<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ» ҚАЗ...

 
Оглавление
Перемещение в другую часть документа >>
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

 

Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы

(2020.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция

 

Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 6 тамыздағы № 97-ө өкімін қараңыз

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер

2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

3-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы

4-бап. Валюталық реттеудің және валюталық бақылаудың мақсаттары мен міндеттері

2-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ

5-бап. Валюталық реттеу органдары

6-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық операциялары

7-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық операциялары бойынша төлемдері және (немесе) ақша аударымдары

8-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің шоттары

9-бап. Экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабы

3-тарау. ІШКІ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ

10-бап. Шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату

11-бап. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру

12-бап. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар

4-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ МОНИТОРИНГТЕУ.  ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК БАНКТЕРДЕГІ ШОТТАР ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУ

13-бап. Валюталық операцияларды мониторингтеу

14-бап. Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеу

15-бап. Жүргізілген валюталық операциялар туралы хабардар ету

16-бап. Шетелдік банктердегі шоттар туралы хабардар ету

17-бап. Валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін ақпарат ұсыну

5-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

18-бап. Валюталық бақылау органдары, агенттері және субъектілері

19-бап. Валюталық бақылау органдары мен агенттерінің өкілеттіктері

20-бап. Валюталық бақылау нысандары

21-бап. Жекелеген валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізуге қойылатын талаптар

22-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары, қадағалап ден қою шаралары және санкциялар

23-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің құқықтары және міндеттері

6-тарау. АРНАЙЫ ВАЛЮТАЛЫҚ РЕЖИМ

24-бап. Арнайы валюталық режим

7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

25-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

Осы Заң валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, міндеттерін айқындайды.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) айырбастау пункті - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы немесе Қазақстан Республикасының заңдары негізінде Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті ұйым немесе уәкілетті банк құрған, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру үшін арнайы жабдықталған орын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) валюталық құндылықтар:

шетел валютасы;

номиналы шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құжаттары;

Қазақстан Республикасының бейрезиденттері шығарған, номиналы жоқ бағалы қағаздар;

құймалардағы аффинирленген алтын;

Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында және Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында олармен операциялар жасалған, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасынан әкеткен (аударған) немесе Қазақстан Республикасына әкелген (аударған) жағдайларда ұлттық валюта, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құжаттары;

Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында және Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында олармен операциялар жасалған, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасынан әкеткен немесе Қазақстан Республикасына әкелген жағдайларда Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған, номиналы жоқ бағалы қағаздар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) валюталық операциялар:

валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың өтуіне байланысты операциялар, сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем құралы ретінде пайдалану;

валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету, жіберу және аудару;

валюталық құндылықтарды сенімгерлік басқаруға беру;

валюталық құндылықтарды брокерлік қызметтер көрсету туралы шарт негізінде беру;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) валюталық шарт - валюталық операциялар солардың негізінде және (немесе) оларды орындау үшін жүзеге асырылатын, өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын қоса алғанда, келісімдер, құрылтай құжаттары, сондай-ақ өзге де құжаттар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) есептік нөмір - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе уәкілетті банк валюталық шартқа немесе шетелдік банктегі шотқа беретін және валюталық операциялар бойынша есепке алуды және есептілікті қамтамасыз етуге арналған сәйкестендіру нөмірі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) импорт - Қазақстан Республикасы бейрезидентінің Қазақстан Республикасының резидентіне тауарларды беруі, Қазақстан Республикасы бейрезидентінің Қазақстан Республикасының резидентіне зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды ішінара беруі, Қазақстан Республикасы бейрезидентінің Қазақстан Республикасының резидентіне жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі, мүлікті жалға беруі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) құймалардағы аффинирленген алтын - аффинаждау нәтижесінде алынған және өлшеуіш және стандартты құймалар түрінде дайындалған, «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық алтынға жатқызылатын алтын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) уәкілетті банктер - валюталық операцияларды, оның ішінде клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүргізетін, Қазақстан Республикасында құрылған банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (уәкілетті ұйымдарды қоспағанда), сондай-ақ шетелдік банктердің Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдары;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9) уәкілетті ұйымдар - банктер болып табылмайтын, қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) ұлттық валюта:

Қазақстан Республикасының аумағында айналыста болатын және заңды төлем құралы болып табылатын, сондай-ақ айналыстан алынған немесе алынатын, бірақ айналыстағы ақша белгілеріне айырбастауға жататын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттары мен монеталары түріндегі ақша белгілері;

банктік шоттардағы Қазақстан Республикасының ақша бірліктеріндегі ақша;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11) шетел валютасы:

шет мемлекеттің (мемлекеттер тобының) аумағында айналыста болатын және заңды төлем құралы болып табылатын, сондай-ақ айналыстан алынған немесе алынатын, бірақ айналыстағы ақша белгілеріне айырбастауға жататын банкноттар, монеталар түріндегі ақша белгілері;

банктік шоттардағы шет мемлекеттердің (мемлекеттер тобының) ақша бірліктеріндегі және халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі ақша;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12) шетелдік банктер - шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған және өздері тіркелген мемлекеттердің заңнамасы негізінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде банк қызметін жүзеге асыратын банктер және өзге де қаржы институттары;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13) экспорт - Қазақстан Республикасы резидентінің Қазақстан Республикасының бейрезидентіне тауарларды беруі, Қазақстан Республикасы резидентінің Қазақстан Республикасының бейрезидентіне зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды ішінара беруі, Қазақстан Республикасы резидентінің Қазақстан Республикасының бейрезидентіне жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі, мүлікті жалға беруі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Осы Заңда валюталық операцияларды сыныптау мақсаттары үшін мынадай негізгі терминдер пайдаланылады:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) капиталға қатысу:

заңды тұлғаның, жай серіктестіктің, консорциумның жарғылық капиталына, мүлкіне қатысу, оның ішінде акциялар, қатысу үлестері, салымдар және (немесе) қатысушылардың дауыстары түрінде қатысу;

заңды тұлғаның жарғылық капиталынан өзге капиталына қатысу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) капитал қозғалысы операциялары - Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында жүзеге асырылатын, валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың өтуіне байланысты болатын, мыналар:

қаржылай қарыздар;

капиталға қатысу;

бағалы қағаздармен, қатысу үлестерімен және туынды қаржы құралдарымен операциялар;

Қазақстан Республикасының заңдарымен жылжымайтын мүлікке теңестірілген не жатқызылған жылжымалы заттарды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын иемдену;

зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды толығымен иемдену;

ақшаны және өзге де мүлікті бірлескен қызметке қатысушының міндеттемелерін орындау үшін, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға, трастқа беру;

клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларға ақшаны және қаржы құралдарын клиенттерге тиесілі ақшаны есепке алуға және сақтауға арналған шоттарға беру;

ақшаны және өзге де валюталық құндылықтарды өтеусіз беру көзделетін операциялар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) қаржылай қарыздар:

экспортты немесе импортты алдын ала төлеу, төлеуді кейінге қалдыру және бөліп төлеу кезінде туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, қарыздар;

борышкер міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге берілетін ақша;

тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) берушілер мен алушылардың (сатушылар мен сатып алушылардың) ақшалай талабын басқаға беру арқылы қаржыландыру;

үшінші тұлғалардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуды және өзге де мәмілелерді қаржыландыруы, сондай-ақ үшінші тұлғалардың борышкердің кредитор алдындағы міндеттемелерін орындауы, солардың нәтижесінде өзі үшін міндеттеме орындалған тұлғада осындай қаржыландыруды берген және (немесе) осындай орындауды жүзеге асырған тұлғаға ақшаны және өзге де мүлікті қайтару міндеті туындайды;

қаржы лизингі, Қазақстан Республикасының заңдарымен жылжымайтын мүлікке теңестірілген не жатқызылған жылжымалы заттарды жалға алуды қоспағанда, жылжымайтын мүлікті кейіннен сатып ала отырып жалға алу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) шетелдік қаржы ұйымдары - шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған және өздері тіркелген мемлекеттердің заңнамасы негізінде қаржы қызметтерін көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік банктер және өзге де қаржы институттары;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) шетелдік қаржылық емес ұйымдар - шетелдік қаржы ұйымдарын қоспағанда, шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмайтын өзге де ұйымдар.

Осы Заңның мақсаттары үшін:

Қазақстан Республикасының бейрезиденттері шығарған электрондық ақшаны Қазақстан Республикасы резидентінің сатып алуы және өтеуі жөніндегі операциялар;

Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған электрондық ақшаны Қазақстан Республикасы бейрезидентінің сатып алуы және өтеуі жөніндегі операциялар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің импортына немесе экспортына байланысты валюталық операциялар болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Осы Заңның және валюталық реттеу мен валюталық бақылау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының резиденттері (бұдан әрі - резиденттер) деп:

шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құқық негізінде осы шет мемлекетте тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары;

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға берілген рұқсат негізінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар (халықаралық ұйымдарды қоспағанда), сондай-ақ олардың филиалдары (өкілдіктері);

егер халықаралық ұйымдарды құру туралы халықаралық шартта олар үшін резидент мәртебесі айқындалған болса, Қазақстан Республикасында орналасқан халықаралық ұйымдар;

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері;

3-тармақтың жетінші абзацы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында банк және (немесе) сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы шетелдік қаржы ұйымдарының филиалдары;

осы баптың 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденттері деп танылатын шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемелері болып табылатын осындай шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) танылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Осы Заңның және валюталық реттеу мен валюталық бақылау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері (бұдан әрі - бейрезиденттер) деп:

осы баптың 3-тармағына сәйкес резиденттер болып табылмайтын жеке тұлғалар;

шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмайтын ұйымдар, сондай-ақ Салық кодексіне сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесін құруға алып келмейтін қызметті жүзеге асыратын олардың Қазақстан Республикасындағы филиалдары (өкілдіктері);

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы бойынша бейрезидент мәртебесі Қазақстан Республикасының атынан шетелдік ұйымдармен жасалған және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін күшіне енген келісімдердің талаптарында белгіленген шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері);

егер халықаралық ұйымдарды құру туралы халықаралық шартта өзгеше айқындалмаса, халықаралық ұйымдар;

шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де ресми өкілдіктері танылады.

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы бойынша бейрезидент мәртебесі Қазақстан Республикасының атынан шетелдік ұйымдармен жасалған келісімдердің талаптарында белгіленген шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісінде белгіленеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Осы Заңда пайдаланылатын және анықтама берілмеген ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңдарында пайдаланылатындай мағынада қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резиденттер мен бейрезиденттерге қолданылады.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде осы Заң резиденттерге қолданылады.

  • Показать изменения

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдар мен өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және валюталық реттеу органы осы Заңға сәйкес қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан, сондай-ақ валюталық реттеу органдары мен валюталық бақылау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес шығаратын нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормалары, Қазақстан Республикасының халықаралық шартынан осындай нормаларды қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісін қабылдау (шығару) талап етілетін жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 2-бабында көрсетілген қатынастарға тікелей қолданылады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Валюталық реттеудің және валюталық бақылаудың мақсаттары мен міндеттері

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Қазақстан Республикасының орнықты экономикалық өсуіне қол жеткізу және халықаралық ынтымақтастығын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатқа жәрдемдесу, төлем балансының орнықтылығын, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығының тұрақтылығын және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу валюталық реттеудің мақсаттары болып табылады.

Валюталық реттеудің міндеттері:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтар айналысының тәртібін айқындау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға одан әрі интеграциялануына жәрдемдесу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) валюталық операциялар және Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы активтері мен міндеттемелері бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Резиденттер мен бейрезиденттер валюталық операцияларды жүргізген кезде олардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету валюталық бақылаудың мақсаты болып табылады.

Валюталық бақылаудың міндеттері:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) жүргізілетін валюталық операциялардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкестігін айқындау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) валюталық операциялар бойынша төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының негізділігін және оларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың болуын тексеру;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктің толықтығын, уақтылығын және объективтілігін тексеру болып табылады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ

 

5-бап. Валюталық реттеу органдары

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасында негізгі валюталық реттеу органы болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі және мемлекеттік органдар валюталық реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңға сәйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен бейрезиденттердің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады.

Мемлекеттік органдар әзірлеген валюталық реттеу мәселелері жөніндегі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісуге жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі негізгі валюталық реттеу органы ретінде:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларын бекітеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі резиденттермен және бейрезиденттермен валюталық операциялардың барлық түрін шектеусіз жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептілік нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті мемлекеттік органдармен олардың құзыретіне сәйкес келісу бойынша айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық операциялары

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Қазақстан Республикасының аумағында резиденттер арасындағы валюталық операцияларға тыйым салынған, бұған:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері тараптардың бірі ретінде әрекет ететін операциялар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) резиденттермен валюталық операцияларды жүргізу құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен не осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен берілген резиденттер тараптардың бірі ретінде әрекет ететін операциялар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өздеріне берілген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға құқылы банк операциялары мен өзге де операцияларға жатқызылатын валюталық құндылықтармен операциялар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) валюталық операцияларды жүргізу бойынша банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) номиналды құны шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға, сыйақы төлеуге және (немесе) өтеуге байланысты операциялар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) комитентке валюталық құндылықтарды қайтару жөніндегі операцияларды қоса алғанда, комиссионерлердің экспорт немесе импорт бойынша бейрезиденттермен шарттарды жасасуға және орындауға байланысты қызметтер көрсетуі кезінде комиссионерлер мен комитенттер арасындағы операциялар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) құймалардағы аффинирленген алтынды ұлттық валютаға сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операциялар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) шетел валютасымен көрсетілген вексельдерді ақшалай міндеттемелерді орындау ретінде беру;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу кезінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдар кезіндегі жүру жолында жолаушыларға тауарларды өткізу және қызметтер көрсету кезінде есеп айырысуларға байланысты операциялар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) шетелдік ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) арасындағы операциялар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге іссапарға шығуына байланысты шығыстарын, оның ішінде өкілдік шығыстарды төлеу кезіндегі операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге іссапарға шығуына байланысты берілген, жұмсалмаған авансты өтеу кезіндегі операциялар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12) жеке тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық қызметі қайырымдылықты жүзеге асыруға бағытталған заңды тұлғаларға жеке тұлғалардың өтеусіз ақша аударымдары немесе валюталық құндылықтарды өтеусіз беруі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13) жеке тұлғалардың банктік салымдарды басқа жеке тұлғалардың пайдасына енгізуі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14) брокерлік қызметтер көрсету туралы шарттарды орындау және тоқтату шеңберінде клиенттерге тиесілі ақшаны және қаржы құралдарын есепке алуға және сақтауға арналған шоттардан (шоттарға) ақшаны және қаржы құралдарын беруге байланысты, клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар және жеке немесе заңды тұлғалар арасындағы операциялар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15) Салық кодексінде көзделген жағдайларда салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге байланысты операциялар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16) Салық кодексіне сәйкес өзіне жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемесін заттай нысанда орындау есебіне беретін пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушының осындай пайдалы қазбаларды тасуға, сақтауға және өткізуге байланысты операциялары;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

17) жеке тұлғалардың шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жасалатын және оларды жасау кезінде орындалатын мәмілелер бойынша тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін төлемдер жүргізу жағдайлары кірмейді.


Содержание
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР2-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ3-тарау. ІШКІ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ4-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ МОНИТОРИНГТЕУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК БАНКТЕРДЕГІ ШОТТАР ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУ5-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУ6-тарау. АРНАЙЫ ВАЛЮТАЛЫҚ РЕЖИМ7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР