<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОЙЫН БИЗНЕСІ ТУРАЛЫ» 2007 ЖЫЛҒЫ 12 ҚАҢТАРДАҒЫ № 219...

 
Оглавление
Перемещение в другую часть документа >>
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Ойын бизнесі туралы

(2022.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұйымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

4-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметтің негізгі

5-бап. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік реттеу

6-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлері

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

8-бап. Уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті

9-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау

10-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу

11-бап. Ойын мекемелерінің, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың (букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар кассаларының) орналасатын жері

12-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар

12-1-бап. Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешені

13-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптары

14-бап. Міндетті резервтер және банк кепілдігі

15-бап. Ойын мекемелеріне, букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың кассаларына келудің тәртібі мен ерекшеліктері

15-1-бап. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды шектеу

16-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

16-1-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау

17-бап. Өтпелі және қорытынды ережелер

 

 

2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен мәтінде «ойын мекемесін ұйымдастырушы», «ойын мекемесін ұйымдастырушыға», «ойын мекемесін ұйымдастырушының», «ойын мекемелерін ұйымдастырушылардың» деген сөздер тиісінше «ойын бизнесін ұйымдастырушы», «ойын бизнесін ұйымдастырушыға», «ойын бизнесін ұйымдастырушының», «ойын бизнесін ұйымдастырушылардың» деген сөздермен ауыстырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен бүкіл мәтіні бойынша «ставка», «ставкалар», «ставкаларды», «ставкалардың», «ставкаларын» деген сөздер тиісінше «мөлшерлеме», «мөлшерлемелер», «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемелердің», «мөлшерлемелерін» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұйымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұйымдар пайдаланылады:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

1) аппараттық-бағдарламалық кешен - ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2) бәс тігу - қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен ұтыс көзделіп, олар қатыспайтын оқиғаның нәтижесіне жасалған, тәуекелге негізделген келісім;

2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

2-1) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық - бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін пайдаланылатын, бәс тігуге қатысушыларға нәтижесіне өздері мөлшерлемелер жасаған оқиғаның дамуы мен қорытындысын байқауға мүмкіндік беретін құрылғылар;

2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

2-2) бенефициарлық меншік иесі - бұл:

  • Показать изменения

заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі;

заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын;

оның мүддесінде заңды тұлға немесе заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

3) букмекерлік кеңсе - қатысушылармен бәс тігу жасасатын ойын бизнесін ұйымдастырушы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

4) заңдастырылған белгілер - ойын бизнесін ұйымдастырушының қағидаларында айқындалған тәртіппен құмар ойындарға қатысу үшін қолма-қол ақшаны алмастыратын және ойын мекемелерінде пайдаланылатын белгілі бір номиналдағы фишкалар, жетондар және (немесе) электрондық жеткізгіштер;

2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

4-1) интернет-казино - нақты уақыт режимінде Интернет желісі және (немесе) электрондық ақша арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын және ұтыс алуды көздейтін интернет-ресурс;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) казино - құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу үшін ойын үстелдері пайдаланылатын ойын мекемесі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

6) казиноның немесе ойын автоматтары залының кассасы - ойын бизнесін ұйымдастырушы арнайы жабдықтаған, ақшамен операциялар, сондай-ақ заңдастырылған белгілерді беру және (немесе) қайтару жүзеге асырылатын ойын мекемесіндегі орын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

7) құмар ойын - ұтысты көздейтін, қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен аталған адамдар қатысатын оқиға нәтижесіне жасалған, тәуекелге негізделген келісім;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен бап 7-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

7-1) құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысушы - құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысатын жеке тұлға;

2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

7-2) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адам - құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге салыну салдарынан сот әрекет қабілетін шектеген жеке тұлға, сондай-ақ құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан өзін шектеген жеке тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

8) міндетті резервтер - ойын бизнесін ұйымдастырушыға немесе өтінім берушіге меншік құқығында тиесілі, оның ішінде кредитке алынған және салымдарды алғаш талап ету бойынша (талап етуге дейінгі салым) және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес олар пайдаланатын салымды беру шарттарымен банктік салым шарты негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде орналастырылатын ақша;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

9) ойын автоматы - құмар ойындарды өткізу үшін пайдаланылатын, ұтысын ойын бизнесін ұйымдастырушының немесе оның қызметкерлерінің қатысуынсыз осындай ойын жабдығы корпусының ішінде орналасқан құрылғы кездейсоқ тәсілмен айқындайтын ойын жабдығы (механикалық, электр, электрондық немесе өзге де техникалық жабдық);

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) ойын автоматтары залы - құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу үшін ойын автоматтары ғана пайдаланылатын ойын мекемесі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11) ойын бизнесі - құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге байланысты кәсіпкерлік қызмет;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 12) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

12) ойын бизнесiн ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес құмар ойындарын және (немесе) бәс тiгудi ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

13) ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - ойын бизнесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

14) ойын жабдығы - құмар ойындарды өткізуге арналған және пайдаланылатын құрылғылар немесе құралдар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

15) ойын мекемесi - ұтыс алуды көздейтiн құмар ойындар осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес өтетін ғимарат, үй-жай, құрылысжай;

2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

15-1) ойын сессиясы - ойын бизнесін ұйымдастырушының қағидаларында айқындалатын, ұтысты анықтаумен (тіркеумен) аяқталатын, құмар ойынға қатысушының ойын бизнесін ұйымдастырушымен өзара қатынас жасау тәртібі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16) ойын үстелі - ойыншының (ойыншылардың) және казиноның бір өкілінің қатысумен құмар ойындар өткізуге арналған ойын жабдығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

17) 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 17-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

17-1) өтiнiм берушi - Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш білдірген заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен бап 17-2) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

17-2) мөлшерлеме - құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысушы ойын бизнесін ұйымдастырушыға беретін және ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген ережелерге сәйкес құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысудың негізгі шарты болып табылатын ақша сомасы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 17-3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 4 қаңтарда қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

17-3) мөлшерлемелерді есепке алу орталығы - байланыс желілері арқылы букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешеніне қосылған және қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлемдерді, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып қабылдауды (жүзеге асыруды), бәс тігудің әрбір қатысушысы бойынша бәс тігуге қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы ақпаратты қабылдауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы.

  • Показать изменения

Мөлшерлемелерді есепке алу орталығын жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты қабылдау, есепке алу және сақтау, сондай-ақ оны, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге тұлғаларға беру қағидаларын уәкілетті орган белгілейді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

18) тотализатор - бәс тігу жасалған кезде оған қатысушылар арасында делдалдық қызметтер көрсететін ойын бизнесін ұйымдастырушы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 19) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

19) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассасы - бәс тігуге мөлшерлемелерді қабылдау, ол бойынша ұтыс төлеу жүзеге асырылатын орын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен бап 19-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

19-1) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің электрондық кассасы - ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, мөлшерлемелер қабылдау (есепке алу) жүзеге асырылатын және ұтыстарды төлеу жүргізілетін ақпараттық жүйе;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

20) 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 21) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

21) ұтыс - құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген қағидаларда көзделген нәтижесі шыққан кезде құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға міндетті түрде төленуге жататын мүліктік пайда;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

22) электрондық казино - аппараттық-бағдарламалық кешенді және (немесе) интернет-ресурсты пайдаланатын, нақты уақыт режимінде Интернет желісі және (немесе) электрондық ақша арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын және ұтыс алуды көздейтін мекеме.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Осы Заң:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың құқықтық жағдайы мен қызметінің ерекшеліктеріне байланысты;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) ойынның өзін өткізу және (немесе) бәс тігу кезінде ойын бизнесін ұйымдастырушы мен құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылар арасында туындайтын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) ойын бизнесін ұйымдастырушы мен уәкілетті органның арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2. Осы Заңның күші лотереяларды ұйымдастыруға және өткізуге, сондай-ақ ойын автоматтарын пайдалана отырып, ұтыссыз қызметтер көрсетуге, спорттық іс-шараларды, оның ішінде боулинг (кегельбан), картинг, бильярд өткізуге байланысты қызметке қолданылмайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметтің негізгі принциптері

Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асырудың негізгі принциптері:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) ойын бизнесіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың өз қызметін жүзеге асыру заңдылығын қамтамасыз ету болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік реттеу

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу нысандары:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлері

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметтің мынадай түрлері жүзеге асырылады:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) казино;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) ойын автоматтары залы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) букмекер кеңсесі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) тотализатор.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Қазақстан Республикасының аумағында:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) осы баптың 1-тармағында көзделмеген ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) электрондық казино және интернет-казино қызметіне;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) өзге мүлік түрінде ұтыс беруге жол берілетін казино қызметін қоспағанда, ақшадан басқа өзге мүлік түрінде мөлшерлемелер қабылдауды және (немесе) ұтыс беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген орындарды қоспағанда, ойын жабдығын кәсіпкерлік мақсатта орнатуға және пайдалануға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

5) букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардан (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларынан) тыс жерде бәс тігуді жасасуға, бәс тігу мөлшерлемелерін қабылдауға (есепке алуға), бәс тігу бойынша ұтыс төлеуге;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

6) тотализатор немесе букмекер кеңсесі қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар болып табылмайтын тұлғалардың бәс тігуіне, мөлшерлемелерді қабылдауына (есепке алуына), ұтыс төлеуіне;

2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылды

7) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуды ынталандыруға бағытталған жүлделердің ұтыс ойыны түрінде құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге;

8) бағдарламалық қамтылым генерациялайтын және (немесе) жабдықты (механикалық, электрлі, электрондық немесе өзге де техникалық жабдықты) пайдалану және (немесе) оқиғаны тікелей трансляциялаудан басқа, оны кез келген визуализациялау арқылы оқиғаларға бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге;

9) қызметі сот актісі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз деп танылған шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуге тыйым салынады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Үкіметі ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді, сондай-ақ өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.28.08 № 192-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді

  • Показать изменения

8-бап. Уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Уәкілетті орган:

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) ойын бизнесін ұйымдастырушының осы Заңның 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлейді және бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны береді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізеді;

  • Показать изменения

7) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 7-1), 7-2), 7-3) және 7-4) тармақшалармен толықтырылды

  • Показать изменения

7-1) ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-2) ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7-3) өзі айқындайтын тәртіппен ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асырады;

7-4) тотализаторлар мен букмекер кеңселері кассаларының тізілімін жүргізеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Өзге мемлекеттік органдар ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

1. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

2. Құмар ойындар саласындағы қызмет өтінім берушіге әрбір ойын мекемесіне он жыл мерзімге берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Бәс тігу саласындағы қызмет өтінім берушіге букмекерлік кеңсе не тотализатор қызметіне он жыл мерзімге берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Лицензиялық алымның, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері, оларды есептеу және төлеу тәртібі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен бап 4-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. Лицензиялар туралы деректер лицензиардың электрондық тізіліміне енгізіледі.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу

Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2021 ж. 4 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

11-бап. Ойын мекемелерінің, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың (букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар кассаларының) орналасатын жері

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 4 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

1. Казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Бурабай ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады.

  • Показать изменения

Казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау қажет болатын жағдайларды, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілерінің жойылу және бүліну қатері төнген, қорғаныс мұқтаждары мен елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардың казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын өзгертуіне тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 4 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)


Содержание
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұйымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы4-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметтің негізгі5-бап. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік реттеу6-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлері7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті8-бап. Уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті9-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау10-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу11-бап. Ойын мекемелерінің, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың (букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар кассаларының) орналасатын жері12-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар12-1-бап. Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешені13-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптары14-бап. Міндетті резервтер және банк кепілдігі15-бап. Ойын мекемелеріне, букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың кассаларына келудің тәртібі мен ерекшеліктері15-1-бап. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды шектеу16-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық16-1-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау17-бап. Өтпелі және қорытынды ережелер