<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.07.07 № 645 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 Қаулысы

(2013.30.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2015 жылғы  22 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  • Показать изменения

1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі бекітілсін.

  • Показать изменения

2. ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 746 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

3. ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 746 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. «Аграрлық секторға несие беру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 137 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 3, 39-құжат) 1, 5-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2011.27.05. № 589 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2006 жылғы 7 шілдедегi

№ 645 қаулысымен

бекітілген

 

 

  • Показать изменения

Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау

  • Показать изменения

ережесі

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Жалпы ережелер

 

  • Показать изменения

1. Осы Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешенді:

  • Показать изменения

1) «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы;

  • Показать изменения

2) «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы;

  • Показать изменения

3) «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы;

  • Показать изменения

4) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы;

  • Показать изменения

5) «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы;

  • Показать изменения

6) «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы;

  • Показать изменения

7) «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамы;

  • Показать изменения

8) «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы» сияқты мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау тәртібін айқындайды.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау

 

  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

  • Показать изменения

1) агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға республикалық бюджет қаражатынан бөлінетін ресурстарға қажеттілікті анықтайды;

  • Показать изменения

2) бюджеттік өтінімді жасайды және республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты алады;

  • Показать изменения

3) республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Холдинг) және «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «ҚазАгроИнновация» АҚ) жарғылық капиталын төлейді, оларға бюджеттік кредиттер ұсынуды ұйымдастырады, мамандандырылған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

4) Холдингті және «ҚазАгроИнновация» АҚ-ны корпоративтік басқаруды жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 425 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

2-1. Агроөнеркәсіптік кешенді «ҚазАгроИнновация» АҚ қатысуымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдау мыналар арқылы жүзеге асырылады:

  • Показать изменения

1) агроөнеркәсіптік кешенде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау;

  • Показать изменения

2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін, оның ішінде перспективалы агротехнологияларды коммерцияландыру және трансферттеу (шеттен алып пайдалану) жолымен енгізу, инновациялық жобаларды қаржыландыруға қатысу, инновациялық инфрақұрылымды дамытуға, агроөнеркәсіптік кешендегі ғылым, инновациялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;

  • Показать изменения

3) білімдерді, оның ішінде ғылыми-практикалық семинарлар өткізу жолымен тарату және беру, консультациялық қызметтер көрсету;

  • Показать изменения

4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің жоғары репродукциялы тұқымдарын, ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды өнімін өндіру және тарату.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 425 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларды Холдингтің құрамына кіретін мамандандырылған ұйымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 425 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. Агроөнеркәсіптік кешенді «ҚазАгроИнновация» АҚ қатысуымен қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291 қаулысымен бекітілген Елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарына, Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырылады және аграрлық саладағы Қазақстан экономикасының жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 425 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы осы Ереженің 2-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын «ҚазАгроИнновация» АҚ қоспағанда, мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы олардың органдарының және лауазымды адамдарының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Мамандандырылған ұйымдар бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді.