Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 Қаулысы
(2020.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымы бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2018.11.07. № 420 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкiмдерiне әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әлеуметтiк-экономикалық даму ерекшелiктерiн ескере отырып, жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымын жылына 1 реттен көп емес, мына:
1) қажетті құрылымдық бөлімшелерді құру;
2) осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымымен көзделген құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру, бөлу жолымен өзгерту құқығы берілсін.
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, облыс әкімінің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың құрылымын жылына 1 реттен көп емес, мына:
1) қажетті құрылымдық бөлімшелерді құру;
2) осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымымен көзделген құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру, бөлу жолымен өзгерту құқығы берілсін.
ҚР Үкіметінің 2018.11.07. № 420 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)