Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 12 тамыздағы № 296 Жарлығы

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ережеде:

14-тармақта:

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру талаптары мен тәртібін белгілеу, мемлекеттің, ұлттық әл-ауқат қорының және (немесе) уәкілетті органның қатысуымен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізу ерекшеліктерін айқындау;»;

мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

«12-1) Агенттікті цифрлық трансформациялауды жүргізу;»;

мынадай мазмұндағы 51-4), 51-5) және 51-6) тармақшалармен толықтырылсын:

«51-4) сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу шарты көзделетін сақтандыру шартын жасасу тәртібі мен ерекшеліктерін, сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу шарты көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау;

51-5) сақтандыру ұйымының сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібін айқындау;

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг