«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 472 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Министрліктің миссиясы:
бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және оның тұрақты жұмыс істеуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сындарлы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасты қалыптастыру, тұрақтылықты нығайту, мемлекет пен қоғамдық даму институттары әріптестігінің тиімді жүйесін дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясатын құру және тиімді іске асыру, қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілету.»;
15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпарат, ақпаратқа қол жеткізу, балаларды олардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Функциялары:
орталық аппараттың функциялары: