<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ПОЛИГОНЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАРД...

 
Оглавление
Перемещение в другую часть документа >>
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787-ХII Заңы

(2021.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Заңның мақсаттары мен міндеттері

2-бап. Азаматтардың өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянның орнын толтыруға құқығы

3-бап. Мемлекеттің ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерi

2-тарау. ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАРДЫҢ ӘСЕРIНЕ ҰШЫРАҒАН АУМАҚТЫ ТҮР-ТҮРГЕ БӨЛУ

4-бап. Ядролық сынақ жүргiзген кезде радиоактивтi шөгiндiлердiң әсерiне ұшыраған аумақты түр-түрге бөлу

5-бап. Төтенше радиациялық қауiптi аймақ

6-бап. Ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ

7-бап. Жоғары радиациялық қауіпті аймақ

8-бап. Ең төмен радиациялық қауiптi аймақ

9-бап. Жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ

3-тарау. СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ПОЛИГОНЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАР САЛДАРЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЗАМАТТАРДЫҢ МӘРТЕБЕСI

10-бап. Заңның күшi қолданылатын, ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар категориясы

11-бап. Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың куәлiгi

4-тарау. СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ПОЛИГОНЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАР САЛДАРЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЗАМАТТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ

12-бап. Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін жеңілдіктер мен өтемақылар

13-бап. Халықты әлеуметтiк жағынан қолдау

14-бап. Әйелдерге, балаларға және жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына берілетін қосымша жеңілдіктер мен өтемдер

15-бап. Әскери қызметшiлерге және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне берiлетiн жеңiлдiктер туралы

5-тарау. АУМАҚТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒЫНАН САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ

16-бап. Ядролық жарылыстар әсерiне ұшыраған аумақты экологиялық жағынан сауықтыру

17-бап. Халыққа медициналық көмек ұйымдастыру

18-бап. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар

6-тарау. АЗАМАТТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

19-бап. Азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

20-бап. Осы Заңның бұзылғаны үшiн жауаптылық

7-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР

21-бап. Халықаралық шарттар

 

 

 

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Семей ядролық сынақ полигонында 40 жыл бойы жүргізілген ядролық қаруды сынау адамдардың денсаулығына және айналадағы табиғи ортаға орны толмас зиян келтірді, халықтың жалпы аурулары мен өлімін көбейтті. Бүкіл Семей аумағы мен Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының полигонға жақын жатқан аудандары экологиялық апат аймағы деп танылды.

Ядролық сынақтардың апатты зардабының қатерлі әсері уақыт озған сайын күшейе түсіп, ұрпақтан-ұрпаққа, ауысып, барған сайын қатерлі әсер етуде.

  • Показать изменения

Бұл зардаптарды жою халықты емдеу, сауықтыру, оңалту, әлеуметтік қорғау және аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруды талап етеді.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Заңның мақсаттары мен міндеттері

Бұл Заң Семей ядролық сынақ полигонындағы ұзақ уақыт ядролық сынақтар жүргізудің салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау iсiн қамтамасыз етуге арналған.

Заң көп жылдық ядролық жарылыстар әсерiнен зардап шеккен азаматтардың мәртебесi мен аумақтардың түр-түрiн белгiлейдi, өтемдер, жеңілдiктер түрлерiн және аумақты әлеуметтiк-экономикалық дамыту жөніндегi шараларды айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап. Азаматтардың өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянның орнын толтыруға құқығы

Осы Заңның 10-бабында аталған азаматтар категориясының өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянның орнын осы Заңның 12, 13, 14, 15-баптарымен айқындалған мөлшерде толтыртуға құқығы бар.

Бұл Заңның күшi Семей облысының аудандары мен қалаларында және Павлодар , Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарының ядролық қарулы сынау салдарынан радиоактивтi заттармен ластануға ұшыраған тиiстi аудандарында тұратын азаматтарға қолданылады.

Аталған аудандар мен қалалардан басқа жерге тұру үшiн кетiп қалған, осы Заң қолданылатын және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтар осы Заңмен көзделген жеңiлдiктерді пайдаланады.

Аталған аудандар мен қалалардан басқа жерге тұру үшiн кетiп қалған, осы Заң қолданылатын және Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде тұратын азаматтар халықаралық келісімдерге сәйкес осы Заңда көзделген жеңiлдiктердi пайдаланады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Мемлекеттің ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерi

Республикалық және жергiлiктi мемлекеттік органдар ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың өз денсаулығы мен мүлкіне келтiрiлген зиянның орнын толтыртуға құқықтарын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Осы Заңды iске асыру жөніндегі қажеттi шараларды жүзеге асыру және азаматтарды құқықтық қорғау жөніндегі мiндеттердi мемлекет өз мойнына алады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. Ядролық сынақтардың әсерiне ұшыраған аумақты түр-түрге бөлу

 

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

4-бап. Ядролық сынақ жүргiзген кезде радиоактивтi шөгiндiлердiң әсерiне ұшыраған аумақты түр-түрге бөлу

Сәулеленудiң әсерлi эквиваленттi мөлшерi бүкiл сынақ кезеңiнде халық үшiн 0,1 бірден асатын аумақ ластанған деп есептеледi.

Залалданған аумақтар әсерлi эквиваленттi мөлшерiнiң шамасына қарай:

- төтенше радиациялық қауiптi аймақ;

- ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ;

- жоғары радиациялық қауiптi аймақ;

- ең төмен радиациялық қауiптi аймақ;

- жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ деп бөлiнедi.

  • Показать изменения

Аумақтағы шаруашылық қызмет түрлерiн және оны ұйымдастыру тәртiбiн, табиғат пайдалану көлемiн және экологиялық оңалтуды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

  • Показать изменения

Экологиялық апат аймақтарының шекаралары және оларға кiретiн аудандардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен осы Заңға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы өзгертіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді

5-бап. Төтенше радиациялық қауiптi аймақ

  • Показать изменения

Төтенше радиациялық қауiптi аймақ - аумақтың бүкiл сынақ кезеңiнде халыққа 100 бэрден жоғары әсер ететiн мөлшерi бар радиациялық ластануға ұшыраған, ең жоғары сейсмикалық әсер белдеуiне кiретiн бөлiгi.

  • Показать изменения

Төтенше радиациялық қауіпті аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы, Сарыжал ауылдық округінің, Бесқарағай ауданы, Долон ауылдық округінің, таратылған Жаңасемей ауданының Сарыапан және Иса елдi мекендерiнiң аумақтары жатады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді

6-бап. Ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ

Ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ - аумақтың бүкiл сынақ кезеңiнде халыққа 35-тен 100 бэрге дейiн әсер ететiн мөлшерi бар радиациялық ластануға ұшыраған бөлiгi.

  • Показать изменения

Ең жоғары радиациялық қауіпті аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бесқарағай және таратылған Жаңасемей аудандарының, Семей қаласы Ақбұлақ, Абыралы, Алғабас, Айнабұлақ, Қараөлең және Таңат ауылдық округтерінің, Павлодар облысы Май ауданы Ақжар және Малдар ауылдық округтерінің елдi мекендерi жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7-бап. Жоғары радиациялық қауіпті аймақ

  • Показать изменения

Жоғары радиациялық қауіпті аймақ - бүкiл сынақ кезеңiнде 7-ден 35 бэрге дейiн халыққа әсер ету мөлшерiндегі радиациялық ластануға ұшыраған аумақ бөлiгi.

Бұл аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха, Жарма, Аягөз, Глубокое, Шемонайха, Ұлан аудандарының елдi мекендерi, Семей, Курчатов, Өскемен және Риддер қалалары; таратылған Қазыбек би ауданының аумағы шегінде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, Павлодар облысының Май ауданы жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

8-бап. Ең төмен радиациялық қауiптi аймақ

Ең төмен радиациялық қауiптi аймақ - аумақтың бүкiл сынақ кезеңiнде халыққа 0,1-ден 7 бэрге дейiн әсер ететiн мөлшерi бар радиациялық ластануға ұшыраған бөлiгi.

  • Показать изменения

Ең төмен радиациялық қауіпті аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Уржар, таратылған Таскескен, Көкпектi, Ақсуат, Зырян, Зайсан және Тарбағатай аудандарының; Қарағанды облысының таратылған Қазыбек би ауданының аумағын қоспағанда, Қарқаралы ауданының; Павлодар облысының Лебяжi ауданының елдi мекендерi жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-бап. Жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ

Жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ - бүкiл сынақ кезеңiнде тиiмдi эквиваленттi сәулелену мөлшерi әртүрлi себептерден 0,1 бэрден төмен болған, бiрақ радиациялық қауiптi және сейсмикалық қауiптi аудандарға жақын тұруға байланысты елеулi психикалық-эмоциялық терiс әсерi бар ең төмен радиациялық қауiптi аймаққа таяу жатқан аумақ (әкiмшiлiк аудандардың шекарасы шегінде).

Бұл аймаққа Павлодар облысының Баянауыл ауданы жатады.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-тарау. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың мәртебесi

 

2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

10-бап. Заңның күшi қолданылатын, ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар категориясы

Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мыналар жатады:

әуеде және жер үстiнде ядролық жарылыстар жасаған кезеңде (1949-1965 жж.) радиоактивтi заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) атқарған азаматтар;

1966 жылдан 1990 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi аралықта жерасты ядролық жарылыстарын жасау кезеңiнде осы аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) атқарған азаматтар;

1949 жылдан 1990 жылға дейiнгi аралықта жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) атқарған азаматтар;

  • Показать изменения

осы баптың екiншi және үшінші абзацтарында аталғанмүгедек деп танылған немесе иондаушы сәулеленудің әсерімен байланысты аурулар тізбесімен бекітілген аурулары бар адамдардың балалары, олардың денсаулық жағдайы мен Заңда көрсетілген аймақтарда ата-анасының біреуінің болу фактісі арасындағы себепті байланыс анықталған кезде.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

11-бап. Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың куәлiгi

10-бапта аталған адамдарға куәлiк берiледi, ол осы Заңда көзделген жеңiлдiктер мен өтемдерге құқықты растайтын құжаттар болып табылады.

  • Показать изменения

Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және оларға куәлiктер беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылды.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-тарау. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар

салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау

 

ҚР 1997.19.06. ж. № 134-1 Заңымен (1998.01.01. бастап күшіне енеді); ҚР 1999.07.04. № 374-I Заңымен 12-бапқа өзгерістер енгізілді; 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

12-бап. Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін жеңілдіктер мен өтемақылар

  • Показать изменения

Осы Заңның 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген аймақтарда тұрған және тұрып жатқан азаматтарға ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін:

  • Показать изменения

1) төтенше радиациялық қауіпті аймақ бойынша - 1949 - 1965 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 5,23 айлық есептік көрсеткіш және 1966 - 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 1,05 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

  • Показать изменения

2) ең жоғары радиациялық қауіпті аймақ бойынша - 1949 - 1965 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 2,62 айлық есептік көрсеткіш және 1966 - 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 1,05 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

  • Показать изменения

3) жоғары радиациялық қауіпті аймақ бойынша - 1949 - 1965 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 1,57 айлық есептік көрсеткіш және 1966 - 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 0,79 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

  • Показать изменения

4) ең төмен радиациялық қауіпті аймақ бойынша - 1949 - 1965 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 1,05 айлық есептік көрсеткіш және 1966 - 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 0,52 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

  • Показать изменения

5) жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақтағы аймақ бойынша - 1949 - 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 0,26 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақыға кепілдік беріледі.

  • Показать изменения

Ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін біржолғы ақшалай өтемақы алу құқығын бірінші кезекте зейнеткерлік жасқа толған азаматтар пайдаланады.

  • Показать изменения

Айлық есептік көрсеткіш дегеніміз ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін біржолғы ақшалай өтемақы берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 1997.19.06. ж. № 134-1 Заңымен (1998.01.01. күшіне енеді); ҚР 1999.16.11. № 480-I Заңымен; 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді

13-бап. Халықты әлеуметтiк жағынан қолдау

  • Показать изменения

Осы Заңның 5 және 6-баптарында көрсетілген аумақтарда тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардың зейнетақыға аймақтар бойынша мынадай мөлшерде үстемеақы алуға құқығы бар:

  • Показать изменения

төтенше радиациялық қауіпті аймақ бойынша - 2,09 айлық есептік көрсеткіш;

  • Показать изменения

ең жоғары радиациялық қауіпті аймақ бойынша - 1,83 айлық есептік көрсеткіш.

5, 6, 7, 8, 9-баптарда аталған аумақтарда тұратын халық:

1) Мына аймақтар бойынша төмендегiдей қосымша еңбекақы мен зейнетақы алуға:

төтенше радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 2 ең төмен жалақы;

ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 1,75 ең төмен жалақы;

жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 1,5 ең төмен жалақы;

ең төмен радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 1,25 ең төмен жалақы;

  • Показать изменения

жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ бойынша - 1 ең төмен жалақы алуға құқылы.

  • Показать изменения

2) ҚР 1999.16.11. № 480-I Заңымен алып тасталды

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) Мына аймақтар бойынша төмендегiдей жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалыс алуға:

төтенше радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 14 календарьлық күнi бар;

ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 12 календарьлық күнi бар;

жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 10 календарьлық күнi бар;

ең төмен радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 7 календарьлық күнi бар;

жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ бойынша 5 календарьлық күнi бар демалыс алуға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 1998.17.12. № 323-I Заңымен 14-бап жаңа редакцияда; ҚР 1999.07.04. № 374-I Заңымен ; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді

14-бап. Әйелдерге, балаларға және жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына берілетін қосымша жеңілдіктер мен өтемдер

  • Показать изменения

Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдердің жүктілікке және босануға байланысты ұзақтығы:

қалыпты босанған кезде - босануға дейін күнтізбелік тоқсан бір күн және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күн (қиын босанған немесе екі және одан көп бала туған жағдайда - күнтізбелік тоқсан үш күн);

жүктіліктің жиырма екінші аптасынан жиырма тоғызыншы аптасына дейінгі мерзім кезінде босанған және дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туып, ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда - босанғаннан кейін күнтізбелік тоқсан үш күн;

жүктіліктің жиырма екінші аптасынан жиырма тоғызыншы аптасына дейінгі мерзім кезінде босанған және өлі шарана туған немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туып, ол өмірінің жетінші тәулігіне дейін шетінеп кеткен жағдайда - босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күн демалысқа құқығы бар.

Ядролық сынақтар әсерінен зардап шеккен аумақтарда тұратын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердің санаторий-сауықтыру мекемелерінде тегін сауығуға (медициналық көрсеткіштер бойынша) құқығы бар.

