|
Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы (2013.05.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 қаулысымен бекітілген
Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңына (бұдан әрі — Заң) сәйкес әзірленген және уәкілетті органдар: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі - Салық комитеті), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - Кедендік бақылау комитеті) және мәмілеге қатысушы арасында Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім (бұдан әрі - Келісім) жасасу тәртібін айқындайды. 2. Келісімде мынадай тармақтар көрсетіледі: 1) жалпы ережелер; 2) Келісім тараптары; 3) Келісім нысанасы; 4) ұсынылған құжаттар тізбесі; 5) нарықтық бағаны айқындау әдісі; 6) нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі; 7) Келісімнің қолданыс мерзімі; 8) Келісімнің күшіне ену күні; 9) Келісімнің қолданысы кезеңінде қолданылатын бағалар туралы ақпарат беру мерзімі; 10) құпиялылық; 11) Келісімді шарттарын салық төлеушінің орындамауының (бұзудың) салдарлары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|