Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 мамырдағы № 262 Қаулысы (2023.04.10. берілген өзгерістермен)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

«Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 мамырдағы № 262 Қаулысы

(2023.04.10. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) құрылсын.

2. Серіктестік қызметінің негізгі нысанасы этносаралық қатынастар саласындағы қолданбалы этносаяси зерттеулер болып айқындалсын.

3. Серіктестіктің жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) теңгеріміндегі республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Министрлікпен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркеуді;

2) серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Министрлікке беруді;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2020 жылғы 2 мамырдағы

№ 262 қаулысына

қосымша

 

 

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына берілетін республикалық мүліктің

тізбесі

 

Р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

Кондиционерлеуге арналған жабдық

дана

3

2

«Seven Hills of Kazakhstan» ЖШС термопринтері

дана

1

3

«Seven Hills of Kazakhstan» ЖШС деректерді жинау терминалы

дана

1

4

Электрографиялық көшіру машинасы

дана

1

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2020 жылғы 2 мамырдағы

№ 262 қаулысымен

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг