Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 446 Қаулысы (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

«Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 446 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 772 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 24-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесінде:

3, 4, 5, 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Білім беру грантын беру жөніндегі конкурсты білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын республикалық конкурстық комиссия және тиісті облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімінің шешімімен құрылатын жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы өткізеді.

4. Республикалық конкурстық комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) басшылары санынан қалыптастырылады.

Республикалық конкурстық комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс. Республикалық конкурстық комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі және 1-10 тамыз кезеңінде өткізіледі.

Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалдарының, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, аталған аумақта орналасқан ЖОО басшылары санынан қалыптастырылады.

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг