<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАНЫСТЫҚ ТАПСЫРЫС ТУРАЛЫ 2001 ЖЫЛҒЫ 1...

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы
2001 жылғы 19 қаңтардағы № 146-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2014.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтіні бойынша «тауарлар», «тауарларды», «тауарлардың» деген сөздер «тауарлар (өнімдер)», «тауарларды (өнімдерді)», «тауарлардың (өнімдердің)» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң қажеттерi үшiн мемлекеттік Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орындау мәселелерiнде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және меншiк нысандарына қарамастан, заңды тұлғалардың құқықтық қатынастарын айқындайды және реттейдi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) әскери мақсаттағы тауарлар (өнім), жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер - қару-жарақ, әскери техника мен олардың оқ-дәрiлерi, әскери өнiмнiң өзге де түрлерi, жұмыстар (оның iшiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық), құжаттама, зияткерлiк меншiк құқығы объектiлерi және әскери-техникалық мақсаттағы ақпарат;

  • Показать изменения

2) қорғаныстық тапсырыстың мемлекеттік тапсырыс берушісі (бұдан әрі - мемлекеттік тапсырыс беруші) — мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сатып алынатын әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жасауға, зерттеуге, өндіруге, жеткізуге арналған тапсырыстарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

  • Показать изменения

3) қорғаныстық тапсырысты орындаушы (бұдан әрі - орындаушы) - мемлекеттік тапсырыс берушімен жасалған шарт негізінде қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнім), жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бiрақ мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыстың мемлекеттiк тапсырыс берушiлерi әскери мақсаттағы тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер ретiнде пайдалануы не кейiннен қайта бейiмдеуi және пайдалануы мүмкiн өнiм мен технологиялар;

  • Показать изменения

5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс (бұдан әрі - қорғаныстық тапсырыс) - мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындауы үшін сатып алынатын әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен көлемін бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актісі;

  • Показать изменения

6) уәкілетті орган - қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  • Показать изменения

7) уәкілетті ұйым - қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілер жүзеге асыратын көрсетілген тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің импортын қоспағанда, мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің импортын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2-бап. Қорғаныстық тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының заңдары

  • Показать изменения

Қорғаныстық тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағы ережелерден өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-бап. Қорғаныстық тапсырыстың құрамы

1. Қорғаныстық тапсырыстың құрамына:

  • Показать изменения

1) қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы, техникалық құралдарды, оқ-дәрілер мен оларды жинақтаушыларды өндіру және жеткізу;

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды жарақтандырудағы қару-жарақтың, әскери техниканың және оқ-дәрiлердiң тәжiрибелiк үлгiлерiн әзiрлеу, жаңғырту жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар;

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу, жаңғырту және оларға регламенттелген техникалық қызмет көрсету, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды жарақтандырудан алып тасталған қару-жарақты, әскери техниканы және оқ-дәрiлердi кәдеге жарату, залалсыздандыру және жою;

  • Показать изменения

4) әскери объектілерді салу, реконструкциялау және техникалық жағынан қайта жарақтандыру;

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшiлерi және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшiн әскери және арнайы киiм нысанын, айырым белгiлерiн және жеке қорғану құралдарын шығару кiредi.

2. Қорғаныстық тапсырыс:

  • Показать изменения

1) жеткізілуге тиіс әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесі (номенклатурасы) мен көлемін, осы жеткізілімдердің мерзімдерін;

  • Показать изменения

2) қорғаныстық тапсырыстың тұтастай, сондай-ақ оның бөліктері мен оны өткізудің жекелеген кезеңдері бойынша болжамды құнын (бағасын);

  • Показать изменения

3) мемлекеттік тапсырыс берушілердің тізбесін;

4) ықтимал орындаушылардың тізбесін қамтуға тиіс.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4-бап. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Уәкілетті орган қорғаныстық тапсырыстың жобасын мемлекеттік тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құжаттары негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен міндеттемелерін ескере отырып, тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде әзірлейді және қалыптастырады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Орындаушыларды таңдау мемлекеттік тапсырыс берушілердің қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруы кезінде уәкілетті органмен келісім бойынша отандық тауар өндірушілердің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілердің және (немесе) уәкілетті ұйымның арасынан және өндірістің, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғаудың да қажетті жағдайларын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін, неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда талапқа сай келетін сапалы әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді шығару және (немесе) жеткізіп беру қабілетін негізге ала отырып жүргізіледі.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Орындаушыны отандық тауар өндірушілердің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілердің және (немесе) уәкілетті ұйымның арасынан айқындау мүмкін болмаған жағдайда, мемлекеттік тапсырыс беруші орындаушыны Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібіне сәйкес шетелдік заңды тұлғалардың арасынан айқындайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі шарт

2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Қорғаныстық тапсырысты орындау мемлекеттік тапсырыс берушi мен орындаушының арасында жасалған шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. Шарт ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың, қару-жарақ пен әскери техника, басқа да материалдық құралдар өндiрудiң, берудiң, пайдаланудың, жаңғыртудың, кәдеге жаратудың және жоюдың бүкiл кешенiн орындауға да, осы жұмыстардың жекелеген түрлерiне де жасалады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі шарт бойынша берілетiн әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сапасы нормативтiк және техникалық құжаттаманың талаптарына және шарт ережелерiне сәйкес келуге тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Қорғаныстық тапсырысты орындау

1. Қорғаныстық тапсырыс басымдық тәртiппен орындалуға мiндеттi. Қорғаныстық тапсырыстың көлемi қорғаныстық тапсырысты жүзеге асыруға бөлiнетiн қаржы қаражатымен айқындалады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Мемлекеттік тапсырыс беруші қорғаныстық тапсырысты орындайтын ұйымдарға өздеріне берілетін әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), орындалатын жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылап отыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шекте өз өкiлдерiн жiберуге құқылы.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Қорғаныстық тапсырыста көзделген әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген экспорттық-импорттық бақылау тәртібін сақтай отырып жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті органның құзыреті

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңы қабылданғаннан кейін екі ай мерзімде осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде үш жылдық кезеңге арналған қорғаныстық тапсырысты бекітеді;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін бекітеді; 

3) уәкілетті органды айқындайды;

  • Показать изменения

4) уәкілетті ұйымды айқындайдыж

  • Показать изменения

5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Уәкілетті орган:

  • Показать изменения

1) қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылықты жүзеге асырады;

  • Показать изменения

2) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) қорғаныстық тапсырысты қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады және бекітілген қорғаныстық тапсырыс тапсырмаларын мемлекеттік тапсырыс берушілер мен орындаушыларға жеткізеді;

  • Показать изменения

4) салааралық үйлестіруді және қорғаныстық тапсырыстың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8-бап. Мемлекеттік тапсырыс берушiлердiң қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру мен орындау кезіндегі функциялары

Мемлекеттік тапсырыс берушiлер:

2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қажеттiлiктердi, Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтетiн нормалар бойынша мемлекеттік тапсырыс берушiлердi материалдық-техникалық жағынан қайта жарақтандыру перспективаларын басшылыққа ала отырып, қажеттi әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің есебiн жүргiзедi;

2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары құпияландыруға жататын мәліметтер тізбесінің жинағына сәйкес қорғаныстық тапсырыс мәліметтерінің құпиялылық дәрежесін айқындайды;

  • Показать изменения

3) 2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) орындаушылармен шарттар жасасады, қаржыландыруды қамтамасыз етеді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілері үшін техникалық сипаттамаларды әзірлейді, техникалық құжаттамада көзделген қару-жарақ пен әскери техниканың тәжірибелік және сериялы үлгілерін сынақтан өткізуге қатысады;

2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) қару-жарақ пен әскери техниканың тәжірибелік үлгілерін қарулануға (жарақтандыруға) қабылдап алу үшін құжаттар әзірлеуге, оларды сериялап өндіруге тапсыру үшін конструкторлық құжаттаманы бекітуге қатысады;

7) жұмысты тұтастай және кезең-кезеңiмен қабылдап алуды, олардың белгiленген талаптар мен шарттардың ережелерiне сәйкес келуiне қорытынды берудi жүзеге асырады;

  • Показать изменения

8) 2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9-бап. Орындаушылардың қорғаныстық тапсырысты орындау кезіндегі функциялары

Орындаушылар:

  • Показать изменения

1) мемлекеттік тапсырыс берушілер мен уәкілетті органның сұратуы бойынша өз қызметі туралы ақпаратты ұсынады;

  • Показать изменения

2) қорғаныстық тапсырысты мемлекеттік тапсырыс берушімен жасалған шарт негізінде орындайды;

  • Показать изменения

3) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің, әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) жеткізудің мемлекеттік тапсырыс берушімен жасалған шарт талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;

  • Показать изменения

4) әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бағасын негіздейді;

  • Показать изменения

5) қорғаныстық тапсырысты орындау үшін қажетті әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің импортын жүзеге асырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

11-бап. Қорғаныстық тапсырыс туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылық

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев