<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕЛЕГЕН НЕГІЗДЕР БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ АЙНАЛ...

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 26 шілдедегі № 833 Қаулысы

(2019.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2015.17.06. № 446 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 372 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.22.08. № 936 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.05. № 581 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.17.06. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.07.06. № 338 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.26.06. № 379 Қаулысымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

  • Показать изменения

1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, 2010 жылғы 2 сәуірдегі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы», 1997 жылғы 14 шілдедегі «Нотариат туралы», «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы және «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2015.17.06. № 446 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Қоса беріліп отырған Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидалары бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1268 қаулысымен; 2005.21.04. № 372 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.31.12 № 1329 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.30.05. № 581 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.23.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.17.06. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

2. Мыналар:

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары - республикалық меншікке;

  • Показать изменения

аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық меншікке жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 372 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

4. «Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi № 1467 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 476-құжат) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2011.22.08. № 936 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.23.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.17.06. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 26 шілдедегі

  • Показать изменения

№ 833 қаулысымен

  • Показать изменения

бекітілген

 

  • Показать изменения

 
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған
(түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану
қағидалары

ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 947 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  • Показать изменения

1. Осы Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті (бұдан әрі - мүлік) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану тәртібін айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Осы Қағидалар сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарға қолданылмайды.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.21.11. № 717 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 947 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті:

  • Показать изменения

1) тәркіленген мүлікті;

  • Показать изменения

2) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды (бұдан әрі - заттай айғақтар);

  • Показать изменения

3) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбелерді (бұдан әрі - көмбелер);

  • Показать изменения

4) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 216-бабының 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызметшілер және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері берген сыйлықтарды (бұдан әрі ‒ сыйлықтар);

  • Показать изменения

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2016.21.11. № 717 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті:

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған;

  • Показать изменения

2) мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен, сондай-ақ қайтыс болған адамнан мұрагерлікке қалған;

3) олжаларды;

  • Показать изменения

4) қараусыз қалған жануарларды;

  • Показать изменения

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын;

  • Показать изменения

 6) мәдени құндылықтарға жататын заттарды қамтымайтын көмбелерді (көмбедегі үлесті);

  • Показать изменения

7) тәркіленген мүлікті;

8) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына олар белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысанда мүлік туралы мәліметтерді ұсынады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 947 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2-тарау. Мүлікті есепке алу және сақтау

 

ҚР Үкіметінің 2016.21.11. № 717 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6. Мүлікті есепке алу:

  • Показать изменения

1) тиісті сот актілері;

  • Показать изменения

2) нотариус беретін мемлекеттің мұрагерлікке құқығы туралы куәлік;

  • Показать изменения

3) кедендiк декларациялау аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне сәйкес мәлiмделген тауарларға арналған декларация;

  • Показать изменения

4) мемлекет меншігінің құқығы туындағанын растайтын өзге де құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2019.30.12. № 1031 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7. Мүлiк осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi негiзiнде беріледi. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi (бұдан әрi - тiзiмдеу актiсi) онда көрсетiлген тараптардың саны бойынша жасалады.

  • Показать изменения

Тізімдеу актісі бірдей және (немесе) біртекті мүлік бойынша мәліметтерді қамтиды, мүліктің атауы, сандық және сапалық көрсеткіштері, сондай-ақ өлшем бірлігі көрсетіледі.

Бірдей мүлікке өздеріне тән негізгі белгілері: физикалық сипаттамалары бірдей мүлік жатады.

Егер қалған жағынан бұл мүлік осы тармақтың талаптарына сәйкес келсе, сыртқы түріндегі болмашы алшақтықтар мүлікті бірдей деп танымауға негіз болып табылмайды.

Біртекті мүлікке сипаттамалары бірдей болмаса да, ұқсас немесе бірдей функцияларды орындауға және өзара алмастыруға мүмкіндік беретін ұқсас компоненттерден тұратын мүлік жатады.

Бірдей немесе біртекті мүлікке мынадай мүлік жатқызылмайды: жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, арнайы техника.

  • Показать изменения

Бір тiзiмдеу актiсiнде қамтылатын берілетін мүліктің атауы бесеуден аспайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2019.30.12. № 1031 Қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

7-1. Сот орындаушыларынан немесе мүлікті алып қойған (беретін) органдардан (тұлғалардан) мүлікті есепке алуды уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар оны нақты қайта есептеу (қайта өлшеу) қорытындылары бойынша жүзеге асырады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2016.21.11. № 717 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8. Тәркіленген мүлікті, заттай айғақтарды, сондай-ақ бұрын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды алып қойған (берген) сот орындаушылары немесе органдар (тұлғалар) уәкілетті органды немесе жергілікті атқарушы органды мүлікті беру күні, орны және уақыты туралы олардың орындалуына дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып және өзге де (алып қою актілері, сот сараптамасының актілері, атқару парақтары және басқалары) құжаттар болған кезде жазбаша хабарлайды.

  • Показать изменения

Тәркіленген мүлікті, заттай айғақтарды, сондай-ақ бұрын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға беру мүлікті сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілердің қатысуымен, уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның тізімдеу актісін жасай отырып, мынадай мерзімде:

  • Показать изменения

сот орындаушыларынан - «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде;

  • Показать изменения

мүлікті алып қойған органдардан - заңды күшіне енген тиісті сот актісін алған күннен бастап екі ай ішінде;

  • Показать изменения

мүлікті беретін тұлғадан (декларант) - кедендік декларация тіркелген күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9. Тізімдеу актілерін есепке алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабы (бұдан әрі - есепке алу кітабы) жүргізіледі. Есепке алу кітабына тізімдеу актілері түсуіне қарай тіркеледі. Есепке алу кітабындағы жазбалар уақтылы, анық және түзетілмей жүргізілуі тиіс. Есепке алу кітабы нөмірленуге, тігілуге және уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның мөрімен бекітілуге тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2016.07.06. № 338 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.30.12. № 1031 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

10. Тізімдеу актісі есепке алу кітабына енгізілгеннен кейін мемлекеттік мүлік тізілімінде әр жазбаға мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша түгендеу карточкасы ашылады.

  • Показать изменения

Түгендеу карточкасының тақырыбы мүліктің кімге берілгені, мүлікті беру күні туралы мәліметтерді қамтиды. Мүлікті сатқан кезде түгендеу карточкасында бюджетпен есеп айырысу мерзімдері, төлем құжатының (құжаттарының) нөмірі мен күні көрсетіледі.

  • Показать изменения

Мүлік бір тізімдеу актісі бойынша бірнеше ұйымға берілген жағдайда, түгендеу карточкалары әр ұйымға жеке ашылады.

  • Показать изменения

Түгендеу карточкасының нөмірі тізімдеу актісінің нөмірінен (мүлік бірнеше ұйымға берілген жағдайда, реттік нөмірден) бөлшек белгісі арқылы бүтін цифрларды қосу жолымен қалыптастырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11. Жергілікті атқарушы орган иесіз жылжымайтын затты есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12. Мүлікті сақтау 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Негізгі бөлім) белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

  • Показать изменения

Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.

  • Показать изменения

Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

  • Показать изменения

Республикалық меншікке (коммуналдық меншікке) айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдауды уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13. Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті тасымалдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.

  • Показать изменения

Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті тасымалдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

Мүлікті тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 947 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3-тарау. Мүлікті бағалау

 

ҚР Үкіметінің 2019.30.12. № 1031 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

14. Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде өткізу немесе беру үшін бағалау «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.

  • Показать изменения

Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.

  • Показать изменения

Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

  • Показать изменения

Бағалаушыны таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2018.26.06. № 379 Қаулысымен 14-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

14-1. Бағалаушыға бағалау жүргізу үшін қажетті құжаттаманы, толық және дұрыс ақпаратты, қажетті түсініктемелерді беруді және бағалау объектісіне қолжетімділікті қамтамасыз етуді уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті тізімдеу актісі бойынша есепке қабылдап алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мен бағалаушы арасында мүлікті бағалау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт болмаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген іс-шаралар мүлікті бағалау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

15. Ақша мен төлем құжаттары бағалаушыны тартпай-ақ атаулы құны бойынша бағаланады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 947 Қаулысымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4-тарау. Мүлікті одан әрі пайдалану

 

  • Показать изменения

16. Мүлікті одан әрі пайдалану туралы шешімді (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде балалар үйіне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру, өткізу немесе жою) уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.

  • Показать изменения

Мүлікті одан әрі пайдалану туралы мәселелерді қарау үшін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады, оның құрамына уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның өкілдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының келісімімен жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, сондай-ақ қажет болған кезде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, мемлекеттік кірістер органдарының және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді.

  • Показать изменения

Комиссия туралы ережені уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.

  • Показать изменения

Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамнан тұрады. Комиссияның төрағасы уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның өкілі болады. Хатшы комиссияның мүшесі болып табылмайды.

  • Показать изменения

Комиссияның шешімдері қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады, ұсынымдық сипатта болады және хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімдері уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган үшін ұсынымдық сипатта болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

17. Мүлікті одан әрі пайдалану (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде балалар үйіне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру, өткізу немесе жою) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

18. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылығы болуы мүмкін мүлікке «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын арнайы комиссия сараптама жасайды.

  • Показать изменения

Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылыққа жатқызылған мүлік тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мұражайларға өтеусіз берілуі мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2016.07.06. № 338 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

19. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгіне айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу тәртiбiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгiлейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2016.07.06. № 338 Қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

19-1. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қабылдап алған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы металдардағы активтеріне аффинаждалған алтынның құймаларын есепке жатқыза отырып аффинаждауға жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2016.07.06. № 338 Қаулысымен 19-2-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

19-2. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждалған алтын құймалары етіп аффинаждалған беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.

  • Показать изменения

Аффинаждалған алтын құймаларының құны бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын қайта өңдеуге байланысты шығындар шегеріле отырып, бюджетке аударылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

20. Ақша түріндегі мүлік бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

Шетел валютасы операция жасалған күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы бюджет кірісінің есебіне жатқызылады. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған, айырбасталмайтын шетел валютасын қабылдау, сақтау, өткізу тәртібін, сондай-ақ оларды өткізуден түскен ақшаны бюджет есебіне жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.

  • Показать изменения

Ақша түріндегі мүлікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және олардың филиалдарына беруді осындай мүлікті алған орган мүліктің сомасы, берілу уақыты және алушысы көрсетілген беру туралы хабарламаны уәкілетті органға жібере отырып жүргізеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

21. Мемлекеттік меншіктің құрамына түскен салымдар (депозиттер) сомасын банктер номиналды түрде толық көлемінде бюджеттің кірісіне аударады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2016.11.08. № 455 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

22. Осы Қағидалар лотерея билеттерi, түбіртектер немесе өзге де құжаттар бойынша ақшалай ұтыс түрiндегі мүлiкке қолданылады. Лотерея билеттерi, түбіртектер және өзге де құжаттар бойынша заттай ұтыстың құнын лотерея операторы болып табылатын тұлға бюджет кірісіне есептейді.

  • Показать изменения

Лотерея билеттерiн, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды беру тізімдеме актісі бойынша жүргізіледі, онда лотереяның атауы, лотерея операторының атауы, тираждың нөмірі мен атауы (болған кезде), жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу күні мен орны (болған кезде), лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың нөмірі және ұтыс мөлшері көрсетіледі.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 947 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

23. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорына қосылады.

  • Показать изменения

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен тұрғын үйлерді одан әрі пайдалану тәртібі «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

24. ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 947 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 1031 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 947 Қаулысымен 25-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

25. Мемлекеттік қызметшілер немесе «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар және олардың отбасы мүшелері сыйға тартушының пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алған сыйлықтар, егер мұндай әрекеттер көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе олар лауазымдық жағдайына орай осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етсе, не көрсетілген адамдар мен олардың отбасы мүшелеріне айтылмай келіп түскен сыйлықтар, сондай-ақ жұмыстағы жетістіктері және басқа да сіңірген еңбегі үшін табыс етілетін сыйлықтарды қоспағанда, оларға және олардың отбасы мүшелеріне хаттамалық және басқа да ресми іс-шаралар кезінде берілген (табыс етілген) сыйлықтар мемлекетке берілген сыйлықтар болып есептеледі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламамен қоса, тізімдеу актісі бойынша оларды уәкілетті органға өтеусіз беру арқылы мемлекеттік мүліктің құрамына түседі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 947 Қаулысымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

26. Бағалы металдардан жасалған сыйлықтарды сараптауды және оларды өткізілгенге дейін сақтауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен 26-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 947 Қаулысымен 26-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

26-1. Сыйлықты уәкілетті органға берген адам жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құн бойынша уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен 26-2-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Үкіметінің 2019.30.12. № 1031 Қаулысымен 26-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

26-2. Сыйлықты сатып алу уәкілетті орган сыйлықты алған адамнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті орган мен сыйлықты алған адам арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Тапсырылған сыйлықты беру «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған, сатып алу-сату шартында көрсетілген сыйлықтың құнын толық төлегеннен кейін, уәкілетті орган мен сыйлықты тапсырған адам арасында қабылдау-беру актісіне қол қою арқылы жүргізіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 947 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 27-тармақ жаңа редакцияда