Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
(2018.05.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуі мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2015 жылғы тамыздың 25-і.
№ 73
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 25 тамыздағы
№ 73 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 25 тамыздағы
№ 73 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 21 шілдедегі
№ 118 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі
БОЛЖАМДЫ СХЕМАСЫ
Мазмұны
Кіріспе
1-бөлім. Аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау
2-бөлім. Аумақтық кеңістікте даму бағыттары
3-бөлім. Елді дамытудың болжамды өлшемдері
4-бөлім. Өңірлерді 2020 жылға дейін перспективалық дамыту схемалары
Кіріспе
Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы (бұдан әрі - Болжамды схема) елді дамытудың маңызды құралы болып табылады, өңірлік дамудың түйінді бағыттары бойынша мемлекеттің тәсілдерін айқындайды.