«Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шiлдедегi № 249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 209 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысаны;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілік нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Есептілікті жинауды жүзеге асыру тәртібі»;
5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«5. Есептілік мынадай ақпаратты қамтиды:
1) ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
2) бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
3) ойын автоматына технологиялық салынған ұтыстың белгіленген пайызы туралы мәлімет;
4) лицензия алған кезде көрсетілген ойын үстелдері санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер;
5) кассалар тізімі мен қызметкерлер саны туралы мәліметтер;
6) қызмет түрінен төленген жалпы салық сомасы туралы мәліметтер;