<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ОТБАСЫ ҮЛГІСІНДЕГІ БАЛАЛАР АУЫЛЫ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ...

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Отбасы үлгiсіндегі балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы
2000 ж. 13 желтоқсандағы № 113-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

(2018.24.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен тақырыбына орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді

 

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер

(1 - 3 баптар)

  • Показать изменения

2-тарау. Балалар ауылы тәрбиеленушілерінің құқықтары

(4 - 10 баптар)

  • Показать изменения

3-тарау. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы (балалар ауылы)

(11 - 21 баптар)

  • Показать изменения

4-тарау. Жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталығы)

(22 - 32 баптар)

  • Показать изменения

5-тарау. Балалар ауылдары мен жасөспірімдер үйлерінің тәрбиеленуші-балаларына арналған мемлекеттік кепілдіктер

 

(33 - 37-баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша:

«Жасөспірімдер үйлерінің», «Жасөспірімдер үйлерінде», «Жасөспірімдер үйлері», «Жасөспірімдер үйлерін», «Жасөспірімдер үйлерінен», «Жасөспірімдер үйлеріне» деген сөздер тиісінше «жасөспірімдер үйлерінің», «жасөспірімдер үйлерінде», «жасөспірімдер үйлері», «жасөспірімдер үйлерін», «жасөспірімдер үйлерінен», «жасөспірімдер үйлеріне» деген сөздермен ауыстырылды;

 «18 жасқа», «жасы 23-ке», «23 жасқа», «16 жастан», «18 жастан» деген сөздер тиісінше «он сегіз жасқа», «жиырма үш жасқа», «он алты жастан», «он сегіз жастан» деген сөздермен ауыстырылды,

орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

«білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган», «Білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган», «уәкілетті білім беру органы» деген сөздер тиісінше «білім беру саласындағы уәкілетті орган», «Білім беру саласындағы уәкілетті орган», «білім беру саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұрып, тәрбиелену құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ оларға имандылық-рухани, еңбек тәрбиесi мен білім берудi жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында құрылатын отбасы үлгiсіндегі балалар ауылдарының және Жасөспiрiмдер үйлерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар

2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасы үлгiсіндегі балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерiнде бағып-күтiлуiне, тәрбиеленуiне, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берумен қамтамасыз етiлуiне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Осы Заңмен реттелмеген қатынастарға өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң нормалары қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсіндегі балалар ауылдары және Жасөспiрiмдер үйлерi туралы заңдары

2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсіндегі балалар ауылдарында және Жасөспiрiмдер үйлерiнде тәрбиеленушi-балалардың бағып-күтiлуiн, тәрбиеленуiн, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берумен қамтамасыз етiлуiн реттейтiн заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады және халықаралық шартқа орай оның қолданылуы үшiн Қазақстан Республикасының Заңын шығару талап етiлетiн жағдайлардан басқа реттерде тiкелей қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Осы Заңның негiзгi принциптерi мен мiндеттерi

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Осы Заң адамгершiлiк, әдiлеттілік, жеке адамның еркiн дамуы, тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн басымдылықпен қорғау, балалар ауылы және Жасөспiрiмдер үйлерi отбасы мүшелерiнiң өзара көмек және қолдау көрсету принциптерiне негiзделедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Осы Заң балалар үйлерiн кезең-кезеңiмен балалар ауылдарына айналдыруға және елде отбасы үлгiсіндегі балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерiн құруға бағытталған, олардың қызметi мынадай мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етуге тиiс:

2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) тәрбиеленушiлердiң бағып-күтiлуi, тәрбиеленуi, олардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім алуы үшiн, соның iшiнде олардың дене бiтiмi, психикалық, имандылық және рухани дамуына әсер ететiн жағдайлар жасау;

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) тәрбиеленушiлердiң әлеуметтiк бейiмделуiн қамтамасыз ету;

3) тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың психофизикалық жай-күйiн нығайту және профилактикалық шаралар жүргiзу;

4) тәрбиеленушiлерге еңбек ету дағдыларын сiңiру, еңбек рыногында талап етiлетiн кәсiптерге оқытып-үйрету;

5) тәрбиеленушiлерге болашақ кәсiбiн дұрыс таңдауға және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау. Балалар ауылы тәрбиеленушілерінің құқықтары

 

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4-бап. Балалар ауылында тәрбиеленуші балалар

  • Показать изменения

Балалар ауылында тәрбиеленуші балалар (тәрбиеленушiлер):

  • Показать изменения

1) жетiм балалар - ата-анасының екеуi де немесе жалғызiлiктi шешесi (әкесi) қайтыс болған он сегіз жасқа дейiнгi балалар;

  • Показать изменения

2) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар ата-аналарының ата-ана құқығы шектелуiне немесе ата-ана құқығынан айырылуына, ата-аналары хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануына, iс-әрекетке қабiлетсiз (iс-әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-аналарының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүруiне, ата-аналарының балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, соның iшiнде ата-аналардың тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен өз балаларын алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқорлығы болмауының өзге де жағдайларында жалғызiлiктi шешесiнiң (әкесiнiң) немесе ата-анасының екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған он сегіз жасқа дейiнгi балалар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Тәрбиеленушiнiң балалар ауылы отбасында тұру және тәрбиелену құқығы

  • Показать изменения

1. Әрбiр тәрбиеленушi өзi он сегiз жасқа толғанға дейiн балалар ауылы отбасында тұруға және тәрбиеленуге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Тәрбиеленушiнiң:

1) өзiнiң адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне;

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) тәрбиешi-ана тарапынан қамқорлық көруiне және онымен бiрге тұруға құқығы бар.

  • Показать изменения

3) 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Тәрбиеленушiнiң өз пiкiрiн бiлдiру құқығы

1. Тәрбиеленушi отбасында өзiнiң мүдделерiне қатысты кез келген мәселенi шешу кезiнде өз пiкiрiн бiлдiруге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Тәрбиеленушi өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты кез келген сот iсiн немесе әкiмшiлiк iстi қарау барысында сөзiн тыңдатуға құқылы.

Жасы онға толған тәрбиеленушi пiкiрiнiң, бұл оның мүдделерiне қайшы келетiн реттердi қоспағанда, ескерiлуi мiндеттi.

Тәрбиеленушiнiң пiкiрi:

1) тәрбиешi-ана білім беру мекемесiн және оқыту нысанын таңдаған кезде;

2) тәрбиешi-ана отбасылық тәрбие мен білім беруге қатысты мәселелердi шешкен кезде;

3) сот баланы тәрбиешi-анадан өз ата-анасына қайтару туралы олардың талаптарын қараған кезде;

4) сот баланың ата-анасының ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда;

5) сот баланың ата-анасының ата-ана құқықтарын шектеудiң күшiн жою туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда ескерiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-бап. Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға құқығы

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Балалар ауылының тәрбиеленушiсiнiң өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға құқығы бар.

  • Показать изменения

Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды балалар ауылының әкiмшiлiгi, қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор және сот, сондай-ақ өз құзыреті шегінде ішкі істер органдары мен өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң балалар ауылының әкiмшiлiгi, сондай-ақ тәрбиешi-ана тарапынан қиянат жасалуынан қорғалуға құқығы бар.

  • Показать изменения

Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған, соның iшiнде балалар ауылының әкiмшiлiгi, сондай-ақ тәрбиешi-ана оны бағып-күту, тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім алу жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттерiн орындамаған немесе дұрыс орындамаған не олар өз құқықтарын асыра пайдаланған жағдайда, бала өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғаннан кейiн - сотқа өз бетiнше өтiнiш жасауға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Баланың өмiрiне немесе денсаулығына қатер төнгенi туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылғандығы туралы мәлiм болған ұйымдардың лауазымды адамдары және адамдар бұл жөнiнде баланың нақты орналасқан жеріндегі қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға мiндеттi. Мұндай мәлiметтердi алған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8-бап. Тәрбиеленушiнiң тұрғын үйге құқығы

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Тәрбиеленушi балалар ауылында болған бүкiл кезеңде тұрғын үйдің басқа да меншік иелерiмен бiрге ортақ меншiкке құқығын сақтайды. Ортақ меншіктегі, оның iшiнде балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң де меншiгiндегi тұрғын үйдi иелiктен айырудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Ата-аналарынан, туыстарынан немесе басқа адамдардан өзiне мұрагерлiк немесе сыйға тарту тәртібімен және басқа да заңды негiзде ауысқан тұрғын үйге меншiк құқығы бар тәрбиеленушi балалар ауылында болған барлық кезеңде оған құқығын сақтайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй тәрбиеленушiге ол балалар ауылында болған барлық уақыт iшiнде сақталады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Тұрғын үйi жоқ тәрбиеленушi балалар ауылында болуы аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-бап. Тәрбиеленушiнiң мүлiкке құқығы

Тәрбиеленушiнiң:

1) өзi сыйға тарту, мұрагерлiк тәртібімен және басқа заңды негiзде алған мүлiкке;

2) банк салымынан проценттер түрiнде алынған табыстарға;

3) өзiне тиесiлi тұрғын үйдi жалға беруден алынған табыстарға;

4) шығармашылық, кәсiптiк, еңбек және өзге де қызметтен түскен табыстарға меншiк құқығы сақталады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

10-бап. Тәрбиеленушінің әлеуметтік төлемдерге құқығы

  • Показать изменения

1. Тәрбиеленушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерге, сондай-ақ ата-анасынан алынатын өзіне тиесілі алименттерге құқығы бар.

  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәрбиеленушіге тағайындалған жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ тәрбиеленушіні бағып-күтуге ата-анасынан өндіріп алынатын қаражат тәрбиеленушіге жазбаша хабар беріле отырып, оның атына банк шоттарына аударылуға тиіс.

Балалар ауылдарының әкімшілігі мен тәрбиеші-аналарының алименттерден, жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерден түскен қаражатты тәрбиеленушілердің банк шоттарынан алуға құқығы жоқ.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-тарау. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы (балалар ауылы)

 

11-бап. Балалар ауылындағы отбасы

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Балалар ауылындағы отбасы - балаларды тәрбиелеудiң жаңа нысанынан туындайтын, отбасылық қатынастарды нығайтуға және еңбек дағдыларын сiңiруге, оқыту мен тәрбиелеуге жәрдемдесуге бағытталған жеке мүлiктiк емес құқықтармен және мiндеттермен байланысты адамдар тобы (тәрбиеші-ана, тәрбиеленушілер).

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Балалар ауылында балаларды бағып-күтудi және тәрбиелеудi білім беру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен конкурстық iрiктеуден өткен тәрбиешi-ана отбасында жүзеге асырады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Балалар ауылындағы отбасы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12-бап. Балалар ауылының құқықтық мәртебесi

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Балалар ауылы - тәрбиеленушi балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және осы Заңмен белгiленген функцияларды орындау үшiн коммерциялық емес ұйым ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылатын заңды тұлға.

Мемлекет Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдар арқылы балалар ауылының құрылтайшысы бола алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Балалар ауылының оқшауланған аумағы болады, оның ең аз көлемiн, онда орналасқан пәтер үлгiсіндегі тұрғын үй-жайларды, әкiмшiлiк үйлер мен отбасыларының тұруына арналған ғимараттарды, сондай-ақ үй іргесіндегі және қосалқы (үй) шаруашылықты қоса, Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Балалар ауылы, әрқайсысында жасы он сегiзге дейiнгi жетiден он тәрбиеленушi балаға дейiн тұратын және тәрбиеленетiн бiрнеше отбасынан, сондай-ақ белгiлi бiр кезеңде жиырма үш жасқа дейiнгi балалар үйлерiнiң, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерi мен балалар ауылының тәрбиеленушiлерi тұруға арналған Жасөспiрiмдер үйлерiнен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Балалар ауылы, әдетте, шағын және орташа қалаларда, селолық елдi мекендер мен iрi қалалар маңындағы аймақтарда орналасады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13-бап. Балалар ауылының қызметiн басқару

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Балалар ауылының қызметiн басқаруды балалар ауылының құрылтайшысы оның Жарғысына сәйкес тағайындайтын әкiмшiлiк жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Балалар ауылы әкiмшiлiгiнiң негiзгi қызметiне:

1) балалар ауылының жұмыс iстеуiне қалыпты жағдай жасау және Жасөспiрiмдер үйлерiнiң материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) тәрбие процесіне басшылық жасау, оқуды бақылау;

3) балалар ауылының инфрақұрылымын жетiлдiру;

4) балалар ауылына келiп түскен қаражатты материалдық қамтамасыз ету нормаларына сәйкес тәрбиешi-аналардың арасында бөлу;

5) тәрбиешi-аналардың, Жасөспiрiмдер үйлерi директорларының ай сайынғы қаржы есептерiн қабылдау және талдау жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Балалар ауылының әкiмшiлiгi туралы ереженi білім беру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган бекiтедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14-бап. Тәрбиешi-анаға қойылатын талаптар

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Жиырма жеті жасқа толған, жоғары, орта білімнен кейінгі немесе орта (техникалық және кәсіптік) білімі бар, некеде тұрмайтын, өзінің кәмелетке толмаған не асырап алған балалары жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары:

1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған адамдарды;

2) сот ата-ана құқығынан айырған немесе сот арқылы ата-ана құқығы шектелген адамдарды;

3) өзiне заңмен жүктелген мiндеттердi дұрыс орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы) мiндеттерiнен шеттетiлгендердi;

4) бұрынғы бала асырап алушыларды, егер өздерiнiң кiнәсiнен олардың бала асырап алушылығы жағдайын сот жойған болса;

  • Показать изменения

5) сотталғандығы бар адамдарды;

6) денсаулық жағдайына қарай бала тәрбиелеу жөніндегі мiндеттердi жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, тәрбиешi-ана бола алады. Адамның тәрбиелеуге бала қабылдап алуға болмайтын аурулары тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2. Бiлiм беру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган тәрбиешi-аналардың біліктілік санаттарын әзiрлейдi және белгiлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Балалар ауылында тәрбиеленуші балалардың мүдделерін неғұрлым толығырақ қамтамасыз ету үшін қорғаншы және қамқоршы органдардың конкурстық іріктеуден өткен тәрбиеші-аналардың кадр резерві болуы мүмкін.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15-бап. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеу

1. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеудi балалар ауылы әкiмшiлiгi өкiлiнiң қатысуымен, қорғаншы және қамқоршы органдардың жолдамасы негiзiнде тәрбиешi-ана жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеген кезде қорғаншы және қамқоршы органдар оған мұрагерлiк, сыйға тарту тәртібімен немесе басқа да заңды негiздер бойынша берiлген мүлiктiң бар екендiгiн анықтауға және балалардың мүлiкке құқығын қорғаудың және осы мүліктi сақтаудың тиiстi шараларын қолдануға мiндеттi (заң бойынша балаларға мұрагерлiкке өтуге тиiс мүлiктi анықтау, сақтау және басқару; мүлiктi заңсыз иеленген тұлғалардан оны талап ету; борышқорлардан ақшаны өндiрiп алу және басқалары).

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Егер балалар ауылына берiлген балалардың басқа жерде тұрған мүлкi болса, онда бұл мүлiктi қорғауды мүлiк тұрған жердегi Қорғаншы және Қамқоршы орган жүзеге асырады және қажет болған жағдайда олар мүлiкке қорғаншы тағайындауы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. Ақшалай сомалар тәрбиеленушінің банк шотына салынады. Шоттың бар екендігі туралы құжаттар балалар ауылының әкімшілігінде сақталады.

  • Показать изменения

Шоттың бар екендігі туралы құжаттардың көшірмелері тәрбиеші-анаға беріледі.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16-бап. Балаларды балалар ауылы отбасына берудiң тәртібі

2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

1. Балаларды отбасында бағып-күту, тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берумен қамтамасыз ету тәрбиеші-ана, балалар ауылының әкімшілігі мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған балаларды беру туралы шарт негiзiнде жүзеге асырылады. Балаларды балалар ауылы отбасына беру туралы үлгi шартты білім беру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган бекiтедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Балаларды отбасына берген кезде қорғаншы және қамқоршы орган олардың мүдделерiн басшылыққа алады.

Балаларды отбасына беру олардың пiкiрi және тәрбиешi-аналардың тiлегi ескерiле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған балалар, балалар ауылы отбасына, олардың келісімiмен берiлуi мүмкiн.

  • Показать изменения

Балалар ауылы отбасына берген кезде балалардың мүддесiне орай олардың этникалық шығу тегi, белгiлi бiр дiндi және мәдениеттi ұстанатындығы, ана тілі, тәрбие мен білім беруде сабақтастықты қамтамасыз етудiң мүмкiндiктерi ескерiлуге тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Бiрге туған ұл-қыздар, медициналық не басқа да себептермен бiрге тәрбиеленуге болмайтын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасына берiлуге тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. Балалар ауылына берiлетiн әрбiр балаға арнап қорғаншы және қамқоршы органдар балалар ауылының әкімшілігіне мынадай құжаттар тапсырады:

1) тууы туралы куәлiк;

2) денсаулығы туралы анықтама және баланың сырқаты тарихынан үзiндi көшiрме;

  • Показать изменения

3) анасының денсаулығы және оның босану жағдайы туралы анықтама (бала сәбилер үйінен берiлген жағдайда);

4) білімi туралы құжат (мектеп жасындағы балалар үшін);

  • Показать изменения

5) ата-аналары туралы құжаттар (қайтыс болғандығы туралы куәлiктiң көшiрмесi, соттың үкімі немесе шешiмi, ата-аналарының сырқаты, оларға iздестiру туралы анықтама және ата-аналарының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуi мүмкiн еместiгiн растайтын басқа да құжаттар);

6) ағасы, iнiсi, апасы, сiңлiсi, қарындасы бар екендiгi және олардың тұрғылықты жерi туралы анықтама;

  • Показать изменения

7) балаға тиесiлi мүлiктiң тiзiмдемесi және оның сақталуы үшiн жауапты тұлғалар туралы мәлiметтер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8) кәмелетке толмағандарға бұрыннан тұрып келген тұрғын үй алаңын бекiтiп беру туралы құжаттар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бала мен оның ата-анасының жылжымайтын мүлікке құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтері;

9) алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi, сондай-ақ жәрдемақыға, зейнетақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын растайтын құжаттар;

  • Показать изменения

10) банкте баланың атына ашылған шоттың бар екендiгi туралы құжаттардың көшірмелері;

11) өзге де құжаттар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17-бап. Балалар ауылының отбасына балаларды беру туралы шарт

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Балаларды беру туралы шартта:

1) балалар ауылы тәрбиеленушілерінің тәрбиелену, білім алу және бағып-күтілу жағдайлары;

2) тәрбиеші-ананың, балалар ауылы әкімшілігінің құқықтары мен міндеттері;

3) тәрбиеші-аналарға қатысты қорғаншы және қамқоршы органдардың міндеттері;

4) балаларды беру туралы шартты тоқтатудың негіздері мен салдары қамтылуға тиіс.

Балалар тәрбиешi-аналардың тәрбиесiне он сегiз жасқа толғанға дейiнгi мерзiмге берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Балалар ауылының отбасына балаларды беру туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзу:

1) дәлелдi себептер болған жағдайда (сырқаттануына, отбасы жағдайының өзгеруiне байланысты және өз мiндеттерiн орындауға мүмкiндiгi болмайтын басқа да жағдайларда), тәрбиешi-аналардың бастамашылығы бойынша;

  • Показать изменения

2) тәрбиешi-ана өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтарса, өз құқықтарын асыра пайдаланса, балаларға қатыгездiкпен қараса, оның iшiнде оларға күш көрсетсе немесе психикалық қысым жасаса және балаларды бағып-күту, тәрбиелеу және оларға білім беру үшiн басқа да қолайсыз жағдайлар туындаған кездерде, қорғаншы және қамқоршы органдардың және (немесе) балалар ауылы әкімшілігінің бастамашылығы бойынша;

  • Показать изменения

3) баланы (балаларды) ата-анасына қайтарған немесе оны (оларды) асырап алған, сондай-ақ баланы (балаларды) қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиелеуге берген жағдайда;

4) балаларды отбасына беру туралы шарттың талаптары бұзылған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Тәрбиеші-ананың бастамасы бойынша балаларды балалар ауылының отбасына беру туралы шарт мерзімінен бұрын бұзылған кезде, мұндай шартты қорғаншы және қамқоршы орган балалар ауылының әкімшілігімен және тәрбиеші-аналардың кадр резервінде тұрған адаммен жасайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18-бап. Тәрбиешi-ананың балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен мiндеттерi

2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

1. Тәрбиешi-ана балалардың пiкiрi, балалар ауылы әкімшілігінің пікірі мен қорғаншы және қамқоршы органның ұсыныстарын ескере отырып, балаларды тәрбиелеу әдiстерiн өз бетiнше айқындауға құқылы.

  • Показать изменения

Тәрбиешi-ана балалардың пiкiрiн ескере отырып, білім беру ұйымы мен оқыту нысандарын таңдауға құқылы және балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуына жағдай жасауға мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Тәрбиешi-ана өзiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде балалардың дене бiтiмiне және психикалық саулығына, олардың имандылық рухында дамуына залал келтiрмеуге тиiс. Тәрбиелеу әдiстерi балаларға енжар қараушылықты, қатыгездiктi, дөрекiлiктi, олардың адамдық абыройын кемсiтудi, ар-ұжданы мен намысын қорлауды болдырмауға тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Тәрбиешi-ана балаларды тәрбиелеуге, олардың денсаулығы, дене бiтiмiнiң, психикасының, имандылық және рухани жағынан дамуы жөнiнде қамқорлық жасауға мiндеттi.