<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КӘСIПТIК ОДАҚТАР ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ...

 
Оглавление
Перемещение в другую часть документа >>
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының

Заңы

 

  • Показать изменения

Кәсiптiк одақтар туралы

(2020.25.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының кәсiподақтар туралы заңнамасы

3-бап. Осы Заңның адамдардың жекелеген санаттары үшін қолданылу ерекшелiктерi

4-бап. Кәсiподақтар құру бостандығы

5-бап. Кәсiподақтарды құру мен оның қызметі қағидаттары

6-бап. Кәсiподақтардың халықаралық байланыстары

7-бап. Азаматтарды кәсiподақтарға мүше болу белгiсi бойынша кемсiтуге тыйым салу

2-тарау. КӘСIПОДАҚТАРДЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

8-бап. Кәсіподақты құру

9-бап. Кәсіподақ жарғысы

10-бап. Кәсіподақты мемлекеттік тіркеу, қайта ұйымдастыру және тарату

3-тарау. КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ

11-бап. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі

12-бап. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі

13-бап. Салалық кәсіподақ

14-бап. Жергілікті кәсіподақ

15-бап. Бастауыш кәсіподақ ұйымы

4-тарау. КӘСIПОДАҚТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, КЕПIЛДIКТЕРI

16-бап. Кәсiподақтардың құқықтары

17-бап. Кәсiподақтардың міндеттері

18-бап. Кәсiподақ мүшелерiнiң еңбек, әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн қорғау

19-бап. Кәсіподақтардың республикалық, салалық, өңірлік деңгейлерде және ұйым деңгейінде әлеуметтік әріптестікке қатысуы және қабылданған шешімдердің орындалу мониторингі

20-бап. Кәсiподақ мүшелерi құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру

21-бап. Кәсіподақтардың талаптар қоюы, ереуілдерді, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу

22-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласында қызметті жүзеге асыру23-бап. Кәсiподақтардың ақша қорлары

24-бап. Мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын қалыптастыруға кәсiподақтардың қатысуы

25-бап. Кәсiподақтар қызметiнiң кепiлдiктерi

26-бап. Кәсіподақ органдарына сайланған және негізгі жұмысынан босатылмаған адамдарға кепілдіктер

5-тарау. КӘСIПОДАҚ ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ МҮШЕЛІК КӘСIПОДАҚ ЖАРНАЛАРЫ

27-бап. Кәсіподақ органдарының өкiлеттiктерi

28-бап. Кәсiподақ органдарының қызметі үшін материалдық жағдайлар29-бап. Мүшелік кәсiподақ жарналары

6-тарау. КӘСIПОДАҚТАРДЫҢ МЕНШIГI, ОЛАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТI

30-бап. Кәсiподақтардың меншiгi

31-бап. Кәсiподақтардың өндiрiстiк және шаруашылық қызметi

7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

32-бап. Қазақстан Республикасының кәсіподақтар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

  • Показать изменения

33-бап. Алып тасталды

34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

 

 

Осы Заң азаматтардың бірлесу бостандығына, кәсіптік одақтарды құруға, олардың қызметіне, оларды қайта ұйымдастыруға және таратуға конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) аумақтық кәсіподақтар бірлестігі - аудан, қала, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі кәсіподақтар бірлестігі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) әлеуметтік әріптестік - жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған, тең құқықты ынтымақтастыққа негізделген өзара қатынастар жүйесі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) бастауыш кәсіподақ ұйымы - кәсіподақтың тікелей ұйымдағы және осы ұйым қызметкерлері болып табылатын кәсіподақ мүшелерінен тұратын құрылымдық бөлімшесі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) жергілікті кәсіподақ - ортақ еңбек, өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты, бір немесе бірнеше ұйым қызметкерлерінің ерікті бірлестігі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) кәсіподақ мүшесі - кәсіподақтың құрамына кіруге ерікті түрде ниет білдірген және кірген оның жарғысын мойындайтын және сақтайтын, мүшелік кәсіподақ жарналарын төлейтін жеке тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) кәсiптiк одақ (кәсіподақ) - Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек, өндірістік-кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек және әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшін ерiктi түрде құрылатын, тiркелген мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiк;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) кәсіподақ органы - кәсіподақ жарғысына сәйкес құрылған басқарушы орган;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) мүшелік ұйым - кәсіподақтар, қатысушылар ретінде кәсіподақтың, осы Заңда айқындалған тәртіппен әлеуметтік әріптестіктің тиісті деңгейінде олардың бірлестіктерінің құрамына кіретін, олардың жарғыларын мойындайтын және сақтайтын олардың бірлестіктері;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) республикалық кәсіподақтар бірлестігі - облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі салалық кәсіподақтардың, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің бірлестігі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) салалық кәсіподақ - ортақ еңбек, өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты қызметтің (экономикалық қызмет түрлерінің немесе кіші түрлерінің) бір саласы және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің, жергілікті кәсіподақтардың бірлестігі.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Қазақстан Республикасының кәсiподақтар туралы заңнамасы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Қазақстан Республикасының кәсіподақтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Осы Заңның адамдардың жекелеген санаттары үшін қолданылу ерекшелiктерi

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Осы Заңның ережелерi Қазақстан Республикасынан тыс жерде iссапарда жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұратын және жұмыс iстейтiн шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мүшелік кәсiподақ жарналарын төлеуі Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең шарттарда жүргізіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

3. Жұмыс берушілердің өкілдері кез келген деңгейдегі сайланбалы кәсіподақ органдарында бола алмайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Кәсiподақтар құру бостандығы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Кәсiподақтар өз мүшелерiнiң тең құқылығы негiзiнде құрылады. Бiр сала, ұйым шеңберiнде құрылатын кәсiподақтардың саны шектелмейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Барлық кәсiподақтарға тең құқықтық мүмкiндiктер берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Кәсiподақ құруға кедергi келтiруге, оның қызметiне қарсы іс-қимыл жасауға, сол сияқты оның істеріне заңсыз араласуға жол берілмейді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Кәсiподақтарды құру мен оның қызметі қағидаттары

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Кәсiподақтар өндiрiстiк-салалық қағидат бойынша құрылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Кәсiподақтар жарғыларды, құрылымды өз бетінше әзірлейді және бекітеді, қызметтің басым бағыттарын айқындайды, кәсіподақ органдарын құрады, қызметті ұйымдастырады, жиналыстар, конференциялар, съездер және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаған басқа да іс-шаралар өткізеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Кәсіподақтар өз қызметінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардан, саяси партиялардан, жұмыс берушілер мен олардың бірлестіктерінен тәуелсіз болады, олардың бақылауында болмайды және оларға есеп бермейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Кәсіподақтар осы Заңда айқындалған тәртіппен кәсіподақтар бірлестіктерін құра алады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6-бап. Кәсіподақтардың халықаралық байланыстары

  • Показать изменения

Кәсіподақтар жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес еңбекшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтін халықаралық кәсіподақтар бірлестіктеріне кіруге, сондай-ақ ынтымақтастық туралы шарттар, келісімдер жасасуға құқылы.

  • Показать изменения

Кәсіподақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және бірлесіп еңбекшілердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге және жобаларды іске асыруға құқылы.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-бап. Азаматтарды кәсiподақтарға мүше болу белгiсi бойынша кемсiтуге тыйым салу

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Кәсiподақтарға мүше болу азаматтардың Қазақстан Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлетiн еңбек, әлеуметтiк-экономикалық, саяси, жеке құқықтары мен бостандықтарына қандай да бiр шектеу қоюға әкеп соқпайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қызметкердің кәсiподаққа мүше болу, оған кiру немесе одан шығу себебi бойынша жұмысқа қабылдау, жұмыста жоғарылату кезінде кемсітуге, сондай-ақ жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Адамдарды кәсіподаққа кіруден қалыс қалуға, бір кәсіподақтан шығып, басқасына кіруге не өз бетінше кәсіподақты таратуға қорқытып немесе басқа да құқыққа сыйымсыз әрекеттермен мәжбүрлеп оларға ықпал жасауға тыйым салынады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. КӘСIПОДАҚТАРДЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

 

8-бап. Кәсіподақты құру

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Кәсiподақ кемiнде он адамнан тұратын, өздерінің кәсіптік және өндірістік мүдделерінің ортақтығымен байланысты, жарғы бекiтiлетін және кәсіподақ органдары қалыптастырылатын құрылтай съезiн (конференцияны, жиналысты) шақыратын Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Мүшелiкке ие болу және одан айырылу шарттары мен тәртiбi кәсiподақтың жарғысында айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Кәсiподақтың заңды тұлға ретiндегі құқық қабiлеттілігі мемлекеттік тiркелген кезден бастап пайда болады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-бап. Кәсіподақ жарғысы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Кәсіподақтың жарғысында:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) кәсіподақтың атауы, орналасқан жері, қызметінің нысанасы мен мақсаттары;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) жеке тұлғалардың, мүшелік ұйымдардың мүшелігі, кәсіподаққа (оның бірлестігіне) кіру, одан шығу, мүшеліктен айырылу шарттары мен тәртібі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) кәсіподақтың ұйымдық құрылымы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) кәсіподақ органдарын қалыптастыру тәртібі, оның құзыреті және өкілеттіктерінің мерзімдері;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) кәсіподақ органдары есептілігінің және олардың қызметін бақылау тәртібі, мерзімдері;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) кәсіподақтың және оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде әлеуметтік әріптестіктің және өзі мүшелік ұйымы болып табылатын кәсіподақтардың органдары қабылдайтын шешімдерді орындау міндеттілігі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) кәсіподақ мүлкін қалыптастыру көздері, кәсіподақтың мүлікті басқару жөніндегі құқықтары;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) мүшелік кәсіподақ жарналарын төлеу және оларды бөлу тәртібі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) өз мүшелеріне ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы ақпарат беру тәртібі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) кәсіподақ жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11) кәсіподақты қайта ұйымдастыру және тарату, кәсіподақ таратылған жағдайда мүліктің тағдыры туралы шешім қабылдау тәртібі көзделуге тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Жарғыда басқа кәсіподақтардағы мүшелікке қатысты шектеулер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер көзделуі мүмкін.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10-бап. Кәсіподақты мемлекеттік тіркеу, қайта ұйымдастыру және тарату

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Кәсіподақты мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Кәсіподақты мемлекеттiк тiркеу үшін қажеттi құжаттар тiркеушi органға кәсіподақтың құрылтай съезi (конференциясы, жиналысы) өткiзiлген күннен бастап екі айдан кешiктiрiлмей ұсынылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Республикалық, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері, салалық кәсіподақтар тіркелген күнінен бастап бір жыл өткенге дейін өздерін тіркеген органға осы Заңның 11-бабының 3-тармағында, 12-бабының 3-тармағында және 13-бабының 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.рд.қара); 2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды сақтамау республикалық, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің, салалық кәсіподақтың қызметін оларды тіркеген органдар мәліметтері негізінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана жергілікті атқарушы органдарының жүгінуі бойынша «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үш айдан алты айға дейінгі мерзімге сот тәртібі мен тоқтата тұруға алып келеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.рд.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Кәсiподақты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-тарау. КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ

 

11-бап. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі республикалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің, мүшелік ұйымдардың өкілетті өкілі болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Республикалық кәсіподақтар бірлестігін салалық кәсіподақтар және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері коммерциялық емес ұйымның өзге ұйымдық-құқықтық нысанында құрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Республикалық кәсіподақтар бірлестігінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана санының жартысынан астамын қамтитын аумақта мүшелік ұйымдары және (немесе) өкілдіктері (филиалдары) болуға тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

3-1. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысына қатысу үшін республикалық кәсіподақтар бірлестігі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды хабардар етуге тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі кәсіподақтар қызметінің құқықтық кепілдіктерін республикалық деңгейде қамтамасыз етуге, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік, еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау мәселелерінде мүшелік ұйымдардың әрекеттерін үйлестіруге жәрдемдеседі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Республикалық кәсіподақтар бірлестігінің негізгі функциялары:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) өзінің мүшелік ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін білдіру, қорғау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) өзінің мүшелік ұйымдары қызметінің негізгі бағыттарын, стратегиясын әзірлеу және айқындау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдесу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) республикалық жұмыс берушілер бірлестіктерімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен бас келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестіктің тарапы болып әрекет ету, келісім жобасын дайындау және оны жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысына қатысу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) шетелдік, халықаралық кәсіподақтар бірлестіктерімен және еңбекшілердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасау және мүшелік ұйымдардың олармен байланыстар орнатуына жәрдем көрсету;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі өзінің мүшелік ұйымдары үшін кәсіподақтардың үлгілік жарғысын ұсынуға және бекітуге құқылы.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12-бап. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің, мүшелік ұйымдардың өкілетті өкілі болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігін кәсіподақтар және (немесе) олардың бірлестіктері құрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің кемінде екі ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың) аумағында мүшелік ұйымдары және (немесе) өкілдіктері (филиалдары) болуға тиіс.

  • Показать изменения

Аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің тиісті аумақта кемінде екі мүшелік ұйымы болуға тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің республикалық кәсіподақтар бірлестігінің жарғысын сақтау шарттарымен мүшелік ұйым ретінде республикалық кәсіподақтар бірлестігінің құрамына кіруге құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

3-2. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық комиссиялардың жұмысына қатысу үшін аумақтық кәсіподақтар бірлестігі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органын хабардар етуге тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің негізгі функциялары:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) өзінің мүшелік ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін білдіру, қорғау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдесу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) өңірлік жұмыс берушілер бірлестіктерімен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен өңірлік келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестік тарапы болып әрекет ету, келісім жобасын дайындау және оны жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысына қатысу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13-бап. Салалық кәсіподақ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Салалық кәсіподақ салалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің, мүшелік ұйымдардың өкілетті өкілі болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Салалық кәсіподақтың облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана санының жартысынан астамын қамтитын аумақта құрылымдық бөлімшелері және (немесе) мүшелік ұйымдары болуға тиіс.

  • Показать изменения

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлері облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана санының жартысынан астамын қамтитын аумақта құрылымдық бөлімшелері, мүшелік ұйымдары болған кезде салалық кәсіподақ құруға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

2-1. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның жұмысына қатысу үшін салалық кәсіподақ тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органын хабардар етуге тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Салалық кәсіподақтың республикалық кәсіподақтар бірлестігінің жарғысын сақтау шарттарымен мүшелік ұйым ретінде республикалық кәсіподақтар бірлестігінің құрамына кіруге құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Салалық кәсіподақтың негізгі функциялары:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) өз мүшелерінің, мүшелік ұйымдарының еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін білдіру, қорғау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) салалық деңгейде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдесу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) салалық жұмыс берушілер ұйымдарының өкілетті өкілдерімен және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен салалық келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестік тарапы болып әрекет ету, келісім жобасын дайындау және оны жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның жұмысына қатысу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Салалық кәсіподақтың филиалдары мен өкілдіктері салалық кәсіподақтың атынан және оның өкілеттіктері шегінде қызметкерлердiң өңiрлiк деңгейде келіссөздер жүргізу жөніндегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14-бап. Жергілікті кәсіподақ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Жергілікті кәсіподақты ортақ еңбек, өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты, бір немесе бірнеше ұйымның қызметкерлері ерікті түрде құрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері ерікті түрде құратын жергілікті кәсіподақ экономикалық қызметтің бірнеше түрi (кiшi түрлері) ұйымдарының қызметкерлерін біріктіре алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Жергілікті кәсіподақ ұйым (ұйымдар) деңгейіндегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. Жергілікті кәсіподақтың салалық кәсіподақтың және (немесе) аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жарғысын сақтау шарттарымен мүшелік ұйым ретінде олардың құрамына кіруге құқығы бар.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15-бап. Бастауыш кәсіподақ ұйымы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Бастауыш кәсіподақ ұйымы ұйымда құрылады, кемінде үш адамнан тұрады және заңды тұлға құрмай, жергілікті немесе салалық кәсіподақтың құрылымдық бөлімшесі және ұйым деңгейіндегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Бастауыш кәсіподақ ұйымын құру, оның қызметін тоқтату тәртібі, құқықтары мен міндеттері жергілікті немесе салалық кәсіподақ жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы ережеде айқындалады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-тарау. КӘСIПОДАҚТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, КЕПIЛДIКТЕРI

 

16-бап. Кәсiподақтардың құқықтары

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Кәсiподақтардың:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн білдіруге және қорғауға, сондай-ақ мемлекеттiк органдармен өз өкілеттігі шегінде, жұмыс берушілермен, жекеше кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен (қауымдастықтармен, одақтармен), өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда қызметкерлердің өкілдері болуға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қою беруге, медиация жүргізу кезінде, сотта, еңбек төрелігінде немесе төрелікте, мемлекеттік органдарда олардың мүдделерiнде әрекет етуге, оларға өзге де құқықтық көмек көрсетуге;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) мемлекеттiк органдарға кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасайтын, олар қабылдаған нормативтік құқықтық актiлердiң толық немесе iшiнара күшін жою не оларды өзгерту туралы өтiнiш жасауға;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) мемлекеттiк органдардың кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасайтын актiлерiне сотқа шағымдануға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысуға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сәйкес жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге қатысуға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) осы Заңға сәйкес өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерiнің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) келіссөздер жүргізуге, келісімдер және ұжымдық шарттар жасасуға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) ақша қорларын қалыптастыруға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)


Содержание
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР2-тарау. КӘСIПОДАҚТАРДЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ3-тарау. КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ4-тарау. КӘСIПОДАҚТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, КЕПIЛДIКТЕРI
16-бап. Кәсiподақтардың құқықтары17-бап. Кәсiподақтардың міндеттері18-бап. Кәсiподақ мүшелерiнiң еңбек, әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн қорғау19-бап. Кәсіподақтардың республикалық, салалық, өңірлік деңгейлерде және ұйым деңгейінде әлеуметтік әріптестікке қатысуы және қабылданған шешімдердің орындалу мониторингі20-бап. Кәсiподақ мүшелерi құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру21-бап. Кәсіподақтардың талаптар қоюы, ереуілдерді, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу22-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласында қызметті жүзеге асыру23-бап. Кәсiподақтардың ақша қорлары24-бап. Мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын қалыптастыруға кәсiподақтардың қатысуы25-бап. Кәсiподақтар қызметiнiң кепiлдiктерi26-бап. Кәсіподақ органдарына сайланған және негізгі жұмысынан босатылмаған адамдарға кепілдіктер
5-тарау. КӘСIПОДАҚ ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ МҮШЕЛІК КӘСIПОДАҚ ЖАРНАЛАРЫ6-тарау. КӘСIПОДАҚТАРДЫҢ МЕНШIГI, ОЛАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТI7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР