Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 1089 Қаулысы

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

 «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 1089 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

74) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 87-1) тармақшамен толықтырылсын:

«87-1) сапаның экологиялық нормативтерін әзірлеу және қайта қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 102-1), 102-2), 102-3), 102-4) және 102-5) тармақшалармен толықтырылсын:

«102-1) мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, белгіленіп отырған қызмет туралы өтініште қамтылған мәліметтердің негізінде қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды шығарады және осындай қорытындыны белгіленіп отырған қызметтің бастамашысына жіберіп, оның көшірмелерін ресми интернет-ресурста орналастырады;

102-2) ықтимал әсер туралы есептің көшірмесіне жұртшылықтың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

102-3) белгіленіп отырған қызметті іске асыруға жол берілетіні немесе жол берілмейтіні туралы тұжырыммен қоса қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды береді;

102-4) тасымалдағыш зымырандардың бөлінетін бөліктері құлайтын аудандарда қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

102-5) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері жөніндегі қорытынды не қоршаған ортаға әсерге міндетті бағалау жүргізудің қажеті жоқ екені туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне жүргізілген скринингтің нәтижелері туралы қорытынды;»;

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг