<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚОРҒАНЫС ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАНЫСТЫҚ ТА...

 
Оглавление
Перемещение в другую часть документа >>
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы

(2023.28.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2023 ж. 17 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

 

Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 56-ө өкімін қараңыз

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасы

2-тарау. ҚОРҒАНЫС ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАНЫСТЫҚ ТАПСЫРЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

3-бап. Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік реттеу

4-бап. Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өкілеттіктері

6-бап. Уәкілетті органның функциялары

7-бап. Орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы функциялары

8-бап. Уәкілетті ұйымның функциялары

3-тарау. ҚОРҒАНЫСТЫҚ-ӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН

9-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының функциялары

10-бап. Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қызметті мемлекеттік қолдау шаралары

11-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын қаржылық қолдау

12-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын ақпараттық-консультациялық қолдау

13-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының кадр әлеуетін дамытуды қолдау

14-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының сыртқы экономикалық қызметін қолдау

15-бап. Қару-жарақ пен әскери техника айналымының ерекшеліктері

16-бап. Пайдаланылмайтын мүлік айналымының ерекшеліктері

17-бап. Әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы құқықтық реттеу

18-бап. Әскери-техникалық ынтымақтастық салалары мен нысандары

4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАНЫСТЫҚ ТАПСЫРЫС

19-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс, оның құрамы мен мазмұны

20-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру

21-бап. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру ерекшеліктері

22-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт

23-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіздер

24-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау

25-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың функциялары

26-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың функциялары

27-бап. Әскери өкілдіктердің міндеттері мен функциялары

28-бап. Алып тасталды

29-бап. Рекламация

5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

30-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

31-бап. Өтпелі ережелер

32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

 

Осы Заң қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника айналымының жекелеген мәселелерін реттейді.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) әскери мақсаттағы жұмыстар - заттай нәтижесі бар, қорғаныс объектілерін жобалауға, салуға, күрделі жөндеуге, қару-жарақ, әскери, автомобиль және арнайы техниканы, техникалық және арнайы құралдарды, ақпараттық, телекоммуникациялық және геоақпараттық жүйелерді, автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлеуге, өндіруге (құрастыруға), күрделі жөндеуге, жаңғыртуға байланысты қызмет, сондай-ақ ғылыми зерттеулер және мемлекетте қорғанысты, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты өзге де қызмет;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық беруші (бұдан әрі - жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші) - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, талап етілетін сападағы әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауға және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуге мүмкіндіктері бар заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер - заттай нәтижесі жоқ, қару-жараққа, әскери, автомобиль және арнайы техникаға, техникалық және арнайы құралдарға техникалық және регламенттелген техникалық қызмет көрсетуге, оларды техникалық куәландыруға және диагностикалауға, техникалық қолдап отыруға, қызмет көрсетуге және жөндеуге, пайдаланылмайтын мүлікті өткізуге, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюға және қайта өңдеуге байланысты қызмет, сондай-ақ ғылыми зерттеулер және мемлекетте қорғанысты, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты өзге де қызмет;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер) - қару-жарақ, әскери, автомобиль және арнайы техника, техникалық және арнайы құралдар, заттай мүлік және арнайы мүлік, құжаттама, зияткерлік меншік құқығы объектілері, әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) өндіруге, сынауға арналған жабдық, көрсетілген тауарларға (өнімдерге) жиынтықтауыштар және қосалқы бөлшектер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндіруші (бұдан әрі - отандық тауар өндіруші) - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында талап етілетін сападағы әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіру үшін қажетті өндірістік қуаттары бар заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) әскери өкілдіктер - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы орындалған жұмыстардың және әскери мақсаттағы көрсетілген қызметтердің сапасын бақылауды және оларды қабылдап алуды жүзеге асыру үшін меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда орналастырылатын оқшауландырылған құрылымдық бөлімшелері;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) әскери техника - жауынгерлік машиналар, әскери корабльдер (катерлер мен әскери-көмекші кемелер), әскери әуе кемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары жарақтандырылатын корабльдер (катерлер мен басқа да кемелер), әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттары;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) әскери-техникалық көмек (техникалық жәрдем) - шет мемлекетке (шет мемлекеттен, халықаралық ұйымнан) өтеусіз немесе өзге де жеңілдікті негізде қару-жарақты, әскери техника мен әскери мақсаттағы өзге де тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ техникалық қолдау, мамандарды оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну (алу);

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) әскери-техникалық ынтымақтастық - мемлекеттердің әскери ұйымдарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сондай-ақ олардың қорғаныс өнеркәсібін қолдауға және (немесе) дамытуға байланысты халықаралық қатынастар саласындағы қызмет;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) әскери-техникалық ынтымақтастық субъектілері - мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауға және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуге қатысты тиісті қызмет түріне құқығы бар заңды тұлғалар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері - қойылатын талаптар мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында айқындалатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12) жаңғырту - орындау нәтижесінде қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың жекелеген тактикалық-техникалық элементтері олардың негізгі мақсаты бұрынғы күйінде сақтала отырып өзгеретін, оларда қолданылған техникалық құралдардың және жиынтықтаушы бұйымдардың ескірген үлгілерін жаңа, неғұрлым қазіргі заманғы үлгілермен ауыстырумен (немесе жаңа техникалық шешімдер қолданумен) сипатталатын, үлгінің тактикалық-техникалық сипаттамаларын жақсартуға бағытталған жұмыстар кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13) жөндеу - қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың механизмдерінің, жиынтықтаушы бұйымдарының немесе олардың құрамдас бөліктерінің жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру, тоқтап қалу себептерін жою және жұмсалған ресурсын қайта қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14) қару-жарақ - жанды күшке, техникалар мен инфрақұрылым объектілеріне зақым келтіруге, құрылыстарды (бекіністерді) бұзуға арналған әртүрлі қару түрлері, кешендер мен жүйелер, көрсетілген құрамдастарды имитациялайтын құралдар, оқ-дәрілер, сондай-ақ жүйелер, құрылғылар, жеткізгіштер мен аспаптар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы - қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу, монтаждау, баптау, жаңғырту, орнату, пайдалану, сақтау, жөндеу және оларға сервистік қызмет көрсету, беру, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16) қорғаныс өнеркәсібі - жұмыс істеуі қорғаныстық-өнеркәсіптік әлеуетті дамыту мақсатында әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіруді, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауды және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ететін өнеркәсіп саласы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17) қорғаныстық-өнеркәсіптік әлеует - отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін, сондай-ақ шетелдік тапсырыс берушілердің тапсырыстарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға қабілеттілігі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен - қоғамдық қатынастары қорғаныс өнеркәсібі саласында туындайтын, меншік нысандарына қарамастан заңды тұлғалардың жиынтығын қамтитын мемлекеттің әскери ұйымының құрамдас бөлігі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

19) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдары - қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы саласында лицензиялары бар отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

20) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын жаңғырту - қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін жасауды, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауды және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуді қоса алғанда, өндірілетін әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің) номенклатурасын кеңейтуге, өндіру тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар өндірісін техникалық қайта жарақтандыру, оларды тарту және ендіру жөніндегі жұмыстар кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

21) қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер) - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер) ретінде пайдаланылуы не кейіннен бейіні өзгертіліп пайдаланылуы мүмкін өнім мен технологиялар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

22) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс - мемлекетте қорғаныс мұқтаждары, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметі, мемлекеттік материалдық резерв, жұмылдыру, ғарыш қызметі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындауы үшін сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесін (номенклатурасын) бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актісі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

23) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы - мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінімді беретін және тиісті тауарларды (өнімдерді), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алатын орталық атқарушы орган, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган, олардың ведомстволары;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

24) мемлекеттік-қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілерінің және әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерінің тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - меншік нысандарына қарамастан әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындайтын және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсететін, біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалардың тізбесі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

25) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы - мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым және заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26) тармақша өзгертілді

  • Показать изменения

26) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі ғылыми зерттеулер (бұдан әрі - ғылыми зерттеулер) - мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, қару-жарақтың, әскери техниканың, техникалық және арнайы құралдардың жаңа үлгілерін жасау, жарақтандыруда тұрған қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін жаңғырту саласындағы қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулер, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар;

2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

26-1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жұмысы - қару-жарақтың, әскери техниканың, техникалық және арнаулы құралдардың жаңа үлгілерін жасау, қару-жарақ пен әскери техниканың жарақтандыруда тұрған үлгілерін жаңғырту саласындағы қолда бар білімді кеңейту және жаңа білімді алу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты болатын, мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс;

2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 26-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)

26-2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар - қару-жарақ пен әскери техниканы, техникалық және арнаулы құралдарды жасау (жаңғырту) кезінде орындалатын жұмыстар кешені, қару-жарақ пен әскери техниканың, техникалық және арнаулы құралдардың тәжірибелік үлгілеріне арналған конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушымен келісу бойынша пысықтау немесе түзету, оларды дайындау және сынау;

2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 26-13 тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)

26-3) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі тәжірибелік үлгі - мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға арналған тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаларға) осындай үлгінің сәйкестігін сынаулар жүргізу арқылы тексеру, қабылданған техникалық шешімдердің дұрыстығын тексеру, сондай-ақ қарулануға қабылдау және кейіннен сериялап жасауға беру мүмкіндігін айқындау үшін жаңадан әзірленген, пысықталған немесе түзетілген (жаңғырту мақсатында) конструкторлық-технологиялық құжаттама бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау барысында дайындалған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің) үлгісі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

27) мүлікті жою - мемлекет бақылайтын, пайдаланылмайтын мүлікті құртып жіберу, кәдеге жарату, көму жөніндегі қызмет;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

28) мүлікті кəдеге жарату - пайдаланылмайтын мүлікті оның ұрысқа тəн қасиеттерін пайдалануды немесе тікелей мақсаты бойынша қолдануды болғызбайтын жай-күйге келтіру, сондай-ақ оның құрамдастарын кейіннен пайдалану мақсатында бөлшектеу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

29) мүлікті көму - одан əрі пайдалануға жатпайтын пайдаланылмайтын мүлікті зиянды заттардың қоршаған ортаға түсуін болғызбау мақсатында арнайы белгіленген орындарда оқшаулау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

30) мүлікті қайта өңдеу - пайдаланылмайтын мүлікті тауарларды немесе өзге де өнімді өндіруде (дайындауда) одан әрі пайдаланылатын шикізатты немесе оны өзге де материалдарды ала отырып, оны тікелей мақсаты бойынша пайдалануды болғызбайтын жай-күйге келтіру, сондай-ақ онымен жұмыс істеуді жеңілдету, оның көлемін немесе қауіпті қасиеттерін азайту мақсатында қасиеттерін өзгерту;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

31) мүлікті құртып жіберу - пайдаланылмайтын мүлікті толығымен жойып жіберу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

32) оқ-дәрілер - жанды күшке, техникалар мен инфрақұрылым объектілеріне зақым келтіруге, құрылыстарды (бекіністерді) бұзуға тікелей арналған қару-жарақтың құрамдастары, сондай-ақ көрсетілген құрамдастарды имитациялайтын құралдар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

33) пайдаланылмайтын мүлік - қорғаныс объектілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаруланудан шығарылған, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімдері өткен, қолданылмайтын басы артық әскери мүлкі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қаруланудан шығарылған, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімдері өткен, қолданылмайтын басы артық қаруы, әскери техникасы, арнайы құралдары, жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау мүлкі, арнайы мақсаттағы көлік құралдары, арнайы техникалық құралдары, техникалық құралдары;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

34) регламенттелген техникалық қызмет көрсету - қару-жараққа, әскери, автомобиль және арнайы техникаға, техникалық және арнайы құралдарға олардың қызмет ету (пайдалану) мерзімі ішіндегі жұмысқа қабілеттілігін немесе жарамдылығын ұстап тұру үшін пайдалану құжаттамасында белгіленген белгілі бір жол жүруден, атқарымнан немесе интервалдан кейін мерзімдік техникалық қызмет көрсету;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

35) техникалық куәландыру және диагностикалау - қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың техникалық жай-күйін бағалау және оларды одан әрі пайдалану, жөндеу немесе жаңғырту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында жарамсыздықтарды, ақауларды анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 36) тармақша өзгертілді (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

36) техникалық құралдар - қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы қолдануға, оларға қызмет көрсетуге, жөндеуге және оларды сақтауға, оқытуға және тылдық қамтамасыз етуге арналған құралдар, жүйелер, кешендер, құрылғылар, байланыс құралдары, оптикалық және электрондық-оптикалық аспаптар, мемлекеттік құпияларды қорғау, радиоэлектрондық күрес, радиотехникалық және радиоэлектрондық барлау құралдары, сондай-ақ қорғаныс объектілері мен өзге де қорғалатын объектілердің күзетін (байқауды), қорғанысын (диверсияға қарсы қорғанысын) қамтамасыз ететін техникалық күзет құралдары;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

37) техникалық қызмет көрсету - қару-жарақты, әскери, автомобиль және арнайы техниканы, техникалық және арнайы құралдарды мақсаты бойынша пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде жөндеуаралық кезеңдегі олардың техникалық даярлығын ұстап тұру және қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешені, оларды өткізу қажеттілігі олардың техникалық жай-күйімен айқындалады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

38) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

39) уәкілетті ұйым - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды, оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті өткізуді (оның ішінде экспорттауды), құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюды және қайта өңдеуді, пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру жөнінде қызметтер көрсетуді, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы халықаралық көрмелерге қатысуды және оларды Қазақстан Республикасының аумағында ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Қазақтан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. ҚОРҒАНЫС ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАНЫСТЫҚ ТАПСЫРЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

 

3-бап. Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік реттеу

Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік реттеу мыналарды:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) құқықтық реттеуді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыруды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды ұйымдастыруды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) ұлттық қауіпсіздік саласындағы және қорғаныс саласындағы ғылымды дамытуды;


Содержание
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР2-тарау. ҚОРҒАНЫС ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАНЫСТЫҚ ТАПСЫРЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ3-тарау. ҚОРҒАНЫСТЫҚ-ӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАНЫСТЫҚ ТАПСЫРЫС5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР