<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 21 МАУСЫМДАҒЫ № 683 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 Қаулысы

(2015.07.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2016 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1381 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

 

  • Показать изменения

«Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1381 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

1. Қоса берiліп отырған Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

 

 

 

Д. Ахметов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 550 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

  • Показать изменения

2004 жылғы 21 маусымдағы

№ 683 қаулысымен

  • Показать изменения

бекiтiлген

 

 

  • Показать изменения

Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару
ережесі

 

  • Показать изменения

Осы Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару тәртiбi мен мерзiмiн айқындайды.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) әлеуметтiк аударымдар - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айырылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер;

  • Показать изменения

2) әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек - есептелген және мерзімінде аударылмаған әлеуметтiк аударымдар сомалары;

  • Показать изменения

3) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесi - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi;

  • Показать изменения

4) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi - төлеушi) - Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам;

  • Показать изменения

5) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрi - Орталық) - өңiрлерде құрылымдық бөлiмшелерi бар, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын;

  • Показать изменения

6) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдер жүргiзетiн заңды тұлға;

  • Показать изменения

7) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам (Ережеге қатысты) - өздерін табыс әкелетін жұмыспен қамтамасыз ететін дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор.

  • Показать изменения

Арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтарына қатысты өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар деп дара кәсiпкерлер - қожалық басшысы, сондай-ақ кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдан бастап шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерi танылады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Әлеуметтік аударымдарды есептеу тәртiбi

 

ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшiн төленетін әлеуметтік аударымдарды есептеу ай сайын жүргiзiледi.

  • Показать изменения

Әлеуметтік аударымдарды есептеу үшiн ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады.

  • Показать изменения

Егер күнтізбелік айда әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданылатын жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып есептеледі, аударылады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Жұмыс берушi үшiн орындаған жұмыстары, көрсеткен қызметтерi үшiн қызметкерге табыс түрiнде төленетiн оның шығыстары әлеуметтiк аударымдардың есептеу объектiсi болып табылады.

  • Показать изменения

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың алған табысы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. Жұмыс берушінің қызметкерге табыс түрінде төлейтін шығыстарын есептеу «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (бұдан әрі - Салық кодексі) көзделген тәртіппен жұмыс берушінің қызметкерлерге табыс түрінде төлейтін шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай үлесін қоса отырып жүргізіледі.

  • Показать изменения

Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегін пайдаланатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың шығыстарына материалдық, әлеуметтiк игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде алынған табысты қоса алғанда, қызметкерге ақшалай немесе заттай нысанда төленетін табыстар жатады.

  • Показать изменения

Арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшiн олардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде бір айдың ішінде алуға тиіс (алынған) табыстарынан тұратын жиынтық табысы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады. Бұл ретте ай сайынғы табыс әлеуметтiк аударымдарды есептеу үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес және ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады.

  • Показать изменения

Арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсіпкерлер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу үшiн қолданылатын табыс мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.12.12. № 1310 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

5. Қорға әлеуметтік аударымдар Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 11), 12), 31) тармақшаларында және 156-бабы 1-тармағының 12), 18), 24), 30), 32) тармақшаларында және 357-бабы 2-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында белгіленген табыстардан төленбейді.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.07.08. № 617 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6. Міндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн Қорға төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимi қолданылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдарының мөлшерi - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының кемінде 5 пайызын құрайды.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Әлеуметтік аударымдарды аудару тәртiбi мен мерзiмi

 

  • Показать изменения

7. Төлеушiлер Қорға әлеуметтiк аударымдарды Орталық арқылы есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктiрмей, олар үшiн әлеуметтік аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн қоса беріп, өздерiнiң банк шоттарынан қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен төлейдi.

  • Показать изменения

Төлеушiлердiң банкке әлеуметтiк аударымдарды қолма-қол ақша нысанында енгiзуi Қазақстан Республикасының ақша төлемі және аударымы туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Төлеушілер құрылымдық бөлiмшелер үшін әлеуметтік аударымдар төлеуді құрылымдық бөлiмшенің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төлейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8. Әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмi әрбiр жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН); тегiн, атын, әкесiнiң атын; туған күнін; әлеуметтік аударым сомасын; әлеуметтiк аударымдар төленетiн кезеңді (жыл, ай, айлар) қамтуы тиiс.

  • Показать изменения

Төлеушілер әлеуметтік аударымдар төленетін кезеңді қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем тапсырмаларында «Төлемнің мақсаты» деген бағанда, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларында форматта көзделген жеке «ААЖЖЖЖ» деген жолда көрсетіледі.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9. Орталық әлеуметтiк аударымдарды есепке алуды олар үшiн әлеуметтік аударымдар жүргiзілетiн мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың ЖСН базасында жүзеге асырады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10. Банктердiң Орталыққа ақшаны аударуы олар үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тiзiмiн қоса беріп, MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Төлеушiнiң банкi әлеуметтiк төлемдердi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары арқылы аударған жағдайда төлеушi банкке қағаз жеткiзгiштегi төлем тапсырмасының төртiншi данасын қосымша ұсынады, оны төлеушiнiң банкi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық) филиалдарына жібередi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11. Төлеушілер берешектi аударуды олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн қоса беріп, MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен кезең (жыл, ай, айлар) үшін жүргізедi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдар сомаларын Орталықтың шотына осы сомалар төлеушiнiң банктік шотынан есептен шығарылған күнi аударады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13. Орталықтың шотына түскен әлеуметтік аударымдар сомалары үш банктік күн iшiнде MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен Қордың шотына аударылады.

  • Показать изменения

Орталық:

  • Показать изменения

1) ЖСН-і жоқ;

2) ЖСН-де тегі, аты және әкесінің аты сәйкес келмеген жағдайда;

  • Показать изменения

3) Орталықтан зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын;

  • Показать изменения

4) әлеуметтік аударымдар сомасы бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен артық төленген, сондай-ақ деректемелерінде қателер бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы бойынша төлеушіге әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүргізеді.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

14. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде мемлекеттік кірістер органдары төлеушіге осы Ереженің 8-тармағына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін мемлекеттік кірістер органына ұсыну туралы хабарлама жібереді.

  • Показать изменения

 Бұл ретте егер әлеуметтік аударымдар бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын жағдайда, хабарлама жіберілмейді.

  • Показать изменения

Хабарлама нысанын бюджетке салықтардың және басқа міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлетті орган белгілейді.

  • Показать изменения

Төлеушілер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

15. Мемлекеттік кірістер органы төлеушілерден міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін алған кезде әлеуметтік төлемдер бойынша қалыптасқан берешекті кейіннен Қорға аудару үшін көрсетілген тізімдерді қоса беріп, төлеушілердің банктік шоттарына инкассолық өкімдер береді.

  • Показать изменения

Төлеушінің банктік шоттарында ұлттық валютадағы ақша болмаған жағдайда, міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада берген инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің банктік шоттарынан шетелдік валютада жүргізіледі.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

16. Осы Ереженің 14-тармағында көзделген хабарламаны берген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеуші міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы төлеушінің банктік шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

  • Показать изменения

Мемлекеттік кірістер органының өкімі бойынша банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлеушілердің банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.

  • Показать изменения

Салық төлеуші касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді алған сәттен бастап кассаға түсетін барлық қолма-қол ақша Қорға аударуға жатады.

  • Показать изменения

Мемлекеттік кірістер органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін төлеуші сөзсіз орындауы тиіс.

  • Показать изменения

Мемлекеттік кірістер органының банктік шоттары және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін осындай өкім шығарған мемлекеттік кірістер органы банктік шоттары және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептері жойылған күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

17. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

18. Төлеушi әлеуметтік аударымдарды Қорға уақтылы төлемегенi үшiн өсiмпұл сомасын төлеу үшiн «төлем мақсаты» деген жолда - «кезең (жыл, ай, айлар) үшiн әлеуметтiк аударымдарды уақтылы төлемегенi үшін өсiмпұл» деп көрсете отырып, банкке төлем тапсырмасын ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

19. Төлеушілер уақтылы төлемеген өсімпұл кезең үшін (жыл, ай, айлар) MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен төленедi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

20. Орталық өсiмпұл сомасы түскен күннен бастап үш банктiк күн iшiнде ақшаны Қордың шотына MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен аударады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

21. Төлеушiнің Қорға артық (қате) аударылған әлеуметтiк аударымдарын және (немесе) уақытында және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомаларын қайтаруды Қор төлеушiнің өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi, егер сома төлеушi банктің кiнәсiнен артық (шоттан екi немесе одан да көп рет алынған) аударылған болса, онда қайтару төлейтін банктiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзіледi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 22-тармақтың 4) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді

  • Показать изменения

22. Қордың шотына:

  • Показать изменения

1) төлеушi немесе төлеушiнiң банкi бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмалары негiзiнде екi немесе одан да көп рет төлеген;

  • Показать изменения

2) MT-102 төлем тапсырмасы форматында, оның тiзiмдік бөлiгiндегi міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың әлеуметтік аударымдар сомаларында қателер жiберiлген:

  • Показать изменения

алушылар қайтаруға тиіс, жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған кiрiске артық есептелген;

  • Показать изменения

Орталықтан зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын қатысушылар үшін артық төленген;

міндетті әлеуметтік аударымдар немесе өсімпұл болып табылмайтын қаражат Қордың шотына қате аударылған;

3) МТ-102 төлем тапсырмасы форматындағы, оның тізімдік бөлігіндегі төлем кезеңінде қате жіберілген;

4) төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;

5) жеке тұлғалар артық (қате) аударған әлеуметтiк аударымдар және (немесе) уақытында және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомалары қайтаруға жатады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

23. Қатысушының табысына салық салуға жатпайтын төлемдердiң жекелеген түрлерінiң қосылуына байланысты артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын төлеушi кейiнгi төлемдердi реттеу жолымен дербес түзейдi.

  • Показать изменения

Әлеуметтік төлемдердi тағайындау кезiнде қатысу өтіліне есепке алынған кезеңге есептелген, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы қайтарылуға жатпайды.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Әлеуметтік аударымдарды қайтару тәртібі

 

  • Показать изменения

24. Қорға аударылған, төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдар және (немесе) уақытында және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомаларын қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

  • Показать изменения

осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша артық (қате) төленген әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлды қайтаруға өтінiштi төлеушi (төлеушінің банкi) Орталықтың құрылымдық (аудандық/қалалық) бөлiмшесiне бередi;

  • Показать изменения

олар үшін әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiнде қате кеткен жағдайда өтiнiшке осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-растама қоса беріледi;

  • Показать изменения

мiндеттi әлеуметтік аударымдар төлеудi қолма-қол ақшамен жүзеге асыратын төлеушiлер анықтама-растамаға әлеуметтiк аударымдарды төлеу туралы төлем құжатының көшiрмесiн қоса бередi;

  • Показать изменения

Орталық үш банктік күн iшiнде әлеуметтiк аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың есептелу фактісiн тексередi, өтiнiш осы төлем бойынша барлық деректемелердiң растамасын қоса беріп, Қорға жiберіледi;

  • Показать изменения

Қор өтiнiштерді өңдегеннен кейiн, MT-100 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен оларды төлеушiге аудару үшiн ақшаны Қорға төлеушінің өтініші түскен күннен бастап Орталықтың банктік шотына жеті банктік күн iшiнде аударуды жүзеге асырады. Қор төлеушiнiң банктiк деректемелерiн, қатысушылардың тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып төлеушілердiң тiзілiмi мен олар бойынша қайтару сомаларын сол күнi Орталыққа жiбередi. Қор себебiн көрсете отырып, қайтаруға жатпайтын сома бойынша бас тарту туралы шешiмдi Орталыққа жiбередi;

  • Показать изменения

Орталық Қор тiзiлiмiнiң негiзiнде MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық есептелген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын үш банктiк күн iшiнде төлеушiге аударады;

  • Показать изменения

төлеушi әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтарудан бас тарту себебi туралы ақпаратты Орталықтың бөлiмшелерi арқылы алады;

  • Показать изменения

Орталық қатысушылардың жеке шоттарынан қайтарылған соманы есептен шығарады;

  • Показать изменения

Орталық артық есептелген соманы қайтарғаннан кейiн шешiмнiң орындалғаны туралы Қорды осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабардар етедi;

  • Показать изменения

Орталық пен Қор арасында айына бiр рет әлеуметтік аударымдарды және өсiмпұлды, сондай-ақ Қордан аударылған қайтарымдарды салыстырып тексеру жүргiзіледi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

25. Төлеушiге қызмет көрсететiн банк электрондық төлем тапсырмаларын ресiмдеу кезінде қате жiберген жағдайда, банк «Ақша төлемі және аударымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жiберілген қателердi түзету жөнiнде шаралар қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

26. Қор келіп түскен және қайтарылған артық төленген әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлды есепке алуды жүргiзедi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен 27-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

27. Төлеуші тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары үшін есептелген әлеуметтік аударымдар бойынша есептер ұсынады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

28. Орталық күн сайын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша, өткен күн үшiн келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл тiзiлiмдерiн ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

29. Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар туралы, оның iшiнде электрондық немесе қағаз жеткізгіштегі қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi.

  • Показать изменения

Төлеушiнiң қызметi тоқтатылған кезде Қорға әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа беріледi.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Әлеуметтiк аударымдарды

  • Показать изменения

есептеу және аудару ережесіне

1-қосымша

 

  • Показать изменения

«Мемлекеттік әлеуметтiк

  • Показать изменения

сақтандыру қоры» акционерлік

  • Показать изменения

қоғамының басшысы

  • Показать изменения

____________________________

 

 

  • Показать изменения

Өтiнiш

 

  • Показать изменения

________________________________________________________________________________________________________

  • Показать изменения

(әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлды төлеушiнiң немесе төлеушi банктiң атауы)

  • Показать изменения

«___» _______________ № _________________________ төлем тапсырмасымен

  • Показать изменения

_____________________________________________________________________________________________________ атына

  • Показать изменения

(мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың Т.А.Ә., ЖСН көрсетiлсiн)

  • Показать изменения

қате (артық) аударылған әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл

  • Показать изменения

сомасын қайтаруыңызды сұраймын, референс, жалпы сомасы _________________________________________________,

  • Показать изменения

қайтару сомасы _________________________________________________________________________________________

  • Показать изменения

Кейiннен төлемдермен түзету енгізу ________________________________________________________________________

  • Показать изменения

(қайтарым талап етілетін себеп көрсетілсін, мысалы, қызметкер жұмыстан босатылған, банк қате жіберген және т.б.) салдарынан мүмкін емес.

Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз:

  • Показать изменения

______________________________________________________________________________________________________

  • Показать изменения

(кәсiпорынның толық деректерi, барлық банктік деректемелерi көрсетiледi)

  • Показать изменения

Қосымшалар: төлем тапсырмасының көшiрмесi, сомалары мен деректемелерiнде қате жiберілген мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар тiзiмiнің көшiрмесi.

  • Показать изменения

Қажет болған жағдайда: міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметі тоқтатылғанын растайтын жұмыстан босату туралы бұйрықтың немесе құжаттың көшiрмесi, зейнеткерлік жасқа толған адамдар үшін зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі, ішкі істер органдары қызметкерлері, әскери қызметшілер және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар және басқа да адамдар үшін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындау туралы анықтама және зейнетақы куәлігінің көшірмесі, өтініште және төлеушінің қаржылық құжаттарындағы қолтаңбада айырмашылық болған жағдайда - қол қою құқығын беру туралы бұйрықтың көшірмесі.

  • Показать изменения

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам өтініш берген жағдайда - Орталық бөлімшесі куәландырған дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.

 

Қолдары:

 

  • Показать изменения

Басшы

 

  • Показать изменения

Бас бухгалтер

 

  • Показать изменения

M.O.

 

  • Показать изменения

_____________

  • Показать изменения

Ескертпе.

  • Показать изменения

өтініш бланкіде толтырылып, мөртаңбамен расталады (факсимилемен қол қоюға жол берілмейді)

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Әлеуметтiк аударымдарды

  • Показать изменения

есептеу және аудару ережесіне

  • Показать изменения

2-қосымша

 

 

  • Показать изменения

Анықтама-растама

 

 

  • Показать изменения

(әлеуметтік аударымдар төлеушiнiң атауы)

  • Показать изменения

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл төлеген кезде, мынадай төлем тапсырмаларына, олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар тізімдерінде қателіктер жiберілгенiн растайды:

 

  • Показать изменения

Р/с

Төлем тапсырмасының №

Төлем тапсырмасының күні

Төлем тапсырмасының жалпы сомасы

Референс

ЖСН

Т.А.Ә.

Туған күні

Қате аударылған (теңге)

Аударылуға тиісті (теңге)

  • Показать изменения

Кезең (ААЖЖЖЖ)

Сомасы (теңге)

Кезең (ААЖЖЖЖ)

Сомасы (теңге)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

Бірінші басшы

(Т.А.Ә.)

(қолы)

 

Бас бухгалтер

(Т.А.Ә.)

  • Показать изменения

(қолы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мөр орны

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Әлеуметтiк аударымдарды

есептеу және аудару ережесіне

  • Показать изменения

3-қосымша

 

«Мемлекеттік әлеуметтiк

сақтандыру қоры» АҚ басшысы

___________________________

 

  • Показать изменения

«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК мынадай төлеушілер бойынша 20__ жылғы «___» ____________ № ____ өкімге сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-тан түскен қате аударылған міндетті әлеуметтік аударымдар сомаларын қайтару туралы хабардар етеді:

 

  • Показать изменения

Р/с

Төлеушінің атауы

Сомасы

(теңгеде)

Қордың төлем тапсырмасының нөмірі мен күні

Негіз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы: