<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ»...

 
Оглавление
Перемещение в другую часть документа >>
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының
Заңы

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы

(2022.18.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі

2-бап. Кеңес қызметінің негізгі қағидаттары

3-бап. Кеңестің өкілеттіктері

2-тарау. КЕҢЕС ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

4-бап. Кеңес құрамы

5-бап. Кеңес Төрағасы

6-бап. Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері

7-бап. Кеңес хатшысы - аппарат басшысы

3-тарау. КЕҢЕС ОТЫРЫСТАРЫ

8-бап. Кеңес отырыстары

9-бап. Кеңес отырысын өткізу тәртібі

10-бап. Кеңес шешімдері

4-тарау. КЕҢЕС ЖАНЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК ЕМТИХАНЫН ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ

11-бап. Кеңес жанындағы біліктілік комиссиясы

12-бап. Комиссияның біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырыстары

13-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудың (тапсырудың) тәртібі мен шарттары

14-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тарту

  • Показать изменения

15-бап. Полиграфологиялық зерттеудің тәртібі мен шарттары

5-тарау. АУДАНДЫҚ СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ МЕН СУДЬЯСЫ, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ЖӘНЕ СУДЬЯСЫ, ЖОҒАРҒЫ СОТ СУДЬЯСЫ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫМ ШЫҒАРУ

  • Показать изменения

16-бап. Судья лауазымына конкурс

17-бап. Аудандық соттың төрағасы мен судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар

  • Показать изменения

18-бап. Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу тәртібі

6-тарау. ОБЛЫСТЫҚ СОТТАР ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ, ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ СОТ АЛҚАЛАРЫ ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА КАНДИДАТУРАЛАРДЫ ҚАРАУ ТӘРТІБІ

19-бап. Облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарау тәртібі

20-бап. Бос лауазымдарға кандидатураларды қарау шарттары

7-тарау. СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫН, СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ЖӘНЕ СУДЬЯНЫ ЛАУАЗЫМЫНАН БОСАТУ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚАРАУ ТӘРТІБІ

21-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату не босатудан бас тарту туралы мәселені қарау үшін негіздер

22-бап. Тексерудің нәтижелерімен судьяны таныстыру

  • Показать изменения

23-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату туралы мәселені қарау

24-бап. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешіміне шағым жасау туралы мәселені қарау

8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

25-бап. Қорытынды ережелер

26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) - Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын автономиялы мемлекеттік мекеме болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесін айқындайтын Конституциялық заң, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері Кеңес қызметінің құқықтық негізі болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Кеңестің заңды тұлға болып табылатын аппараты болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Кеңесті және оның аппаратын ұстауға арналған шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Кеңес аппаратының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Кеңестің регламентімен регламенттеледі.

Кеңес аппаратының жұмыскерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады.

  • Показать изменения

Кеңес аппараты штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Кеңес аппаратының басшысын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол лауазымы бойынша Кеңес хатшысы болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7. Кеңес аппараты туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Кеңес өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға жол берілмейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Кеңестің Төрағасы мен мүшелері сот төрелігін іске асыру бойынша соттардың және судьялардың қызметіне араласуға құқылы емес.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Кеңес қызметінің негізгі қағидаттары

Кеңес өз қызметін тәуелсіздік, заңдылық, алқалық, жариялылық және бейтараптық қағидаттары негізінде жүзеге асырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Кеңестің өкілеттіктері

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Кеңес:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз етеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) аудандық және оған теңестірілген сот (бұдан әрі - аудандық сот) төрағасының, судьясының, облыстық және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі - облыстық сот) сот алқасы төрағасының, судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидаттар іріктеуді конкурстық негізде жүзеге асырады:

  • Показать изменения

конкурстың қорытындылары бойынша аудандық соттың төрағасы мен судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының және судьясының бос лауазымына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;

  • Показать изменения

конкурстың қорытындылары бойынша Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;

2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

2-1) судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды конкурссыз тағайындау мәселелерін қарайды;

халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларын өздерінің соңғы атқарған лауазымына конкурссыз тағайындау мәселелерін қарайды;

халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларын тиісті сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда, тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындау мәселелерін қарайды;

жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағаларын олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ тиісті сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда, олардың өз қалауы бойынша тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындау мәселелерін қарайды;

Жоғарғы Соттың Төрағасын және сот алқаларының төрағаларын олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ тиісті сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда, олардың өз қалауы бойынша төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындау мәселелерін қарайды;

тиісті сот қайта ұйымдастырылған, таратылған жағдайларда, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда басқа сотқа ауысқан кезде жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағаларын тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындау мәселелерін қарайды;

  • Показать изменения

тиісті сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, судьяларының саны азайтылған жағдайларда жергілікті және басқа соттардың судьяларын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда басқа сотқа ауысқан кезде судьяларды тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындау мәселелерін қарайды;

  • Показать изменения

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 40-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша қызметінен босатылған жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағаларын, Жоғарғы Соттың Төрағасын және сот алқаларының төрағаларын тиісті сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда, тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындау мәселелерін қарайды;

судьялардың бос лауазымдарына конкурссыз тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды:

  • Показать изменения

облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды лауазымға тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатураны қарайды:

Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2017.13.03. № 53-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді

  • Показать изменения

5) Жоғарғы Сот Төрағасының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының, жергілікті және басқа соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін отставка, отставканы тоқтату нысанында қарайды:

  • Показать изменения

сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда судья басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;

  • Показать изменения

сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, өкілеттіктер мерзімі өткен жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда сот төрағасы, сот алқасының төрағасы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;

  • Показать изменения

Жоғарғы Сот судьяларының саны азайтылған жағдайда, егер Жоғарғы Соттың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда Жоғарғы Соттың судьясы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;

  • Показать изменения

өкілеттіктер мерзімі өткен жағдайларда, егер Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;

  • Показать изменения

аудандық соттың судьясы лауазымына алғаш рет тағайындалған адамның бір жыл мерзім өткеннен кейін жұмыс нәтижелерін қарайды және Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия) судьяның кәсіби қызметін оң бағалаған кезде, Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша оны бекіту туралы мәселені шешеді;

  • Показать изменения

кәсіби жарамсыздығына орай немесе Жоғарғы Сот Төрағасының Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешіміне негізделген ұсынуы бойынша, сондай-ақ судья өкілеттіктерін өз тілегі бойынша тоқтатқан, судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және оны басқа жұмысқа ауыстырған, зейнеткерлік жасқа немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толған жағдайларда, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын атқаратын лауазымынан босату мәселелерін қарайды;

  • Показать изменения

тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін Сот жюриінің шешімі негізінде Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;

медициналық қорытындыға сәйкес кәсіби міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайына байланысты судья өкілеттіктерін тоқтатқан, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы соттың шешімі, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген, қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі сатыда тоқтатылған, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған, судья қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы соттың шешімі заңды күшіне енген жағдайларда, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын атқаратын лауазымынан босату мәселелерін қарайды;

Жоғарғы Сот Төрағасының судья зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін оның судья лауазымында болу мерзімін ұзартуына келісім беру мәселесін қарайды;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Президентіне Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын лауазымынан босатуды ұсынады;

  • Показать изменения

Парламент Сенатына ұсынуды енгізу үшін Жоғарғы Соттың Төрағасы мен судьяларын лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным енгізеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган басшысының лауазымына кандидатты тағайындауға және оны лауазымынан босатуға келісім беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)

  • Показать изменения

6-1) Сот жүйесіндегі судья кадрларының жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады, оның кейіннен жариялануын қамтамасыз етеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7) Сот жюриінің және Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағым жасау туралы судьялардың жолданымдарын қарайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) судья болып жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтардан біліктілік емтихандарын қабылдауды ұйымдастырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) Қазақстан Республикасының Президентіне судьяны ұстап алуға, күзетпен ұстауға не үйқамаққа алуға, оны күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, судьяны қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы мәселені шешу үшін қорытынды ұсынады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) сот жүйесін және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11) судья корпусының сапалық құрамын жақсарту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, судьялардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қолданады;

2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

11-1) судьяның кәсіби қызметін бағалауды жүргізу әдістемесін алдын ала келіседі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12) Кеңес регламентін бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

13) судья лауазымына орналасу үшін біліктілік емтихандарын тапсырған, соттарда тағылымдамадан өткен және облыстық соттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алған, сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясын бітірген адамдардың есебін жүргізуді ұйымдастырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14) судьялардың жалпы штат санын, әрбір жергілікті және басқа соттың судьялар санын белгілеуге келісім беру туралы мәселені қарайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15) судьялардың электрондық дербес есебін жүргізуді ұйымдастырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

16) аудандық сот төрағасының, облыстық соттың төрағасының, сот алқалары төрағаларының және судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының және судьясының лауазымына кадр резервін (бұдан әрі - кадр резерві) қалыптастырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

17) кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру тәртібін бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

18) Кеңес жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияның құрамын бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)

  • Показать изменения

18-1) Кеңес жанындағы Сот жюриінің құрамын бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

19) судьялыққа кандидаттардың психологиялық тесттен өту тәртібін айқындайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

19-1) судьяға куәлік беру тәртібін белгілейді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

20) Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы ережені бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

21) осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Кеңестің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) тиісті лауазымды адамдардың ауызша түсініктемелерін тыңдауға және жазбаша түсініктемелерін талап етіп алдыруға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) Кеңес мүшелерінің, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен мекемелер өкілдерінің арасынан комиссияларды, жұмыс топтарын құруға, өз жұмысына мамандар тартуға құқығы бар.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. КЕҢЕС ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

 

4-бап. Кеңес құрамы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

1. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа адамдардан тұрады. Төрағаны Қазақстан Республикасының Президенті Парламент Сенатының келісімімен тағайындайды.

Жоғарғы Соттың Төрағасы, Бас Прокурор, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісінше тұрақты комитеттерінің төрағалары лауазымы бойынша Кеңес мүшелері болып табылады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Президенті Кеңес құрамына басқа адамдарды да, оның ішінде ғалым заңгерлерді, адвокаттарды, шетелдік сарапшыларды, заңгерлер жұртшылығының өкілдерін де тағайындауы мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысы судьялар қатарынан кандидаттарды сайлайды және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңес мүшелері етіп тағайындауы үшін ұсыным жасайды.

  • Показать изменения

Кеңес құрамына судьялардың кандидатуралары Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысында аудандық және облыстық соттар, сондай-ақ Жоғарғы Сот судьяларының Кеңесте тең өкілдік етуін қамтамасыз ету ескеріле отырып, облыстық соттардың кеңейтілген жалпы отырыстары ұсыным жасаған кандидаттар қатарынан қаралады.

  • Показать изменения

Судьялар Кеңес мүшелерінің кемінде жартысын құрайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)

3. Кеңес Төрағасын және лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда, Кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін үш жыл жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Бұл ретте Кеңес Төрағасын және лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда, Кеңес мүшелерінің жартысы бір жарым жыл сайын қайта тағайындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Кеңес мүшелерінің арасынан адам шығып қалған жағдайда, Кеңестің жаңа мүшесі үш ай ішінде тағайындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Кеңес Төрағасының, хатшысының және мүшесінің лауазымы коммерциялық ұйымның басшы органының және байқау кеңесінің құрамына кірумен, саяси партияның басшылық лауазымдарында болумен сыйыспайды.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін және шетелдік сарапшыларды қоспағанда, Кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде негізгі жұмыс орны бойынша міндеттерін орындаудан босатылады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара); 2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7. Судьялар, мемлекеттік қызметшілер, заңгер-ғалымдар мен адвокаттар қатарындағы Кеңес мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес Кеңеске бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жүргізіледі.

  • Показать изменения

Судьялар, мемлекеттік қызметшілер, заңгер-ғалымдар мен адвокаттар қатарындағы Кеңес мүшелері жалақы деңгейі бойынша Жоғарғы Сот судьяларына теңестіріледі.

  • Показать изменения

Судьялар, мемлекеттік қызметшілер, заңгер-ғалымдар мен адвокаттар қатарындағы Кеңес мүшелеріне екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы беріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Кеңес мүшелері тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне ғана бағынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Кеңес мүшелері Кеңестің өкілеттіктеріне жатқызылған мәселелерді шешу кезінде тең құқықтарға ие болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

10. Кеңес мүшесінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:

  • Показать изменения

1) өз қалауы бойынша;

2) шетелдік сарапшыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату;

3) кәсіптік міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы;

4) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы не медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;

5) айыптау үкімінің заңды күшіне енуі, қылмыстық істің сотқа дейінгі сатыда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде тоқтатылуы;

6) қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;

7) судьяның өкілеттіктерін тоқтату;

8) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату және одан айыру;

9) Кеңес құрамына қосуға негіз болған мән-жайлардың қолданысының тоқтатылуы;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздердің туындауы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11. Кеңес хатшысы Кеңестің мүшесі болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Кеңес Төрағасы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Кеңес Төрағасы:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) Кеңесті басқарады және оған жалпы басшылықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Кеңес атынан өкілдік етеді;


Содержание
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР2-тарау. КЕҢЕС ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ3-тарау. КЕҢЕС ОТЫРЫСТАРЫ4-тарау. КЕҢЕС ЖАНЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК ЕМТИХАНЫН ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ5-тарау. АУДАНДЫҚ СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ МЕН СУДЬЯСЫ, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ЖӘНЕ СУДЬЯСЫ, ЖОҒАРҒЫ СОТ СУДЬЯСЫ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫМ ШЫҒАРУ6-тарау. ОБЛЫСТЫҚ СОТТАР ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ, ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ СОТ АЛҚАЛАРЫ ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА КАНДИДАТУРАЛАРДЫ ҚАРАУ ТӘРТІБІ7-тарау. СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫН, СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ЖӘНЕ СУДЬЯНЫ ЛАУАЗЫМЫНАН БОСАТУ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚАРАУ ТӘРТІБІ8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР