Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 1630 бұйрығы

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

 «Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 1630 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасауқа ғидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде № 17459 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

Селекциялық жетістіктердің өтінімдеріне алдын ала сараптама жүргізу қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Өтінім сараптама ұйымының кеңсесі, сараптама ұйымының ресми сайты www.kazpatent.kz (бұдан әрі - сараптама ұйымының сайты) немесе «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы қорғау құжатына құқығы бар тұлғамен (бұдан әрі - өтініш беруші) беріледі.

Заңның 5-бабының 3-тармақшасына сәйкес селекциялық жетiстiкке патент алуға өтiнiм өсiмдiктiң әрбiр сортына, жануарлардың тұқымына ресiмделедi және онда:

1) патент беру туралы өтiнiш (бұдан әрі - өтініш);

2) селекциялық жетiстiк сауалнамасы;

3) iс өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда, сенiмхат болуға тиiс.

Өтінімді беруге белгіленген мөлшердегі ақыны растайтын құжат және оның мөлшерiн азайту үшiн негiздеменi растайтын құжат өтініммен бірге немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде табыс етiлуi мүмкiн. Тиiстi ақы төленген жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауы керек.

Белгiленген мерзiмде ақы төленгенi туралы құжаттар табыс етiлмеген жағдайда өтiнiм берiлмеген деп танылады.

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг