Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 29 шілдедегi № 287 бұйрығы
(2024.14.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 12-1) және 12-2) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024.29.08. № 385-НҚ бұйрығымен күші жойылды (2024 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 172 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18859 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.