Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, өнімді сынау хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 29 маусымдағы № 434-НҚ бұйрығы

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, өнімді сынау хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 29 маусымдағы № 434-НҚ бұйрығы

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, өнімді сынау хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тану қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Сәйкестікті растау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 331 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10979 болып тіркелген);

2) «Сәйкестікті растау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 331 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20055 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Сауда және интеграция министрінің м.а.

 

Е. Казанбаев

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция

министрінің м.а.

2021 жылғы 29 маусымдағы

№ 434-НҚ бұйрығымен

бекітілген

 

 

Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, өнімді сынау хаттамаларын,

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг