Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 246 Қаулысы

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

 «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 246 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, ономастика, креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ақпарат, масс-медиа, қоғамдық кеңестердің қызметі, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім, ақпаратқа қол жеткізу, онлайн-платформалар және онлайн-жарнама салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15-тармақта:

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында салааралық үйлестіруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;»;

58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«58) Министрлік реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді және оған әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыру;»;

84) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг