Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 және «Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулыларына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 19 наурыздағы № 18 Қаулысы

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

 «Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 және «Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулыларына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 19 наурыздағы № 18 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында:

27-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27-1. Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғалар -алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алушыларға алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шотты ашу кезінде клиент банкке:

1) алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алушының жеке басын куәландыратын құжатты;

2) ағымдағы шоттың мақсаты қамтылған өтінішті;

3) алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) өндіріп алу туралы сот актісінің немесе Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекске сәйкес жасалған алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) төлеу туралы нотариат куәландырған келісімнің көшірмесін ұсынады.».

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг