<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛУҒА АҚЫ ТӨЛЕУ ҮШІН БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ...

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 Қаулысы

(2017.26.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

  • Показать изменения

 «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. 1. Қоса беріліп отырған Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

  • Показать изменения

2008 жылғы 23 қаңтардағы

  • Показать изменения

 № 58 қаулысымен

бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру

  • Показать изменения

ережесі

 

  • Показать изменения

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

Осы Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын берудің тәртібін айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2011.27.07. № 865 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) білім беру гранты - кәсіптік білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы;

  • Показать изменения

2) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

  • Показать изменения

3) республикалық конкурстық комиссия - білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі - Комиссия);

  • Показать изменения

4) ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен алып тасталды  (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен алып тасталды  (бұр.ред.қара)

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Білім беру грантын беру тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 2017.26.07. № 446 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Білім беру грантын беру жөніндегі конкурсты білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын республикалық конкурстық комиссия және тиісті облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімінің шешімімен құрылатын жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы өткізеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.28.09. № 798 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2017.26.07. № 446 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. Республикалық конкурстық комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) басшылары санынан қалыптастырылады.

  • Показать изменения

Республикалық конкурстық комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс. Республикалық конкурстық комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі және 1-10 тамыз кезеңінде өткізіледі.

  • Показать изменения

Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалдарының, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, аталған аумақта орналасқан ЖОО басшылары санынан қалыптастырылады.

  • Показать изменения

Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясының төрағасы тиісті облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі болып табылады.

  • Показать изменения

Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы туралы ережесі тиісті облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

  • Показать изменения

Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясының құрамы тиісті облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен бекітіледі.

  • Показать изменения

Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс. Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясының отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі және 17-25 тамыз кезеңінде өткізіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2008.28.05 № 509 қаулысымен; 2009.17.02 № 194 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 5-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2017.26.07. № 446 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5. Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің (бұдан әрі - КТ) нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

  • Показать изменения

Білім беру грантын беру конкурсында Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі), екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

  • Показать изменения

Шығармашылық емтихандарды талап ететін мамандықтарға түсу үшін білім беру грантын беру конкурсына Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқыту тілі) және екі шығармашылық емтиханның нәтижелері ескеріледі.

  • Показать изменения

Шығармашылық емтихандарды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, ұқсас мамандықтар, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша түсу үшін білім беру грантын беруге арналған конкурста жалпы бейіндік пән және бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

  • Показать изменения

Ұқсас мамандықтар, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша шығармашылық мамандықтарға түсу үшін білім беру грантын беруге арналған конкурста бейіндік пән бойынша балдар және шығармашылық емтихан нәтижесі ескеріледі.

  • Показать изменения

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары өңірлердің кадрларға қажеттілігі ескеріле отырып, талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша ЖОО-да оқу үшін мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен 5-1 тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2016.14.07. № 407 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.26.07. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-1-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

5-1. Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін азамат ЖОО-ның қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, білімі туралы құжатты (түпнұсқа), ҰБТ немесе КТ сертификатын, 3x4 көлеміндегі екі фотосуретті, 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

  • Показать изменения

Тілдік дайындық деңгейін күшейтуге арналған мемлекеттік білім беру гранты негізінде ЖОО-ның дайындық бөлімдерін аяқтаған тұлғалар ЖОО-ның ректоры қол қойған аяқтағаны туралы транскрипті ұсынады.

  • Показать изменения

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар қосымша мына құжаттардың біреуін тапсырады:

  • Показать изменения

1) еңбек кітапшасы;

  • Показать изменения

2) жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) (болған кезде);

  • Показать изменения

3) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме мен жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер.

  • Показать изменения

Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған мамандық пен ЖОО-н көрсетеді.

  • Показать изменения

Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады.

  • Показать изменения

Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде кезеңінде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 10-17 тамыз кезеңінде қабылданады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен Ереже 5-2 тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

5-2. Осы Ереженің 6 және 6-1-тармақтарында көрсетілген білім беру грантын алуға басым құқығы бар азаматтар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына аталған құқықты растайтын құжатты тапсырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен Ереже 5-3 тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

5-3. Шет тілінде берілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.

  • Показать изменения

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен нострификатталуы тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен Ереже 5-4 тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2016.14.07. № 407 Қаулысымен 5-4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5-4. І және ІІ топтағы мүгедек азаматтар, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезден мүгедектер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына таңдаған мамандығы бойынша оқу үшін теріс көрсеткіштің жоқтығы туралы медициналық қорытындыны ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен Ереже 5-5 тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.23.04 № 343 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.30.03. № 390 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.09.07. № 698 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 769 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.26.07. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-5-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

5-5. Конкурсқа қатысу үшін ұлттық ЖОО-на, шығармашылық емтихандарды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, тестілеу нәтижелері бойынша кемінде 65 балл, «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша кемінде 60 балл, басқа ЖОО-на кемінде 50 балл, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы - оқыту тілі бойынша кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл жинау қажет.

  • Показать изменения

Шығармашылық емтихандар тапсыруды талап ететін мамандықтар бойынша конкурсқа қатысу үшін ұлттық ЖООна тестілеу және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша кемінде 65 балл, ал «Білім беру» мамандық тобы бойынша кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы - оқыту тілі бойынша кемінде 5 балл және әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін - кемінде 35 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша - кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл) жинау қажет.

  • Показать изменения

Шығармашылық емтихандарды тапсыруды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас шығармашылық мамандықтарға түсушілерге конкурсқа қатысу үшін тестілеу нәтижелері бойынша кемінде 35 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

  • Показать изменения

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша шығармашылық емтиханды тапсыруды талап ететін ұқсас мамандықтарға түсушілерге конкурсқа қатысу үшін тестілеу нәтижесі және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша кемінде 35 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

  • Показать изменения

Аталған тармақтың нормалары республикалық бюджет қаражаты және жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсының қатысушыларына қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен 5-6 тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2016.14.07. № 407 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.26.07. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-6-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

5-6. Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурсқа бір мамандық бойынша қатысады және шығармашылық емтихан тапсырған ЖОО-н ғана көрсетеді.

  • Показать изменения

Педагогикалық мамандықтарды таңдаған және арнайы емтиханнан «өткен» талапкерлер республикалық және жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурсқа арнайы емтиханды тапсыру орнына қарамастан, бейіндік пәндеріне сәйкес төрт ЖОО және төрт мамандық бойынша қатысады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.14.07. № 407 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2017.26.07. № 446 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6. Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде:

  • Показать изменения

1) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдардың;

  • Показать изменения

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдардың;

  • Показать изменения

3) тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтар олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздарының басым құқығы бар.

  • Показать изменения

Бұл ретте, балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен Ереже 6-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен 6-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.14.07. № 407 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.26.07. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-1-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

6-1. Білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде, сондай-ақ жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына кіргізу кезінде көрсеткiштері бiрдей болған жағдайда, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, I және II топтардағы мүгедектердің, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдер жоқ бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы болады.

  • Показать изменения

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі.

  • Показать изменения

Бірдей балдық көрсеткіштері және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балы бірдей болғанда бейіндік пәндер бойынша алған балдары ескеріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.14.07. № 407 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.26.07. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

7. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасындағы бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі.

  • Показать изменения

Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысушы тұлғалар үшін бекітілген қабылдау квотасы барлық өтініш білдірілген мамандықтарға қолданылады.

  • Показать изменения

Мамандық топтарында квоталар бойынша білім беру гранттарының саны оқу түрі бойынша орналастырылады. Егер квота бөлінген мамандықтар тобында шығармашылық емтиханы бар мамандықтар болған жағдайда, білім беру грантын алушыларды анықтағанда қатысушының максималды мүмкін балының үтірден кейінгі бір белгіге дейін дөңгелектелген пайыздық қатынасында ҰБТ немесе КТ тестілеу нәтижесі салыстырылатын болады.

  • Показать изменения

Бірдей балдық көрсеткіштері болған жағдайда, білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары балы бар тұлғаларға беріледі.

  • Показать изменения

Аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балы бірдей болған жағдайда бейіндік пәндер немесе шығармашылық емтихандар бойынша алған балдары ескеріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2016.14.07. № 407 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8. Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота белгіленген мамандықтар бойынша конкурс мынадай түрде өтеді: осы мамандықтар мен оқыту тілі бойынша гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал қалған 30 пайыз грантқа конкурс тек ауыл жастары арасынан шыққан азаматтарға өткізіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен Ереже 8-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен 8-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.26.07. № 446 Қаулысымен 8-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8-1. Білім беру гранттарын конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос білім беру гранттарын республикалық конкурстық комиссия оқыту нысанына қарамастан, жоғары өту балымен мамандықтарға дайындау бағыттарының ішінде осы ереженің 5, 6, 6-1-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде береді.

  • Показать изменения

Халықаралық келісімдер бойынша келген шетелдік тұлғаларға білім беру гранттарын конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша шешімді республикалық конкурстық комиссия қабылдайды.

  • Показать изменения

Резервте көзделген білім беру гранттарын республикалық конкурстық комиссия оқыту нысанына қарамастан, жоғары өту балымен мамандықтарға ең алдымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар арасынан шыққан осы Ереженің 5, 6, 6-1-тармақтарындакөзделген тәртіппен конкурстық негізде беріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен 8-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.14.07. № 407 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.26.07. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-2-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

8-2. Республикалық конкурстық комиссия шешімінің негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығы шығарылады және білім беру грантын тағайындау туралы куәлік ресімделеді.

  • Показать изменения

Білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

  • Показать изменения

Грант иегері білім беру грантынан бас тартқан жағдайда білім беру грантын беру туралы куәлігінің күші жойылады, білім беру гранты конкурстық негізде осы Ережеде белгіленген тәртіппен қабылдау күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде беріледі.

  • Показать изменения

Білім беру грантын беру туралы куәлік қайтарылмаған жағдайда ЖОО-ның қабылдау комиссиясы мерзімін және білім беру грантынан бас тартқан адамның деректерін көрсете отырып, оның күшін жою туралы акт жасайды және ЖОО-ның мөрімен расталған актіні қабылдау күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға тапсырады.

  • Показать изменения

Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы шешімінің негізінде тиісті бұйрық шығарылады және жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру туралы куәлік ресімделеді.

  • Показать изменения

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранты иегерлерінің тізімі өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

  • Показать изменения

Грант иегері жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантынан бас тартқан жағдайда білім беру грантын беру туралы куәлігінің күші жойылады, білім беру гранты конкурстық негізде осы Ережеде белгіленген тәртіппен қабылдау күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде беріледі.

  • Показать изменения

Жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын беру туралы куәлік қайтарылмаған жағдайда ЖОО-ның қабылдау комиссиясы мерзімін және білім беру грантынан бас тартқан адамның деректерін көрсете отырып, оның күшін жою туралы акт жасайды және ЖОО-ның мөрімен расталған актіні қабылдау күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті атқарушы органдарға тапсырады.

  • Показать изменения

Жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын беру туралы куәлікті ЖОО-ның қабылдау комиссиялары азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 25 тамыздан кешіктірмей береді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен Ереже 8-3-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

8-3. Білім беру грантын беру туралы куәлікті қабылдау комиссиялары азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 15 тамыздан кешіктірмей береді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен Ереже 2-1-тараумен толықтырылды

  • Показать изменения

2-1. Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі

 

  • Показать изменения

8-4. Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттары оқыту мамандықтарының бөлінісінде конкурстық негізде осы мамандық бойынша ақылы негізде оқитын білім алушыларға беріледі. Конкурс білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша өткізіледі.

  • Показать изменения

Бос білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде үлгерімнің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда барлық оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- («үздік»), содан соң А, А- («үздік») бағаларынан В+, В, В- («жақсы») бағаларына дейін бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8-5. ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен алып тасталды  (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8-6. ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен алып тасталды  (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен 8-7-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2016.14.07. № 407 Қаулысымен 8-7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8-7. Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

  • Показать изменения

1) ақылы негізде білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына одан әрі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;

  • Показать изменения

2) жоғары оқу орны өтінішті конкурстық негізде қарап, ғылыми кеңесінің шешімімен бірге ағымдағы жылғы 5 тамыз бен 15 қаңтарға дейінгі мерзімде шешім қабылдау үшін оны білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді. Білім алушының өтінішіне оқу кеңесінің шешімімен қоса, үміткердің сынақ кітапшасынан немесе транскриптінен үзінді, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жоғары оқу орнынан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқа) қоса беріледі;

  • Показать изменения

2-1) нақты мамандық бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары жазғы және қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша даярлау бағыттарының ішінде конкурстық негізде беріледі;

  • Показать изменения

3) білім беру саласындағы уәкілетті орган түскен жылын ескере отырып, оқыту мамандығы, нысандары мен мерзімдері бөлінісінде құжаттарды қарайды және мәселе оң шешілген жағдайда білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады;

  • Показать изменения

4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде білім беру грантын беру туралы куәлік ресімделеді;

  • Показать изменения

5) білім беру грантын беру туралы берілген куәлік негізінде жоғары оқу орнының басшысы білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға бұйрық шығарады.