<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ОРЫНДАРЫНАН БОСАТЫЛҒАН АДАМД...

 
Оглавление
Перемещение в другую часть документа >>
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы
Қазақстан Республикасының
1996 ж. 15 шiлдедегi № 28-I Заңы

(2016.09.04 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

I тарау. Жалпы ережелер

  • Показать изменения

1-бап. Әкiмшiлiк қадағалаудың мазмұны, ұғымы және мақсаттары

2-бап. Өздерiне әкiмшiлiк қадағалау орнатылатын адамдар

  • Показать изменения

3-бап. Әкiмшiлiк қадағалау орнатудың негiздемелерi

II тарау. Әкiмшiлiк қадағалау орнату, оны жүзеге асыру және тоқтату тәртiбi

4-бап. Әкiмшiлiк қадағалау орнату мерзiмi мен орны

5-бап. Әкiмшiлiк қадағалау орнату тәртiбi

6-бап. Әкiмшiлiк қадағалаудың қолданылу мерзiмi

7-бап. Қадағалауға алынған адамдарға қатысты қолданылатын шектеулер

8-бап. Қадағалауға алынған адамға белгiленген шектеулердi өзгерту

  • Показать изменения

9-бап. Еңбекпен түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң қадағалауға алынған адамның тұрғылықты жерi бойынша әкiмшiлiк қадағалау орнату туралы қаулыны жiберу тәртiбi

10-бап. Әкімшілік қадағалауды белгілеу, ұзарту немесе шектеулерді өзгерту туралы қаулыны қадағалауға алынған адамға хабарлау

11-бап. Әкiмшiлiк қадағалаудағы адамдарды есепке алу

12-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асырушы лауазымды адамдардың мiндеттерi

13-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асырушы iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң құқықтары

14-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды тоқтату негiздемелерi

15-бап. Әкімшілік қадағалауды тоқтату тәртібі

III тарау. Әкiмшiлiк қадағалауда жүрген адамдардың мiндеттерi мен құқықтары және қадағалау ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

16-бап. Әкiмшiлiк қадағалауда жүрген адамдардың мiндеттерi

17-бап. Әкiмшiлiк қадағалауда жүрген адамдардың құқықтары

18-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

IV тарау. Заңдылықты қадағалау

19-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыру кезiнде заңдылықтың қамтамасыз етiлуiн қадағалау

20-бап. Әкiмшiлiк қадағалаудың күшiн жою немесе оны өзгерту

 

ҚР 30.10.02 ж. № 350-II Заңымен осы Заңның бүкіл мәтіні бойынша «еңбекпен түзеу мекемелерінің», «еңбекпен түзеу мекемесінен», «еңбекпен түзеу мекемесі», «еңбекпен түзеу мекемесінің» деген сөздер «түзеу мекемелерінің», «түзеу мекемесінен», «түзеу мекемесі», «түзеу мекемесінің» деген сөздермен ауыстырылды

 

Осы Заң бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын әкiмшiлiк қадағалаудың мазмұнын айқындайды және оны қолдану кезiндегi заңдылықтың құқықтық кепiлдiктерiнiң жүйесiн баянды етедi.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

I тарау

Жалпы ережелер

 

1-бап. Әкiмшiлiк қадағалаудың мазмұны, ұғымы және мақсаттары

Әкiмшiлiк қадағалау кәнiгi қылмыстың алдын алу нысаны болып табылады, заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерiн сақтау негiзiнде iске асырылады және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заңдармен белгiлi бiр шектеулер қойылған осындай адамдардың мiнез-құлқын байқау түрiндегi мәжбүр ету шарасы ретiнде судьяның қаулысы негiзiнде iшкi iстер органдары жүзеге асырады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 30.10.02 ж. № 350-II ( бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III; 2007.26.03. № 240-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-бап өзгертілді

  • Показать изменения

2-бап. Өздерiне әкiмшiлiк қадағалау орнатылатын адамдар

  • Показать изменения

Әкiмшiлiк қадағалау:

  • Показать изменения

а) экстремистік және (немесе) террористік қылмыстар және кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар үшiн;

  • Показать изменения

б) егер жазаны өтеу кезiнде олардың мiнез-құлқы түзелу жолына мүлдем түскiсi келмейтiнiн және қоғам үшiн қауiптi күйiнде қалып отырғанын дәлелдесе, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі немесе одан да көп мәрте сотты болған;

  • Показать изменения

в) егер жазаны өтегеннен кейiн iшкi iстер органдарының ескертулерiне қарамастан қоғамдық тәртiптi және басқа азаматтардың құқықтарын үнемi бұзатын болса, өзге де құқық бұзушылықтар жасаса, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі немесе одан да көп мәрте сотты болған жазасын өтеген адамдарға орнатылады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-бап. Әкiмшiлiк қадағалау орнатудың негiздемелерi

Әкiмшiлiк қадағалау орнатуға:

  • Показать изменения

а) осы Заңның 2-бабының «А» тармақшасында аталған адамдарға қатысты заң күшiне енген сот үкімі;

  • Показать изменения

б) осы Заңның 2-бабының «Б» тармақшасында аталған адамдарға қатысты түзеу мекемелерiнiң материалдары;

  • Показать изменения

в) осы Заңның 2-бабының «В» тармақшасында аталған адамдарға қатысты iшкi iстер органдарының материалдары негiздемелер болып табылады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

II тарау

  • Показать изменения

Әкiмшiлiк қадағалау орнату, оны жүзеге асыру және тоқтату тәртібі

 

4-бап. Әкiмшiлiк қадағалау орнату мерзiмi мен орны

Әкiмшiлiк қадағалау:

  • Показать изменения

а) осы Заңның 2-бабының «А» және «Б» тармақшаларында аталған адамдарға - түзеу мекемесiнен босатылған кезде;

  • Показать изменения

б) осы Заңның 2-бабының «В» тармақшасында аталған адамдарға түзеу мекемесiнен босатылған сәттен бастап үш жыл бойы тұрғылықты жерi бойынша орнатылады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 30.10.02 ж. № 350-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-бап өзгертілді

5-бап. Әкiмшiлiк қадағалау орнату тәртібі

Әкiмшiлiк қадағалауды:

  • Показать изменения

Заңның 2-бабының «А» және «Б» тармақшаларында аталған адамдарға түзеу мекемесi бастығының дәлелді ұсынуы бойынша түзеу мекемесi орналасқан жердегi аудандық (қалалық) соттың судьясы жеке өзi сот мәжілісiнде;

  • Показать изменения

осы Заңның 2-бабының «в» тармақшасында аталған адамдарға iшкi iстер органдарының жергілікті полиция қызметі бастығының уәжді ұсынуы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның тұрғылықты жерiндегi аудандық (қалалық) соттың судьясы жеке өзi сот отырысында белгiлейдi.

Ұсыныспен бiрге сотқа үкiмнiң көшiрмесi және тиiстi адамға әкiмшiлiк қадағалау орнату қажеттiгiн дәлелдейтiн материалдар жiберiледi.

  • Показать изменения

Сот мәжілісiне өзiне қатысты әкiмшiлiк қадағалау орнату туралы ұсыныс енгiзiлген адам, ал өтiнiш бойынша - қорғаушы да, сондай-ақ бастығы ұсыныс енгiзген органның өкiлi шақырылады.

Мәселенi қарау ұсыныстың және сонымен бiрге келiп түскен материалдардың мазмұны туралы баяндамадан басталады, содан соң сот мәжілісiне келген адамдардың түсiнiктемелерi тыңдалады.

Iс қаралып болғаннан кейiн судья шешiм қабылдау үшiн кеңесу бөлмесiне шығады, содан соң мәжіліс залына қайта оралып, қаулыны жария етедi.

  • Показать изменения

Cудьяның қаулысы өзiне қатысты қадағалау белгіленген адамның тұрғылықты жерiндегi ішкі істер органдарының аудандық (қалалық) жергілікті полиция қызметінің бастығына, ал осы Заңның 2-бабының «а» және «б» тармақшаларында көзделген жағдайларда түзеу мекемесiнiң бастығына орындау үшiн жiберiледi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-бап өзгертілді

6-бап. Әкiмшiлiк қадағалаудың қолданылу мерзiмi

  • Показать изменения

Әкімшілік қадағалау алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.

  • Показать изменения

Қадағалауға алынған адам әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын немесе өзiне жарияланған шектеулердi бұзған, сол сияқты құқық бұзушылықтар жасаған жағдайларда, белгіленген әкімшілік қадағалау мерзiмi iшкi iстер органдарының уәжді ұсынуы бойынша судьяның қаулысымен - әрбір кезде алты айға ұзартылады, бiрақ ол екi жылдан аспауға тиiс, ал кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты әрбір кезде бір жылға ұзартылады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

7-бап. Қадағалауға алынған адамдарға қатысты қолданылатын шектеулер

  • Показать изменения

Әкiмшiлiк қадағалау орнатылатын адамдарға қатысты тұрмыс салтына, отбасындағы және тұрғылықты жерiндегi мiнез-құлқына, қадағалауға алынған адамның жеке басын сипаттайтын басқа да жағдайларға байланысты мынадай шектеулер толық көлемiнде немесе жеке-жеке қолданылуы мүмкiн:

  • Показать изменения

а) iшкi iстер органдары белгiлеген уақытта тұрған үйiнен кетуге тыйым салу;

  • Показать изменения

б) iшкi iстер органдары белгiлеген аудан (қала) мекендерiнде болуға, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырушы iшкi iстер органына хабарламай аудан (қала) шегiнен тыс жерлерге кетуге тыйым салу;

  • Показать изменения

в) жергiлiктi iшкi iстер органына тiркелу үшiн айына бiр реттен төрт ретке дейiн мiндеттi түрде келу;

  • Показать изменения

г) кәмелетке толмағандардың ата-аналары не заңды өкілдерінің келісімінсіз оларды іздестіруге, оларға баруға, олармен телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілмен қарым-қатынас жасауға тыйым салу.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)

8-бап. Қадағалауға алынған адамға белгiленген шектеулердi өзгерту

  • Показать изменения

Шектеулер тiзбесiн судья iшкi iстер органының дәлелді ұсынысы бойынша қадағалауға алынған адамның тұрмыс салты мен мiнез-құлқын ескере отырып, бiрақ осы Заңның 7-бабында көзделген шектеулер шегiнде қысқартуы немесе толықтыруы мүмкiн.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 30.10.02 ж. № 350-II Заңымен 9-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

  • Показать изменения

9-бап. Еңбекпен түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң қадағалауға алынған адамның тұрғылықты жерi бойынша әкiмшiлiк қадағалау орнату туралы қаулыны жiберу тәртібі

  • Показать изменения

Өздерiне әкiмшiлiк қадағалау орнатылған адамдар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылар алдында түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi қадағалауға алынған адам қалап алған тұрғылықты жердегi iшкi iстер органына сотталған адамның келетiн уақытын хабарлай отырып судьяның әкiмшiлiк қадағалау орнату туралы қаулысын жiбередi.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

10-бап. Әкімшілік қадағалауды белгілеу, ұзарту немесе шектеулерді өзгерту туралы қаулыны қадағалауға алынған адамға хабарлау

  • Показать изменения

Әкiмшiлiк қадағалауды белгілеу не қадағалауды жүзеге асырған кезде мерзiмді ұзарту немесе шектеулердi өзгерту туралы судьяның қаулысын қадағалауға алынған адамға қолын қойғыза отырып, iшкi iстер органдарының жергілікті полиция қызметінің бастығы, ал бас бостандығынан айыру орындарындағы адамға түзеу мекемесiнiң бастығы хабарлайды. Бұл ретте, қадағалауға алынған адамға оның мiндеттерi, әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын бұзғаны үшін жауаптылығы, ал бас бостандығынан айыру орындарынан босатылар алдында өзіне қатысты қадағалау белгіленген адамға таңдаған тұрғылықты жерiне айқындалған мерзiмде келмегенi үшiн жауаптылығы түсiндiрiледi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11-бап. Әкiмшiлiк қадағалаудағы адамдарды есепке алу

Әкiмшiлiк қадағалаудағы адамдарды есепке алу Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асырушы лауазымды адамдардың мiндеттерi

  • Показать изменения

Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыру кезiнде:

  • Показать изменения

а) қадағалауға алынған адамдардың тұрғылықты жерi мен жұмыс орнындағы мiнез-құлқын жүйелi түрде байқауға;

  • Показать изменения

б) қадағалауға алынған адамның қоғамдық тәртiптi, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылығының алдын алуға және оны болғызбауға;

  • Показать изменения

в) әкiмшiлiк қадағалау ережелерiн бұзушылық туралы белгiленген тәртiппен хаттамалар жасауға және оларды қарау үшiн сотқа жiберуге мiндеттi.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асырушы iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң құқықтары

Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыру кезiнде iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң:

а) қадағалауға алынған адамның жұмыс орны мен тұрғылықты жерi бойынша, меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдардың әкiмшiлiгiнен, сондай-ақ азаматтардан оның мiнез-құлқы туралы мәлiметтер сұратуға және алуға;

б) қадағалауға алынған адамды iшкi iстер органына әңгiмелесуге шақыруға, әңгiмелесудi оның туған-туыстары келісім берген жағдайда солардың қатысуымен өткiзуге;

в) әкiмшiлiк қадағалау ережелерiн орындауға байланысты мәселелер бойынша қадағалауға алынған адамнан ауызша және жазбаша түсiнiктемелер талап етуге;

  • Показать изменения

г) қадағалауға алынған адамның мiнез-құлқын және белгiленген шектеулердi сақтауын байқау мақсатында оның үй-жайына тәулiктiң кез келген уақытында баруға құқығы бар. Бұл ретте Заңмен белгiленген жағдайлар мен тәртiптен өзгеше тексеру, тiнту жүргiзуге жол берiлмейдi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)

14-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды тоқтату негiздемелерi

Әкiмшiлiк қадағалау:

а) егер әкiмшiлiк қадағалау орнатылған мерзiмдi ұзарту үшiн негiздемелер болмаса, сол мерзiм өткен соң;

  • Показать изменения

б) егер қадағалауға алынған адамның түзелу жолына бет бұрғаны анықталса, тұрғылықты жерi немесе еңбек қызметi бойынша жақсы мiнездеме берiлсе, мерзiмiнен бұрын;

в) қадағалауға алынған адамның соттылығы өтелген немесе алынып тасталған жағдайда;

  • Показать изменения

г) қадағалауға алынған адамның арнаулы емдеу-алдын алу мекемесiне ерiксiз емделуге жiберiлуiне байланысты;

д) қадағалауға алынған адамның бас бостандығынан айыруға сотталуына байланысты;

е) қадағалауға алынған адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

15-бап. Әкімшілік қадағалауды тоқтату тәртібі

  • Показать изменения

Осы Заңның 14-бабының «а», «в», «г», «д» және «е» тармақшаларында көзделген жағдайларда әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыратын iшкi iстер органының қызметкерi әкiмшiлiк қадағалауды тоқтату туралы қаулы шығарып, оны iшкi iстер органдарының жергілікті полиция қызметінің бастығы бекiтедi.

  • Показать изменения

Осы Заңның 14-бабының «б» тармақшасында көзделген жағдайда iшкi iстер органдарының жергілікті полиция қызметінің бастығы әкiмшiлiк қадағалауды мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы сотқа уәждi ұсыну жiбередi, ол он күн мерзiмде қаралуға тиiс.

  • Показать изменения

Судьяның немесе iшкi iстер органының әкiмшiлiк қадағалауды тоқтату туралы қаулысы қадағалауға алынған адамға қолын қойғыза отырып хабарланады.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

III тарау

  • Показать изменения

Әкiмшiлiк қадағалауда жүрген адамдардың мiндеттерi мен құқықтары және қадағалау ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

 

16-бап. Әкiмшiлiк қадағалауда жүрген адамдардың мiндеттерi

Әкiмшiлiк қадағалауда жүрген адамдар:

а) өзiне қатысты белгiленген, осы Заңның 7-бабында көзделген шектеулердi сақтауға;

б) шақыру бойынша iшкi iстер органдарына көрсетiлген мерзiмде келуге, әкiмшiлiк қадағалау ережелерiн орындауға байланысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсiнiктемелер беруге;

в) әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асырушы iшкi iстер органының қызметкерлерiн жұмыс орны мен тұрғылықты жерi өзгергенi туралы, сондай-ақ қызмет бабындағы және жеке iстерi бойынша аудан (қала) шегiнен тысқары кететiнi туралы бiр тәулiк iшiнде хабардар етуге;

  • Показать изменения

г) iшкi iстер органының рұқсатымен басқа елдi мекенге барып, онда бiр тәулiктен астам уақыт болған кезде өзiнiң мiнез-құлқын бақылауды жүзеге асыру үшiн жергiлiктi iшкi iстер органына тiркелуге мiндеттi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17-бап. Әкiмшiлiк қадағалауда жүрген адамдардың құқықтары

Әкiмшiлiк қадағалауда жүрген адамның:

а) сотта әкiмшiлiк қадағалау белгiленуi және шектеулер қолданылуы туралы iс материалдарымен танысуға;

б) түсiнiктемелер беруге дәлелдемелер табыс етуге;

в) әкiмшiлiк қадағалауды мерзiмiнен бұрын тоқтату, өзiне қатысты белгiленген шектеулердi алып тастау, тұрғылықты тұратын жерiнен қысқа мерзiмге кететiнi туралы өтiнiш беруге;

г) iшкi iстер органында әкiмшiлiк қадағалауды тоқтату туралы қаулымен танысуға құқығы бар.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 30.10.02 ж. № 350-II Заңымен (бұрынғы ред. қара) 18-бап өзгертілді

18-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

Әкімшілік қадағалаудағы адам қадағалау ережелерiн немесе өзiне қатысты белгiленген шектеулердi бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы заңымен белгiленген тәртiп бойынша жауапқа тартылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

IV тарау

Заңдылықты қадағалау

 

19-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыру кезiнде заңдылықтың қамтамасыз етiлуiн қадағалау

Заңдылықтың қамтамасыз етiлуiн қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты прокурорлар жүзеге асырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 30.10.02 ж. № 350-II Заңымен (бұрынғы ред. қара) 20-бап өзгертілді

20-бап. Әкiмшiлiк қадағалаудың күшiн жою немесе оны өзгерту

Судьяның әкiмшiлiк қадағалау орнату туралы қаулысын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен прокурордың наразылығы бойынша немесе тiкелей жоғары тұрған сот жоюы немесе өзгертуi мүмкiн.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев















 

Содержание
I тарау. Жалпы ережелерII тарау. Әкiмшiлiк қадағалау орнату, оны жүзеге асыру және тоқтату тәртiбi
4-бап. Әкiмшiлiк қадағалау орнату мерзiмi мен орны5-бап. Әкiмшiлiк қадағалау орнату тәртiбi6-бап. Әкiмшiлiк қадағалаудың қолданылу мерзiмi7-бап. Қадағалауға алынған адамдарға қатысты қолданылатын шектеулер8-бап. Қадағалауға алынған адамға белгiленген шектеулердi өзгерту9-бап. Еңбекпен түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң қадағалауға алынған адамның тұрғылықты жерi бойынша әкiмшiлiк қадағалау орнату туралы қаулыны жiберу тәртiбi10-бап. Әкімшілік қадағалауды белгілеу, ұзарту немесе шектеулерді өзгерту туралы қаулыны қадағалауға алынған адамға хабарлау11-бап. Әкiмшiлiк қадағалаудағы адамдарды есепке алу12-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асырушы лауазымды адамдардың мiндеттерi13-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асырушы iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң құқықтары14-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды тоқтату негiздемелерi15-бап. Әкімшілік қадағалауды тоқтату тәртібі
III тарау. Әкiмшiлiк қадағалауда жүрген адамдардың мiндеттерi мен құқықтары және қадағалау ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiкIV тарау. Заңдылықты қадағалау