<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ» 1995 Ж. 19 ...

 
Оглавление
Перемещение в другую часть документа >>
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения
  • Показать изменения

Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы

  • Показать изменения

1995 ж. 19 маусымдағы № 2337 Қазақстан Республикасының Заңы

(2016.22.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен актінің нысаны мен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңын қараңыз (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңын қараңыз (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

I бөлiм. Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңдар

2-бап. Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар

3-бап. Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайының принциптерi

4-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және уақытша жүрген шетелдiктер

5-бап. Баспана беру

II бөлiм. Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң негiзгi құқықтары, бостандықтары және мiндеттерi

6-бап. Еңбек қызметi және демалыс

7-бап. Денсаулық сақтау

8-бап. Әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру

9-бап. Тұрғын үй құқығы, өзге де мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар

10-бап. Білім алу

11-бап. Мәдениет жетiстiктерiн пайдалану

12-бап. Қоғамдық бiрлестiктерге қатысу

13-бап. Ар-ождан бостандығы

14-бап. Некелiк және отбасылық қатынастар

15-бап. Тұрғын үйге, жеке басының ары мен намысына тиiспеушiлiк

16-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау

17-бап. Салықтар мен алымдар

18-бап. Шетелдіктердің құқықтарын қорғау

19-бап. Сайлау құқығындағы шектеулер

20-бап. Әскери мiндеттiлiкке қатыстылығы

III бөлiм. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi

21-бап. Қазақстан Республикасына келудiң, Қазақстан Республикасынан кетудiң, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өтудiң ережелерiн белгiлеу

22-бап. Қазақстан Республикасына келу

23-бап. Қазақстан Республикасынан кету

24-бап. Транзиттiк жүрiп өту

IV бөлiм. Шетелдіктердің жауапкершiлiгi, болу мерзiмiн қысқарту, қуып жiберу

25-бап. Құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық негіздері

26-бап. Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн бұзғандық үшiн жауапкершiлiк

27-бап. Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту

28-бап. Қазақстан Республикасының шегiнен қуып жiберу

V бөлiм. Қорытынды ережелер

29-бап. Осы Заңның азаматтығы жоқ адамдар жөнiнде қолданылуы

30-бап. Осы Заңның қолданылу аясын шектеу

31-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбi

 

 

2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен кіріспе алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

I бөлiм. Жалпы ережелер

2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1-бап Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңдар

  • Показать изменения

Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және соған сәйкес шетелдіктердің негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, олардың Қазақстан Республикасына келуiнiң, аумағында болуының, жүрiп-тұруының және Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртібін айқындайды.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінен тұрады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады.

  • Показать изменения

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер азаматтығы жоқ адамдар

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адамдар Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер болып танылады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар болып танылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-бап Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайының принциптерi

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер барлық құқықтар мен бостандықтарға ие, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген мiндеттердiң бәрi жүктеледi, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында қарастырылған жағдайлар бұған жатпайды.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, қай нәсiлге және ұлтқа жататындығына, жынысына, білімiне, тіліне, дiнге көзқарасына, шұғылданатын қызметi мен оның сипатына қарамастан заңның алдында бiрдей болады.

  • Показать изменения

Шетелдіктердің өздерiнiң құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы Қазақстан Республикасының мүдделерiне, оның азаматтары мен басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс және мұны олардың Қазақстан Республикасының заңдарына белгiленген мiндеттерiн орындауынан бөлiп алуға болмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

01.03.01 ж. № 160-II ҚР Заңымен 4-бап толықтырылды; 16.03.01 ж. № 164-II; 2006.02.03. № 131-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгертілді; 2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және уақытша жүрген шетелдіктер

  • Показать изменения

Тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп танылады.

  • Показать изменения

Этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туылған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің міндетті шарты мұндай рұқсатты алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлерде өзінің төлем қабілеттілігін растауы болып табылады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша жәбірленуші, куә, күдікті немесе айыпталушы деп танылған шетелдіктер соттың үкімі күшіне енгенге дейін немесе уәкілетті органдар өзге процестік шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында уақытша болатындар деп есептеледі.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күнінен бастап күнтізбелік бес күннен астам Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктердің, егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен өзгеше тәртіп белгіленбесе, уақытша тұруға (тіркелуге) рұқсаты болуға және олар тіркеу мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

5-бап Баспана беру

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы адам құқықтары бұзылуының құрбандары болған шетелдікке баспана құқығын бередi.

Саяси баспана беру туралы мәселенi Қазақстан Республикасының Президентi шешедi.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

II бөлiм. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының негiзгi құқықтары, бостандықтары және мiндеттерi

 

16.03.01 ж. № 164-II; 2007.12.01. № 227-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді

6-бап Еңбек қызметi және демалыс

  • Показать изменения

Шетелдіктер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттары белгiлеген негiз бен тәртiпте Қазақстан Республикасында еңбек қызметiмен шұғылдана алады. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң актілерімен шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында еңбек қызметiн жүзеге асыруы жөніндегі шектеулер белгiленуi мүмкiн.

  • Показать изменения

Шетелдіктер жекелеген қызмет орындарына тағайындала алмайды немесе еңбек қызметiнiң белгiлi бiр түрiмен, егер бұл қызмет орындарына тағайындау немесе осындай қызмет түрiмен шұғылдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығына байланысты болса, шұғылдана алмайды.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және сол сияқты мiндеткерлiкте болады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдіктер жеке кәсіпкерлік субъектілері бола алады. Бұл ретте, заңды тұлға құрмай шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

Қазақстан Республикасында жүрген шетелдіктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен ортақ негiздерде демалыс алуға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.16.07. № 186-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

7-бап. Денсаулық сақтау

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, денсаулық сақтау саласында азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттілікте болады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында уақытша жүрген Шетелдіктер Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органы белгiлеген тәртiппен дәрiгерлiк көмек көрсетiледi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

19.06.97 ж. № 134-I ҚР Заңымен 8-бап өзгертiлдi

8-бап Әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру мәселесiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты мiндеткерлiкте болады.

  • Показать изменения

Егер зейнетақы төлемдерi мен жәрдемақы тағайындау үшiн белгiлi бiр еңбек стажы талап етiлсе, Шетелдіктер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген негiздер мен тәртiпте олардың шетелдегi жұмыс стажын есептеуге болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

01.03.01 ж. № 160-II ҚР Заңымен ; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілдi

9-бап Тұрғын үй құқығы, өзге де мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар

  • Показать изменения

Егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқықтары болады және мiндеттерге жауапты болады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер жеке меншiк құқығында тұрғын үйге (уақытша жүрген шетелдіктерді қоспағанда) және басқа мүлiкке, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларының, ашылған жаңалықтың, өнертабыстың, рационализаторлық ұсыныстың, өнеркәсiптiк үлгiнiң авторлық құқығына, сондай-ақ Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзге де мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарға ие бола алады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер өздерiнiң мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарын Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей пайдаланады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдіктер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген негiздер мен тәртiпте мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды пайдалануға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16.03.01 ж. № 164-II ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10-бап. Білім алу

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алуына, егер олар осындай деңгейдегі әрбір білімді бірінші рет алып тұрса, құқық беріледі.

  • Показать изменения

Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуына құқық Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

Білім беру ұйымдарына қабылданған шетелдіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтарына ие болады және міндеттерін мойнына алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11-бап Мәдениет жетiстiктерiн пайдалану

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей мәдениет жетiстiктерiн пайдалануға құқылы. Олар тарих және мәдениет ескерткiштерiне, басқа мәдени құндылықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12-бап Қоғамдық бiрлестiктерге қатысу

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер саяси мақсаттарды көздейтiн саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден басқа қоғамдық бiрлестiктерге, егер бұл олардың жарғыларына (ережелерiне) қайшы келмейтiн болса, кiруге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13-бап Ар-ождан бостандығы

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында жүрген шетелдікке Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей ар-ождан бостандығына кепiлдiк берiледi.

Дiни нанымға байланысты дұшпандық пен өшпендiлiктi өршiтуге тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14-бап Некелiк және отбасылық қатынастар

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен және басқа адамдармен некеге тұрып және оны бұза алады, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей некелiк және отбасылық қатынастардағы құқықтарды пайдаланады және мiндеткерлiкте болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15-бап Тұрғын үйге, жеке басының ары мен намысына тиiспеушiлiк

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетелдікке тұрғын үйiне, жеке басының ары мен намысына тиiспеуге кепiлдiк берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16-бап Қазақстан Республикасының аумағында жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау

  • Показать изменения

Шетелдіктер Қазақстан Республикасының шетелдіктердің болуына рұқсат етiлген аумағында еркiн жүрiп-тұра алады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес тұрғылықты жер таңдаудағы шектеулер, бұл мемлекеттік қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi, халықтың денсаулығы мен адамгершiлiгiн сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болғанда Қазақстан Республикасының бұған уәкiлеттiк берiлген органдарының актілерімен белгiленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17-бап Салықтар мен алымдар

  • Показать изменения

Егер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасындағы шетелдікке Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей негiзде салықтар мен алымдар салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

18-бап Шетелдіктердің құқықтарын қорғау

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер өздерiнiң мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарын қорғау үшiн сотқа және басқа мемлекеттік органдарға өтiнiш жасауға құқылы.

  • Показать изменения

Шетелдіктер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа жағдайларда, сотта Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей процессуалдық құқықтарды пайдаланады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

19-бап Сайлау құқығындағы шектеулер

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер өкiлдi және басқа сайланбалы мемлекеттік органдарға және қызметке сайлай да, сайлана да алмайды, сондай-ақ республикалық референдумдарға қатыса алмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

20-бап. Әскери міндеттілікке қатыстылығы

  • Показать изменения

Әскери міндеттілік Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге қолданылмайды.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

III бөлiм. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi

 

21-бап Қазақстан Республикасына келудiң, Қазақстан Республикасынан кетудiң, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өтудiң ережелерiн белгiлеу

  • Показать изменения

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуiнiң, олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өтуiнiң ережелерiн осы Заң және Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де актілері белгiлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 22-бап өзгертілдi (бұр.ред.қара)

22-бап. Қазақстан Республикасына келу

  • Показать изменения

Егер Қазақстан Республикасының тиiстi тараппен келiсiмiнде өзгеше тәртiп белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, шетелдiктер жарамды шетелдік паспорттар немесе оны алмастыратын құжаттар бойынша Қазақстан Республикасының келу визалары болған кезде Қазақстан Республикасына келе алады.

  • Показать изменения

Шетелдіктің Қазақстан Республикасына келуіне:

  • Показать изменения

1) ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіп пен халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мүддесі үшін;

  • Показать изменения

2) егер оның iс-әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;

  • Показать изменения

3) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;

  • Показать изменения

4) егер ол ұлтаралық және дiни араздықты тудырса;

  • Показать изменения

5) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;

2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) егер ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремизмге немесе террористік іс-әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болса, сондай-ақ оның әрекеттерінде сот қауіпті түрде қайталанған қылмыс бар деп таныса;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне қолданылған жазаны өтемеген болса;

  • Показать изменения

8) егер жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде ол мұндай декларацияны табыс етпесе;

  • Показать изменения

9) егер ол, этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасында болу және одан кету үшiн қажеттi қаражатының бар екендiгi туралы растауды ұсынбаса;

  • Показать изменения

10) егер ол келу туралы өтiнiшхат жолдаған кезде өзi жөнiнде жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

11) онда Қазақстан Республикасына келу үшін қарсы айғақтар болып табылатын аурулары болған кезде;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

12) егер ол бұрын «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, тыйым салынады.

  • Показать изменения

Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген шетелдiктерге шығарып жiберу туралы шешiм шығарылған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.

  • Показать изменения

Қабылдаушы тұлғалардың шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде қабылдаушы тұлғалар көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттарды ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданбағаны үшін жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасына келген кезде шетелдiктерге көшi-қон карточкалары берiледi. Көші-қон карточкаларының нысанын және оларды беру қағидаларын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітеді.

  • Показать изменения

Келу визаларын немесе оларға сәйкес келетiн басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi және консулдық мекемелерi немесе жекелеген жағдайларда бұған арнайы уәкiлдiк берiлген Қазақстан Республикасының өкiлдерi бередi.

  • Показать изменения

Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, қабылдаушы тұлғалардың шақырулары немесе Қазақстан Республикасының бұған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарының рұқсаты виза беру үшiн негiз болып табылады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді

23-бап Қазақстан Республикасынан кету

  • Показать изменения

Шетелдіктер қолданыстағы шетелдiк паспорттар немесе Қазақстан Республикасының бұған уәкiлдiк алған мемлекеттік органдары берген кету визалары болған жағдайда сол паспорттарды алмастыратын құжаттар бойынша, егер тиiстi елмен жасалған келісімде өзгеше тәртiп белгiленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртiп белгiлемесе, Қазақстан Республикасынан кетедi.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасынан кету шетелдікке мына жағдайларда:

а) егер оны қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн негiздер болса iстi жүргiзу аяқталғанға дейiн;

  • Показать изменения

б) егер ол қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сотталған болса — оны сот шешімінің негізінде шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, жазаны өтеп болғанға немесе жазадан босатылғанға дейiн;

  • Показать изменения

в) егер ол өзiне сот жүктеген мiндеттемелердi орындаудан жалтаратын болса мiндеттемелер орындалғанға дейін рұқсат етілмейді.

  • Показать изменения

г) 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен  алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

Шетелдіктің Қазақстан Республикасынан кетуi ол Қазақстан Республикасы азаматтарының, басқа жеке және заңды тұлғалардың елеулi мүдделерiмен байланысты мүлiктiк мiндеттемелердi орындағанға дейiн кейiнге қалдырылуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

24-бап Транзиттiк жүрiп өту

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүрiп өтушi шетелдіктер белгiленген маршрут бойынша Қазақстан Республикасынан кетудiң шекаралық мекенiне транзиттiк жүрiп өту ережелерiн сақтай отырып барады және Қазақстан Республикасының бұған уәкiлдiк алған мемлекеттік органдары берген рұқсат болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында тек Қазақстанның транзиттiк визаларында көрсетiлген мекендерде ғана аялдай алады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

IV бөлiм. Шетелдіктердің жауапкершiлiгi.

Болу мерзiмiн қысқарту қуып жiберу

 

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 25-бап жаңа редацияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

25-бап. Құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық негіздері

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық, әкімшілік немесе өзге де құқық бұзушылықтар жасаған шетелдіктер, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей негіздерде жауаптылыққа жатады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

26-бап Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн бұзғандық үшiн жауапкершiлiк

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзған, яғни тұруға құқық беретiн құжаттарсыз тұрған немесе жалған құжаттар бойынша тұрып жатқан, тiркелудiң немесе жүрiп-тұру мен тұрғылықты жер таңдап алудың белгiленген тәртібін сақтамаған, өздерiне белгiленген болу мерзiмi өткеннен соң кетуден жалтарған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн орындамаған шетелдіктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады.


Содержание
I бөлiм. Жалпы ережелерII бөлiм. Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң негiзгi құқықтары, бостандықтары және мiндеттерiIII бөлiм. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуiIV бөлiм. Шетелдіктердің жауапкершiлiгi, болу мерзiмiн қысқарту, қуып жiберуV бөлiм. Қорытынды ережелер