Сырқат баланы күту жөніндегі жұмысқа жарамсыздық парағына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ата-ананың біреуіне немесе олардың орнындағы адамдарға, жұмыс стажына қарамастан, бүкіл сырқаттанған кезеңге ақы төленеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

15-бап. Әскери қызметшiлерге және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне берiлетiн жеңiлдiктер туралы

  • Показать изменения

Ластанған аумақтарда әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген кезде әскери қызметшілер және осы органдардың қызметкерлері осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiне сәйкес құқықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-тарау. Аумақты экологиялық жағынан сауықтыру

және халыққа медициналық көмек көрсету

 

16-бап. Ядролық жарылыстар әсерiне ұшыраған аумақты экологиялық жағынан сауықтыру

Семей полигонындағы ядролық жарылыстар әсерiне ұшыраған аумақтарда айналадағы табиғи ортаны сауықтыруға бағытталған мынадай кешендi шаралар жүзеге асырылады: айналадағы ортаны ғылыми тұрғыдан зерттеу, сыртқы орта объектiлерiн және жергiлiктi жерде өндiрiлетiн тамақ өнiмдерiн тұрақты бақылауды жүзеге асыру, шаруашылық және өзге қызметке мемлекеттік және қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу, радиациялық ластанған аумақтарды шаруашылық айналысына қайтару жөнiнде шаралар жүргізу.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

17-бап. Халыққа медициналық көмек ұйымдастыру

Осы Заңда аталған адамдар кешендi медициналық тексеруден өткiзуге жатады.

Оларды жеке есепке алу iсiн қамтамасыз ету үшiн Мемлекеттік регистр құрылады.

Семей полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсету және оларға кешендi медициналық тексеру жүргiзу iсiн солар тұратын немесе жұмыс iстейтiн жердегі денсаулық сақтау мекемелері жүзеге асырады. Бұл адамдарға кезектен тыс мамандандырылған медициналық қызмет көрсету iсiн Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерi жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Республикалық бюджетте республикалық орташа деңгеймен салыстырғанда бiр тұрғынға 1,5 еседен келетiндей есеппен медициналық мекемелердi күтіп-ұстауға арналған қаражатты ұлғайтуды қамтамасыз ететiн қаржыландыру жыл сайын көзделедi. Қазақстан Республикасының Үкіметі ядролық сынақтар әсерiне ұшыраған аумақтардағы денсаулық сақтау мекемелерi үшiн медициналық техника мен дәрілік заттардың нысаналы бөлінуін жыл сайын қамтамасыз етеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап жаңа редакцияда

  • Показать изменения

18-бап. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар

салдарынан туындаған, иондаушы сәулеленудің әсерімен

байланысты аурулардың себепті байланысын анықтау

  • Показать изменения

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан туындаған, иондаушы сәулеленудің әсерімен байланысты аурулардың себепті байланысын анықтау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-тарау. Азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз

етудің экономикалық негіздері және лауазымды адамдардың жауапкершілігі

 

ҚР 1999.07.04. № 374-I Заңымен 19-бап жаңа редакцияда; 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

19-бап. Азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Азаматтарды осы Заңда көзделген әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар:

республикалық және жергілікті бюджеттердің;

кәсіпорындардың қаражаты;

қайырмалдықтардың, қайырымдылық көмектің, сондай-ақ халықаралық қорлардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.

  • Показать изменения

Халықты медициналық сауықтыру және аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту осы Заңның талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

20-бап. Осы Заңның бұзылғаны үшiн жауаптылық

Осы Заңның бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік, материалдық, әкiмшiлiк, қылмыстық жауапқа тартылады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-тарау. Халықаралық шарттар

 

21-бап. Халықаралық шарттар

Бұл Заң шетел азаматтарына халықаралық келісімдерге сәйкес қолданылады.

Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының осы Заңда жазылғаннан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Ә. Назарбаев

Содержание
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР2-тарау. ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАРДЫҢ ӘСЕРIНЕ ҰШЫРАҒАН АУМАҚТЫ ТҮР-ТҮРГЕ БӨЛУ3-тарау. СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ПОЛИГОНЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАР САЛДАРЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЗАМАТТАРДЫҢ МӘРТЕБЕСI4-тарау. СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ПОЛИГОНЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАР САЛДАРЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЗАМАТТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ5-тарау. АУМАҚТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒЫНАН САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ6-тарау. АЗАМАТТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ7-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР