Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесінде бастама жасалуға және орындалуға жататын халықаралық шарттармен байланысты процестердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-4/196 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесінде бастама жасалуға және орындалуға жататын халықаралық шарттармен байланысты процестердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-4/196 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-3-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесінде бастама жасалуға және орындалуға жататын халықаралық шарттармен байланысты процестердің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті заңнамада көрсетілген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Министрдің міндетін атқарушы

А. Рахметуллин

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасының

Әділет министрлігі

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің м.а.

2025 жылғы 3 сәуірдегі

№ 11-1-4/196 бұйрығымен бекітілген

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг