«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 сәуірдегі № 266 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функциялары:
мынадай мазмұндағы 133-4) тармақшамен толықтырылсын:
«133-4) өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімін және оның нысанын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 310-1) және 310-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«310-1) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту;
310-2) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 402-1) және 402-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
402-1) және 402-2) тармақшалары 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«402-1) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту;
402-2) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесін бекіту;»;