен келiсу бойынша тарату комиссиясы немесе банкроттықты басқарушы қабылдайды.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-тарау. Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік

  • Показать изменения

есебін жүргізу, оларды сақтау, сақталуын қамтамасыз ету, тұрақты сақтауға беру

 

2004.20.12 № 13-III  ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

9-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу

  • Показать изменения

1. Ұлттық архив қорының құжаттары, олардың меншік нысандарына қарамастан, орталықтандырылған мемлекеттік есепке алынуға тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар құжаттардың құрамы туралы деректер есебiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргiзедi және осы деректердi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздері туралы деректер жиыны (каталогы)

  • Показать изменения

1. Уәкілетті орган Ұлттық архив қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздері туралы деректер жиынын (каталогын) жүргізіп отырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Уәкілетті орган мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың сауалдарын қанағаттандыру үшін Ұлттық архив қоры Құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы деректер жиынының (Каталогының) ақпаратына қол жеткізілуін және пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндетті, бұған осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайлар қосылмайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді

  • Показать изменения

11-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау

  • Показать изменения

1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық архивтерде уақытша сақталу сатысынан өтеді, содан соң Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға ерекше құқық берілетін Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік архивтері мен олардың филиалдарына беріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары желісін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдар бекітеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Ұлттық архив қорының құжаттарын жинақтау, сақтау мен пайдалану үшін жеке және заңды тұлғалар ведомстволық және жеке архивтер құрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. Ұлттық архив қорының жеке меншіктегі құжаттарын сақтау және пайдалану жөніндегі міндеттемелер олардың меншік иелері уәкілетті органмен және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жасасқан шарттарда көрсетіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Мемлекет меншігі болып табылатын Ұлттық архив қоры құжаттарының ресми түпнұсқаларымен жеке архивтерді толықтыруға тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен 12-бап өзгертілді

  • Показать изменения

12-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету

  • Показать изменения

1. Ұлттық архив қоры құжаттарының меншік иелері олардың сақталуын қамтамасыз етуге және құжаттардың сақтандыру көшірмелерін жасауға міндетті.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Ұлттық архив қорының құжаттары (мемлекеттік меншіктегі), сондай-ақ мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдарының үйлері, үй-жайлары мен жабдықтары иеліктен шығаруға жатпайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Архив қорлары, архив коллекциялары, олардың бөлiктерi заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының объектiлерiне жатқызылуы және тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiне енгiзiлуi мүмкiн.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді

  • Показать изменения

13-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға беру

  • Показать изменения

1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық архивтерде сақтау мерзімі өткен соң мемлекеттік архивтерге тұрақты сақтауға берілуге тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1-1. Ұлттық архив қорының құжаттарын өңдеу мен беру құжаттарды архивтерге беретiн заңды тұлғалардың күшi мен қаражаты есебiнен, уәкiлеттi орган бекiткен ережелерге сәйкес жүргiзiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. алып тасталды

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын тұрақты сақтауға басқа мемлекеттерге беруді ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті орган жүргізеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4-тарау. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану

 

  • Показать изменения

14-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану тәртібі

  • Показать изменения

1. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Ұлттық архив қорының ведомстволық және жеке архивтерде сақталатын құжаттарын пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен 15-бап өзгертілді

  • Показать изменения

15-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдаланудағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне кепілдіктер

  • Показать изменения

1. Мемлекеттік меншік болып табылатын архив құжаттарындағы ақпараттар мемлекеттік интеллектуалдық меншігі ретінде Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтері мен олардың филиалдарындағы құжаттар, сондай-ақ оларға арналған ақпарат жүйесі олар мемлекеттік архивтер мен филиалдарға келіп түскен соң бір жыл өткеннен кейін жұртшылықтың пайдалануы үшін ашылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Ұлттық архив қорының жеке меншіктегі құжаттарын пайдалану меншік иесінің келісімімен ғана жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының мемлекеттік және ведомстволық архивтер мен олардың филиалдарында сақталатын, Ұлттық архив қорының пайдалану үшін ашық құжаттарын тегін пайдалануға құқығы бар. Жеке және заңды тұлғалардың жекелеген санаттарына құжаттарды пайдалануды шектеу осы Заңның 16-бабында белгіленеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Мемлекеттік, ведомстволық және жеке архивтер жеке және заңды тұлғаларға өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құжаттар негізінде тиісті архивтік анықтамалар беріп отыруға міндетті. Заңды және жеке тұлғалардың архивтік құжаттан куәландырылған архивтік көшірмелер мен үзінділер алуға құқығы бар. Мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары, ведомстволық және жеке меншік архивтер берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалық заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

16-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланудағы шектеулер

  • Показать изменения

1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік және мемлекеттік емес құпиялары бар құжаттарын пайдаланудағы шектеулер, оларды құпиясыздандыру және жалпы пайдалануға беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Құжаттарды кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың пайдалануына тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Пайдалануға шектеу қоюға құқығы бар меншік иелерінің архив құжаттарын олардың өздері немесе құқық мұрагерлері (мұрагерлері) келісім бергенде ғана пайдалануға болады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен 16-1-баппен толықтырылды

  • Показать изменения

16-1-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланушылардың мiндеттерi

  • Показать изменения

Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланушылар:

1) пайдаланылатын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;

2) пайдаланылған құжаттар мәтiнiнiң өңiн айналдыруға және оны бұрмалауға жол бермеуге;

3) құжаттарды жариялаған кезде олардың сақталу орнын және оның иесін көрсетуге міндетті.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ; 2007.05.05  №  247-III  (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 17-бап өзгертілді

  • Показать изменения

17-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын коммерциялық мақсатта пайдалану

2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Бюджет қаражаты есебінен қамтылатын мемлекеттік және ведомстволық архивтер өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуге құқылы, оларға төленетін ақы міндетті сипатта болмайды, жеке және заңды тұлғалармен келісім бойынша айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Құжаттарды коммерциялық жолмен пайдалану кезінде оларға меншік құқығы олардың меншік иесінде сақталады.